Куәлік №956-Ж. Журнал жылына 4 рет жарыққа шығады иб №11114



Pdf көрінісі
бет71/124
Дата19.04.2022
өлшемі5,97 Mb.
#31544
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   124
Тaлқылaу

Жоба  қатысушылары  2016  жылы  сәуір  ай-

ында Линц (Австрия) қаласына барған ғылыми-



ISSN 2520-2634                                          Journal of  Educational  Sciences. №2 (51). 2017

57

Жайтапова А. және т.б.



зерттеу  іссапарының  шеңберінде  Педагогика-

лық  университетке,  ауылдық  мектептерге 

барды, қазіргі білім мәселелері бойынша өткен 

ғылыми-практикалық семинарға қатысты, ауыл-

дық мектептердегі австрия мұғалімдерінің тәжі-

рибесімен,  сондай-ақ  педагог  мамандарды  да-

ярлау  және  біліктілігін  арттыру  мәселелерімен 

танысты.


Линц  қаласындағы  Педагогикалық  универ-

ситет  Орталық  Австриядағы  инфраструктура-

сы  дамыған,  ғылыми  алаңдар  мен  студенттік 

кампустары/жатақхана  бар  алдыңғы  қатардағы 

жоғары оқу орны болып табылады. Университет 

құрылымы  педагогикалық  институт,  Австрия 

мұғалімдерінің  біліктілігін  арттыру  институты, 

ғылыми  лаборатория,  педагогикалық  колледж-

ден тұрады.

Қазіргі  материалды-техникалық  база,  жо-

ғары  деңгейдегі  зерттеу  ортасы,  инновацияға, 

халықаралық  ынтымақтастыққа  ашықтығы, 

көп  тілділік,  халықаралық  бағдарламаларға 

қатысу,  Европа  жоғары  оқу  орындарында 

дәріс  оқу  аталмыш  оқу  орнының  рейтингісінің 

жоғары  екендігін  дәлелдейді.  Университеттің 

профес сорлары  мен  оқытушылары  құрамымен 

жұмыс  жүрді:  вице-ректор  Альфред  Кламфер 

және  халықаралық  Erasmus,  Erasmus+  бағдар-

ламасын  алғашқылардың  бірі  болып  енгізген 

университеттің құрметті ректоры Ханс Шахл.

Профессор  Ханс  Шахлмен  Хальштат  және  

Цельампеттенфирет елді мекендеріндегі Жо ғар-

ғы Австрия базалық шағын ауылдық мектепте-

ріне  сапарлар  ұйымдастырылды.  Көптеген  Ев-

ропа елдеріндегідей Австрияда бастауыш шағын 

жинақталған  мектептер  басым,  орта  звеноға 

көшкенде оқушыларды орталық аудандық мек-

тептерге көлікпен тасу ұйымдастырылады.

Альпі  тауының  етегінде  орналасқан  кіш-

кентай қала Хальштатта екі ғимараттан тұратын 

бастауыш  мектеп  жұмыс  жасайды.  1-2  парал-

лель  сынып  –  жинағы  9  оқушыдан,  3-4  па-

раллель  сынып-жинағы  13  оқушыдан  тұрады. 

Бұл  мектепті  мектеп  басшысы  Рита  Ашауэр 

басқарады,  сондай-ақ  ол  негізгі  мұғалім  бола 

отырып  барлық  әкімшілік-шаруашылық  істерді 

де  жүргізеді.  Бұл  тұрғыдан  алғанда  олардың 

функционалды  міндеттерінің  қазақстандық 

шағын  мектептер  басшыларының  жұмысынан 

айырмашылығы  жоқ.  Мектепте  негізгі  тек  екі 

мұғалім  және  сырттан  келетін  екі  мұғалім  бар. 

Сырттан келетін мұғалімдер өздерінің сағат сан-

дарын жақын орналасқан басқа мектептерде сабақ 

беру  арқылы  толтырады.  Оқыту  біртақырыпты 

сабақтар  бойынша  жүргізіледі,  ішкі  мазмұн  әр 

сынып  үшін  білім  беру  бағдарламасының  әр 

кезеңіне сай толықтырылады.

Оқулық  және  қажетті  әдістемелік  құрал-

дармен  қамтамасыз  ету  ағымдағы  жылдың 

1  ақпанынан  22  сәуірге  дейін  жүреді,  мектеп 

басшысы  Австрия  Білім  Министрлігінің  сай-

тына жаңа оқу жылына сұраныс жібереді. Айта 

кету  керек,  Австрияда  мектепті  оқулықпен 

мемлекет  қамтамасыз  етеді,  бір  балаға  50 

евро  бөлінеді,  ол  оқушы  қажеттілігін  толық 

қамтиды. Оқулықтарды жеткізу оқу жылының 

басына  дейін  уақытында  жүргізіледі.  Австрия 

Білім  Министрлігінің  сайтында  оқулықтар 

тізімі  толық  жарияланады,  сол  арқылы  қажет 

оқулықты  не  баспаны  таңдауға  мүмкіндік 

беріледі.  Оқу  процесі  семестрмен  жүреді,  оқу 

жылы 12 қыркүйектен басталады да, 8 шілдеде 

аяқталады.  Бірінші  семестр  бескүндік  оқу  ап-

тасы  бойынша  12  қыркүйектен  12  ақпанға 

дейін,  екіншісі  –  16  ақпаннан  8  шілдеге  дейін 

созылады. 

Негізгі  орта  білім  беру  мектебі  10-15  км 

қашықтықта  орналасқан,  ол  жерге  балаларды 

мектеп  автобусы  жеткізіп  отырады.  Профильді 

білім  беру  екі  әдіспен  жүреді  –  лицей  сынып-

тарына  түсу  немесе  профильді  колледжде  оқу. 

Бұндай  профильді  колледждер  мен  мектеп-

терде  студенттер  тұратын  интернаттар  жұмыс 

жасайды. 

Басқару және бағдарлау жұмыстарын жүргізу 

мақсатында  әр  мектептің  өзінің  инспекторы 

бар,  ол  мектеп  басшыларының  жиналыстарын 

өткізеді,  сабақтарға  қатысып,  елді  мекендерге 

барады,  яғни  бақылау-әкімшілік  функциясын 

атқарады.  Айта  кету  керек,  барлық  ауылдық 

мектептер  инклюзивті  оқытуға  қажетті  аспап-

тармен, құралдармен жабдықталған, мүмкіндігі 

шектеулі  адамдарға  арналған  арнайы  бөлмелер 

бар.

Цельампеттенфирет  қаласындағы  екінші 



мектепке  баруымыз  жергілікті  инспектор,  док-

тор  Хайдемарие  Блаймшайн  басшылығымен 

жүзеге асты. Мектеп басшысы Андреа Рознер.

Мектепте  40  оқушы  оқиды:  1  сынып  – 

7  оқушы,  2  сынып  –  16  оқушы,  3  сынып  – 

8  оқушы, 4 сынып – 10 оқушы. Оқыту сынып-ком-

плект жүйесінде жүреді, 1/2 және 3/4, барлығы 

4  мұғалім, оның екеуі тұрақты мұғалімдер және 

екеуі  сырттан  келеді.  Оқушылар  мектепте  күні 

бойы  болады,  31  адам  түстен  кейін  қосымша 

сабақтар  жүргізілуіне  мұқтаж.  Балалар  мек-

тепте  сағат  16-00  дейін  қалады.  Оқушылардың 

тамақтануына ақыны аймақтың әкімдігі төлейді, 

бір  балаға  күніне  орташа  алғанда  10-20  евро 




ҚазҰУ Хабаршысы. «Педагогикалық ғылымдар» сериясы. №2 (51). 2017

58

Шағын жинақталған мектепті басқарудағы ұйымдастырудың аспектілері



бөлінеді.  Ата-ана  ешқандай  қосымша  ақы 

төлемейді.

Бұл  мектепте  бастауыш  сынып  мұғалімі 

Сильвия  Хольцманмен  сұхбат  жүргіздік,  осы 

мектептегі  еңбек  өтілі  –  8  жыл,  жалпы  педа-

гогикалық өтілі – 13 жыл. Әрбір мұғалім I, II, III, 

IV – кәсіби деңгейден өтеді және әрбір екі жыл-

да еңбек ақы автоматты түрде өсіп отырады.

Қатысқан  сабақтарға  талдау  жасау,  педа-

гогтармен  сұхбаттасу,  сауал  алу,  пікір  алмасу 

австрия  мектептерінде  оқушылардың  функци-

оналды  сауаттылығына  негізделген  оқытудың 

құзыреттілік тәсілі енгізілгеніне сендіреді.

Ақпараттық көздерді зерттеу шағын жинақ-

талған  мектептер  мәселесі  тек  Қазақстан  мен 

Австрия үшін ғана маңызды емес, бірқатар Ба-

тыс  Европа,  Австралия,  АҚШ,  Канада,  Қытай, 

Жапония, Ресей, Өзбекстан және т.б. елдер үшін 

де маңыздылығын көрсетеді. 

Сол себептен де ШЖМ мәселелерін шешудің 

тиімді  жолдарын  анықтау  кәсіби  басқару 

нәтижесімен,  педагогикалық  менеджмент  тео-

риясы  мен  практикасы  көрсеткіштерімен  көрі-

нетін  бәсекеге  қабілетті  ұлттық  жүйені  қалып-

тастырудың қажетті жағдайы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет