Куәлік №956-Ж. Журнал жылына 4 рет жарыққа шығады иб №11114



Pdf көрінісі
бет106/124
Дата19.04.2022
өлшемі5,97 Mb.
#31544
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   124
Ключевые слова: технико-тактическая подготовка, казах-курес, учебно-тренировочный 

процесс, соревновательная деятельность.



Кіріспе

Палуандарды 

жетілдіру 

дайындығына 

арналған  жаттықтыру  үрдісін  құру  барысын-

да,  ең  алдымен,  спортшының  жарыс  қыз-

меттеріне деген талаптары есепке алыну қажет. 

Шеберлік  деңгейін  сипаттайтын  маңызды 

көрсеткіштердің  бірі  палуанның  техникалық-

тактикалық  дайындығы  болып  табылады.  Ба-

ғыт талған  жетілдіру  барысында  басым  бағыт-

ты  дайындықтың  әр  кезеңінде  спорттық 

нәти желерге ең үлкен басымдылық беретін тех-

ника мен тактикалардың жақтарын алу қажет. 

Қазақ күресі палуандарының дайындық дең-

гейінің өсуіне орай, жарыс белдесуін жүргізудің 

жеке  дара  стилінің  қалыптасуы  аса  маңызға 

ие.  Аталған  жарыс  белдесуін  жүргізудің  жеке 

дара  стилін  анықтауда  келесі  ұйғарымдарды 

басшылыққа алу қажет: 

–  палуанның  организмінің  морфологиялық 

ерекшеліктерін;

–  антропометрикалық көрсеткіштерін;

–  организмнің физикалық жағдайын;

–  физикалық  қабілеттерінің  даму  деңгейіне 

(жылдамдығына, ептілігіне, иілгіштігіне, күшіне 

және шыдамдылығына);

–  функционалдық жүйелер жағдайына (дем 

алу, жүрек тамыр жүйесі, ОЖЖ);

–  жүйке жүйесі қасиеттеріне;

–  спортшының жеке қабілеттеріне;

–  техникалық-тактикалық  дайындық  дең-

гейіне.

Техникалық  әрекеттерді  жетілдіру  әдісте-

месін  таңдау  үшін  тәсілді  орындаудың  негізгі 

элементтерін,  яғни,  оның  маңызды  фазаларын 

анықтау  керек.  Қазақ  күресінің  талаптарын  ес-

кере отырып, қазақ күресінің жарыс жекпе-жегі 

шарттарында  техникалық  әрекеттерді  орын-

даудың негізгі фазалары болып табылатындар:

– тәсілді орындау үшін қолайлы шабуыл;

– тепе-теңдіктен шығару бағыты;

– тәсілге кірудің бағыты мен жылдамдығы;

– тәсілдің қорытынды фазасын орындау ерек-

шеліктері (қарсыласын тірегінен айыру) [1,  2].

Техникалық әрекеттерді жетілдіру бағдар-

ла  маларын  жасау  барысында  палуанның 

дайындық  жұмысына  әсер  ететін  тиімді  әдіс-

темелік  тәсіл дерді  жасау  қиыншылық  туды-

ратын  палуанның  спорттық  қызметінің  ерек-

шеліктеріне назар аудару керек. Аса маңызды 

факторлар қатарына келесі ерекшеліктер кел-

тірілген: 

–  белдесу  күрделі  әсер  ететін  жағдайда 

өтеді  (шаршау,  қарсыластың  қарсы  әрекеттері, 

психологиялық қысым, көрермендердің әрекеті, 

кейде объективті емес төрелік, т.б.);

–  белдесу  кезіндегі  жылдам  өзгеретін 

жағдайлар;

–  белдесу  барысында  болған  өзгерістерге 

уақыт тың адекватты әсер ету қажеттілігі;

–  қарсыластын  әрқашан  болжамсыз  әре-

кеттері;

–  жарыс  белдесуіне  организмнің  толықтай 

жұмылуы  (тыныс,  жүрек-тамыр,  тiрек-қимыл 

аппарат, ОЖЖ) кезінде мүмкіндік беретін мак-

сималды темпте өткізіп отыру қажеттігі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет