Кучербаева Д. К. А. НҰрмановтың «ҚҰланның ажалы» романының КӨркемдік әлемі



бет31/39
Дата14.02.2023
өлшемі160,51 Kb.
#67990
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Қаршығаның көзіндей шегір көзі қазір де жалт –жұлт ойнайды.

  • Батысқа ауған күннің самарқау сәулесіне қызыл мыстай тотыққан жүзін тосып, сығырайып қиырға көз салды.

  • Көктемде тасқын су кернеп кететін арна табаны күзде әбден құрғаған, ара –арасында сиыр тіліндей ұзынша құм қайраңдар мен еспе жалдардан өзге жердің бәрін қалың бытқыл тоғай басып кеткен.

  • Ақ шүберектей қуарып, жүн –жүн сақал арасындағы шүңірейген көзінен үрей ұшқындап жанына жаңа ғана жеткен қайыршыға жиренгендей көз қиығымен бір қарада да қойды, ештеме деген жоқ.

  • Ешкімге қылдай қиянат жасағаным жоқ, адал өмір кештім ғой деймін.

  • Анау көлденең қырды көрдің бе? –деп ол терістікте жолбарыстың жонындай жұп –жұмыр болып жатқан ұзыннан -ұзақ жотаны нұсқады –алдың күні таң құлан иектене соның үстімен көшкен перідей сағымданып бір шоғыр қара өтті.

  • Қазір киіз есігі сырықпен тіреулі, тіссіз ауыздай үңірейіп тұр.

  • Осыларды күткендей шегір көзі найза ұшындай өткірленіп, қарақшыларға тесіле бір –бір қарап өтті.

  • Көктөбет мұның жымиғанын қуанғаны деп ұқса керек, аттың тісіндей ірі тісін ақситып, күлген сыңай байқатты да қарсы жүрді.

  • Орауын жазғанда ішінен папирос қағазындай жұп –жұқа қағаз көрінді. Соның бүктеуін еппен аялай жазып, ол Көктөбетке ұсынды. Түйенің табанындай жалпақ мөрі бар бұл қағазды қарақшылар бастығы айналдыра қарап, содан соң Қақпанға ұсынды [39,59].



    2.–ша, - ше жұрнағының көмегімен;

    1. Милица қзін салып кеткен бе, боқтаған ба, әйтеуір сүзеген бұқаша әлгі екеуіне тұра –тұра ұмтылады.

    2. Қабырғасын себетше талдан өріп, сыртын шыпраша тоқылған айыл қоғамен қаптаған төрт қанат киіз іспетті лашық.

    3.Секілді, сияқты, тәрізді, іспетті сөздерінің көмегімен;

    1. Есікте жүрген санда бар, санатта жоқ көп малшы –жалшы сияқты мұның да ата –анасы қастерлеп қойған аты ұмытылып, қожыр –қожыр бет –аузы, үнемі ұйпа –тұйпа, өзі қазанның тұтқышындай қап –қара болғасын жарым мазақ, жарым шындық Майлық атанғаны да сол кез болса керек.

    2. Бір кесек ет сияқты төменгі ерні салпиып, көзі жыпылықтап үн –түнсіз отырып қалды.

    3. Құлан шалқасынан түсіп, күмбездің бүрілген жеріндегі қазан аузындай тесікке қарап жатыр. Сол тесіктен зерлі Қара мақпал шапанның өңіріне қадалған бұрама күміс түймелер тәрізді жұлдыздар жарқырайды. Әлдебір уақытта аққан жұлдыз жалт, аспанды қиғаштай сызып өтті. Түн мұнарындай ауыр ой Құланды жан –жағынан қамаулап, біресе сонау жұлдыздай жылтыраған үмітке жетелегендей, біресе тұңғиық аспандай түпсіз тереңге батырғандай бұл арадан алыстатып әкетті.

    4. Тебінгідей тесіктен көрінген аспан шыңырау құдық сияқты тереңдей түсіпті.

    5. Қырдан теріп келген ақ жапа күн көзіне қақталып, әбден кеуіп қалған екен, өлтірген ашутас сияқты аппақ күлі төгіліп, лаулай жанады.

    1.Сол жүлге сарғайып піскен жалпақ қоғаны жарып өтіп, арғы бетте сатырлаған нардай қамысқа сіңіп кетеді.
    2. Қиялай түскен күннің жалқын сәулесі ашық айдындағы су бетін қорытқан күмістей жарқыратады.
    3.Су жағасындағы шым тіпті тың екен, шөбі киіздей ұйысып жатыр.
    4.Кішкене шегір көзінің қарашығы көк сүңгінің ұшындай өткірленіп алған, еті қашқан жақ сүйегі шодырайып, ұрт еті бұлт –бұлт ойнайды, бар бет терісі көзінің айналасына жиналғандай қатпар –қатпар.
    5.Иесінің осы белгісімен боз шылбырды созып, тұныққа ұмтылды да мөлдір суды сүзіп іше бастады, мойнын иіп, саптаяқтай төменгі ернінен суды тамшылата, оқта –текте басын көтеріп, пышақпен жонғандай жұп –жұмыр құлағын қайшылап сәл тұрады.
    6.Қозғалысы да қамыс басын сыбдыр еткізбейтін жолбарыстың жүрісіндей , табанымен сырғи басып, ұрланып кетеді [40,60].
    7.Сол –ақ екен көңіліндегі беймәлім үрей де жел үрген тұмандай сейіліп жүре берді.
    8. Саусақтары қарғанының тұяғындай.
    9.Енді қараса сол көз шағар жыландай уытты зәр жиып, ішіп –жеп тесіп барады екен.
    10.Құланның сілеусіннің көзіндей өткір көзі қайыршының көзіне қадалып, әр қимылын, қалт еткізбей бағып тұр.
    11. Ананың көзінде манағы жалыныш, таяқ жеген иттің көзіндегідей бір нышан бар.
    12.Аш бөрідей қаңғып жүргенде олай –бұлайға ұшырап кетсең.
    13.Бұл тал арасынан шыға келгенде ұзын бел боз иесін танып, танадай көзін бір төңкерді де оқыранып қоя берді.
    14.Табақтай жап –жалпақ бетінде сау –тамтық жоқ, саздауыт жердің мал басқан шоқалағындай шұңқыр –шұңқыр.
    15.Есікте жүрген санда бар, санатта жоқ көп малшы –жалшы сияқты мұның да ата –анасы қастерлеп қойған аты ұмытылып, қожыр –қожыр бет –аузы, үнемі ұйпа –тұйпа, өзі қазанның тұтқышындай қап –қара болғасын жарым мазақ, жарым шындық Майлық атанғаны да сол кез болса керек.
    16.Құлан ол кезде соқталғай жігіт.
    17. Маңдайы білеудей боп қыртыстанған, ұрты ішінен кетіп, бет сүйегі шодырайып шығып кеткен.
    18.Бір кесек ет сияқты төменгі ерні салпиып, көзі жыпылықтап үн –түнсіз отырып қалды.
    19.Жаңағы әзірде айнымалы от жарығында оба басындағы түздің қара бүркітіндей қомақталып отырған ол енді бір түрлі кішірейіп шөгіп кеткен тәрізді.
    20.Сарғайып таттанған қасқырдың тісіндей өткір азуға боркемік сүйекті салып жіберіп, күтір –күтір шайнайды.
    21. Құлан шалқасынан түсіп, күмбездің бүрілген жеріндегі қазан аузындай тесікке қарап жатыр. Сол тесіктен зерлі Қара мақпал шапанның өңіріне қадалған бұрама күміс түймелер тәрізді жұлдыздар жарқырайды. Әлдебір уақытта аққан жұлдыз жалт, аспанды қиғаштай сызып өтті. Түн мұнарындай ауыр ой Құланды жан –жағынан қамаулап, біресе сонау жұлдыздай жылтыраған үмітке жетелегендей, біресе тұңғиық аспандай түпсіз тереңге батырғандай бұл арадан алыстатып әкетті.
    21Тебінгідей тесіктен көрінген аспан шыңырау құдық сияқты тереңдей түсіпті.
    22.Бұл аттарды алып келгенде әкесі бармақ басындай ғып кескен қорғасынды балғамен ұрып жұмырлап, екі табаның арасына салып, шықырлатып домалақтап отыр екен.
    23.Киік үйір –үйір болып бөлініпті, бес –он ешкімнің ортасына мүйізі қарағайдай бір –бір теке, бір үйірден бір үйірді айналшықтап жосып жүрген жас текелер жолап кетсе болды, мүйізін ала жүгіріп, қуып тастайды.
    24.Танауы шелектей болып делдиіп, көзі ежірейген текенің оның соңынан қуып бергенін Құлан анық көріп жатыр.
    25.Бет –аузын жауып кеткен жіп –жирен қауғадайсақал –мұрт болмаса, жас шамасы қырықтардың о жақ, бұ жағында сияқты. Тек ақ сабан түсті қас –қабағы, кірпіксіз көзі жігіт шырайына бір түрлі репетсіз өң беріп тұр. Сол оңған сабан қабақтың астынан бейтаныстың тұздай көзі тағы да үріккен бе, сезіктенген бе, белгісіз бір рай байқатып, жер шұқылап кетті.
    26.Қарны аш бөрідей шулаған Құлан жұтынып қояды.
    27.Қырдан теріп келген ақ жапа күн көзіне қақталып, әбден кеуіп қалған екен, өлтірген ашутас сияқты аппақ күлі төгіліп, лаулай жанады.
    28. Сағыммен көтеріліп мұнарланған көк жасыл кілемдей дөң төсіп таспадай тілген қара жолды бойлай келеді [41,61].
    29.–Ал Серкештің көп ертегісінің бірі басталды, -деді қара қасқа аузы жаялықтай болып күліп.
    30.–Милица дегенің қазір сексеуілдің шоғындай күйдіріп тұр ғой.
    31.Жанжалдың түрі тым ұлғайып кеткендей сезілген кезде мерген екі көзі алақандай болып, айналасына алақтай берген қарақасқаға иек қақты.
    32.Милица қзін салып кеткен бе, боқтаған ба, әйтеуір сүзеген бұқаша әлгі екеуіне тұра –тұра ұмтылады.
    33.Кәріне мінген мерген осыны айтып, жауар бұлттай түйіліп отырып қалды. Туған әкелеріңдей кәдірлейтін Құлан сөзі намыстарын қоздырып, екеуі де еңгезердей атпал азамат Ерман, Жарман қорбаңдап орындарынан тұрып, күржиіп шығып кетті.
    34.Томар басын жерден жұлып алып, мергенге тесіле қарады. Ойыны ма, шыны ма дегендей. Бірақ лашынның көзіндей жылтылдап от шашып тұратын мерген назарына шыдамай жүзін төмен салды.
    35.Мен сонау айдаһардай ысқырып келген патша әскерінен де, әбжыландай жалмаған ақтың солдатынан да қашып көрген жан емеспін.
    36.Бетінің бір бұлшық еті дір еткен жоқ, тек тағының көзіндей кішірек көзінде қызылды –жасылды ұшқын ойнап, жалт –жұлт етеді.
    37. Жер –дүниені қызғылт шұғылысына малып, мыстай балқыған ай жоғарылай түсті. Айдың айнымалы нұрында жайпақ төбешіктер зорайып, жаман ши, тобылғы шоғырының өзі үй орнындай болып көрінеді.
    38.Қарны қабақтай полк командирінен бастап, урядниктерге дейін түгел екі –үш күн бойы қолды –аяққа тұрмай жүгірумен болды.
    39.Суы тартылып, қалың тал басқан өзен табанынан өтіп, жолаушылар ауылдың өкпе тұсынан шыға келгенде, қыз емшегіндей дөңгеленгедан қос төбенің арасына ұрлана қонған екі –үш киіз үй көрінеді.
    40.Бес –ондап әздеп әйтпесе адасып барған ақтың жазагерлері әдетте ол жақтан суға батқан тастай әз –тұзсыз кететін.
    41.–Кәрі адамның ұйқысы тауықтың ұйқысындай емес пе, шығарым.
    42.Қаршығаның көзіндей шегір көзі қазір де жалт –жұлт ойнайды.
    43.Батысқа ауған күннің самарқау сәулесіне қызыл мыстай тотыққан жүзін тосып, сығырайып қиырға көз салды.
    44.Көктемде тасқын су кернеп кететін арна табаны күзде әбден құрғаған, ара –арасында сиыр тіліндей ұзынша құм қайраңдар мен еспе жалдардан өзге жердің бәрін қалың бытқыл тоғай басып кеткен.
    45.Ақ шүберектей қуарып, жүн –жүн сақал арасындағы шүңірейген көзінен үрей ұшқындап жанына жаңа ғана жеткен қайыршыға жиренгендей көз қиығымен бір қарада да қойды, ештеме деген жоқ.
    46.Ешкімге қылдай қиянат жасағаным жоқ, адал өмір кештім ғой деймін.
    47.Анау көлденең қырды көрдің бе? –деп ол терістікте жолбарыстың жонындай жұп –жұмыр болып жатқан ұзыннан -ұзақ жотаны нұсқады –алдың күні таң құлан иектене соның үстімен көшкен перідей сағымданып бір шоғыр қара өтті.
    48.Қазір киіз есігі сырықпен тіреулі, тіссіз ауыздай үңірейіп тұр.
    49.Осыларды күткендей шегір көзі найза ұшындай өткірленіп, қарақшыларға тесіле бір –бір қарап өтті.
    50.Көктөбет мұның жымиғанын қуанғаны деп ұқса керек, аттың тісіндей ірі тісін ақситып, күлген сыңай байқатты да қарсы жүрді.
    51.Орауын жазғанда ішінен папирос қағазындай жұп –жұқа қағаз көрінді. Соның бүктеуін еппен аялай жазып, ол Көктөбетке ұсынды. Түйенің табанындай жалпақ мөрі бар бұл қағазды қарақшылар бастығы айналдыра қарап, содан соң Қақпанға ұсынды.
    А.Нұрманов «Құланның ажалы» романында 51 теңеу табылып, 51-і қолданысқа түсті.
    Тіл байлығын игеру, сөз қорын молайту бір бар да, сол бай тіл мен мол сөзді әдеби шығармада суреткерлік шеберлікпен қолдану бір бар [42,62].


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет