Кучербаева Д. К. А. НҰрмановтың «ҚҰланның ажалы» романының КӨркемдік әлемі



бет33/39
Дата14.02.2023
өлшемі160,51 Kb.
#67990
түріДиссертация
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Байланысты:
өскен ұлжалғас

Қорытынды: А.Нұрманов «Құланның ажалы» романында 20 –эпитет табылып, 20-сы терілді.
Тілдің қолдану аясының кеңдігін танытатын құбылыстың бірі ғылымда троптар деп аталса, ал оның негізгі бір түрі – метонимия.
Метонимия – әдемі, әсерлі, көркем сөйлеудің тағы бір ұтымды құралы. Кез келген суреткер халықтың бай тілін керегінше пайдаланып өз қажетіне жаратады. Тілдегі дайын, бар үлгілерге сүйене отырып, соларға ұқсас құрылымдар жасайды да, ең қажеттілерін талғап, таңдап, сұрыптап алады. Суреткер метонимияны қолданудағы басты мақсат – ол ойды бейнелі де көркем, әсерлі де тартымды, эмоционалды – экспрессивті бояуын қанық етіп жеткізеді.
Сөздердің дағдылы мағынасынан ауытқып, әдеттегіден тыс, ауыса қолданумен байланысты ‟метонимия” және ‟метонимиялық” терминдер ежелгі Греция мен Рим заманындағы зерттеу еңбектерінен белгілі.
Қазақ ғалымдары А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев, І.Кеңесбаев, Ә.Қайдаров, Р.Сыздықова, Ғ.Мұсабаев, К.Аханов, А.Ысқақов, Ә.Қасенов, З.Қабдолов, Т.Қоңыров, Р.Барлыбаев, Б.Хасанов, Л.Нұржекеева және тағы басқалары метонимия мәселесіне арнайы, екінші өзінің зерттеу объектісінің қатысына қарай тоқталып, оның жеке ғылыми – лингвистикалық объект есебінде танылуына өз үлестерін қосты. Қазақ тіл білімінде метонимияға берілген анықтамалар бірізді емес. Ең алғаш рет қазақ халқының ірі ғалым – лингвисі, әдебиет зерттеушісі, түрколог А.Байтұрсынов метонимияның әдеби шығармалар үшін айрықша мәні бар екендігін атап көрсете келіп, былай түсіндіреді: ‟Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін айту, ондай ауысу алмастыру деп аталады” және ойы дәлелді болу үшін бірнеше мысалдар келтіреді. І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаевтың анықтауынша, ‟Бір сөздің орнына екінші бір сөздің ауыс қолданылуынан шығатын іргелес ұғым метонимия деп аталады”. Академик З.Қабдоловтың тілімен айтсақ метонимия ‟өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың, өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану”. Ал, Қ.Жұмалиев былай деп анықтама береді: ‟Не құбылыстың бір жағы, не аттары алынып, өз мағынасында емес, екінші мағынада араларындағы жақындығымен бірінің орнына екіншісі алмастырылып қолданылса және сол құбылысты түгел көрсете алса метонимия дейді”.
Метонимия жеке ақын – жазушылардың шығармасы бойынша ғана емес, жалпы тілдік категория ретінде де қарастырылады.
Метонимияның лексикалық – семантикалық ерекшеліктерін, құрылымы мен жасалу жолдарын, стильдік ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген ғалым Л.Нұржекеева өзінің ‟Метонимияның лингвистикалық табиғаты” еңбегінде мынадай анықтама береді: ‟Мәндік, мекендік, мезгілдік, түр – түстік жағынан бір – біріне бүтіндей немесе бөлшектей жақындығы бар екі заттың, я құбылыстың бөлшегі орнына бүтінін алмастырып айтуды метонимия дейміз”.
Ауыстыру мағынасында қолданылатын тәсілдің бірі – метонимия. Метафора екі нәрсенің арасында ұқсастығы ғана болып ауыстырылса, метонимияда екі нәрсенің арасында белгілі бір байланысы болады, сондықтан біріншісінің орнына екінші нәрсені алмастырып айтады. Тіл табиғатына тереңірек үңіліп, зерделейтін болсақ метонимияның қолданылу мен жұмсалу аясы кең екендігі белгілі.
Метонимия – әдемі, әсерлі, сонымен бірге ол, көркем сөйлеудің де тағы бір құралы. Кез келген суреткер халықтың бай тілін өз шығармашылығында керегінше пайдалануға тырысады. Өмірдегі іс – әрекет, не әртүрлі бір – бірімен байланысты өмір құбылыстары көп болуы мүмкін. Сондықтан олардың барлығын түріне қарап жіктеу мүмкін емес.
Жалпы, метонимия тілімізге, жаңа сөз қоспайды, бұрыннан бар, қолданыста жүрген сөзге жаңа мағына беріп, оның мағыналық аясын кеңейтеді [44,56].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет