Куәлік №956-Ж. Журнал жылына 4 рет жарыққа шығады иб №11114



Pdf көрінісі
бет68/124
Дата19.04.2022
өлшемі5,97 Mb.
#31544
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   124
1-кесте – Мектепті басқарудың қазіргі әдістерін сыныптау/классификация (Н.Н. Панферова бойынша)

Әдістер тобы

Әдістер

Психологиялық-педагогикалық Иландыру, дара үлгі, қолпаштау/поощрение, сынау және өзіндік сын.

Әлеуметтік-педагогикалық

Перспективалы желілерді көтеру/выдвижение, жұмысшылардың ынтымақтастығын 

ұйымдастыру, біркелкі талап, дәстүр, сыни өзіндік талдау жағдайларын тудыру.

Ұйымдастырушылық-

педагогикалық

Педагогикалық кеңестер, кәсіби қарым-қатынасты ұйымдастыру, еңбек 

ынтымақтастығы, директива

Әлеуметтік-экономикалық

Материалды ынталандыру, шарт, шаруашылық есеп, ұжымдық шарт.

Көрсетілген  әдістерді  қолдану  арқылы 

тиімділікке жетуде ШЖМ ерекшеліктері ерекше 

ықпал етеді, себебі педагог мамандардың шағын 

штатында  менеджер  функциясы  тек  бір  ғана 

орындаушының  қолына  шоғырланған,  мысалы, 

бастауыш ШЖМ меңгерушісі, негізгі және орта 

ШЖМ басшысы.

Бұндай  функционалды  позиция  және  кәсі-

би  маманды  даярлау  сферасында  және  басқа ру 

саласында  педагогикалық  мамандарды  қай та 

даярлау  жүйесінде  білім  менеджері  классифи-

кациясындағы  мамандарды  дайындау  болма-

уы – басқарудың негізгі әдістерін жүзеге асыру 

мүмкіндігін  әлсіретеді.  Иландыру,  дара  үлгі, 

қолпаштау,  сынау  әдістерін  штатта  бір  не  екі 

мұғалім болғанда қолдану мүмкін емес.

Сондай-ақ  кәсіби  қарым-қатынас,  еңбек 

ынты мақтастығы,  материалды  ынталандыру 

және  т.б.  әдістер  де  өз  тиімділігін  жоғалтады. 

Қазақ станда  бұл  бағытта  тек  аймақтық  қана 

емес,  халықаралық  деңгейде  де  алмасатындай 

және тарататындай тәжірибе бар.

Педагогикалық  қызметті  ғылыми-әдісте-

мелік қамтамасыз ету және басқару келесі дерек-

тивалар  арқылы  қамтамасыз  етіледі.  Ең  алды-

мен, бұл XXI ғасырдағы табысты адамға тиесілі 

16  білім  мен  білікті  анықтаған  «Бүкіл  әлемдік 

экономикалық  форум  (ары  қарай  БЭФ).  Ол 



ISSN 2520-2634                                          Journal of  Educational  Sciences. №2 (51). 2017

55

Жайтапова А. және т.б.



біліктер топта жұмыс істеу, жетекшілік сапасы, 

бастамашылдық,  ИТ-құзырлылық,  финанстық-

азаматтық сауаттылық және т.б.»

Қазақстанда  білім  берудің  жаңа  мазмұнын 

енгізу және жүзеге асыру оқушыларға сапалы білім 

алуға бәріне бірдей мүмкіндік беретін әдістер мен 

технологияларлы қолданудан туындаған, мысалы 

Педагогикалық  шеберлік  орталығы,  Назарбаев 

Зияткерлік мектептері, біліктілікті арттыру жүйесі, 

аймақтық  білім  басқармаларындағы  ғылыми-

әдістемелік  орта лықтар  педагог  мамандардың 

кәсіби дамуының тиімді жүйесін жасайды.

Осының  арқасында  ауыл  мұғалімі  белсенді 

кәсіби  –  дара  даму  траекториясын  құрады.  Ол 

туралы  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің 

2015-2017  жылдағы  «ауылдық  ресурстық  орта-

лықтар  мен  ШЖМ  ортақ  ақпараттық-білім 

техно паркіне  интеграциялау  (жоғары  оқу  орны 

база сындағы  тірек  мектебі)»  ғылыми  бағдарла-

масының шеңберінде жүргізілген жобалық зерт-

теу нәтижесі көрсетті.

Біз  мұғалімдер  үшін  «Мектеп  жұмысын 

бағалау. Өз жұмысын бағалау» / Сабило В.В., Ма-

лаховская Т.Н. / сауалнамасын қолдандық. Сау-

алнама 8-9 сыныптарға сабақ беретін магниттік 

мектептер  мен  Ақтөбе  облысы  Мұғалжар 

ауда нының  Аккмер  ресурстық  орталығының 

мұғалімдері  арасында  жүргізілді.  Сұрақтар  екі 

бағытты қамтыды:

1) мұғалім  жұмыс  жасайтын  мектептің 

жұмысын бағалау;

2) мұғалімнің өзінің жұмысын бағалау.

Мектеп жұмысын бағалай отырып мұғалім-

дер мынадай факторларды атап өтті: жалпы мек-

теп жұмысына, әдістемелік бірлестік жұмысына 

(ӘБ),  оқу-тәрбие  жұмысының  нәтижесіне 

(ОТЖ), әкімшілік жұмысына және басқару сти-

ліне қанағаттану.

Аталмыш  диагностика  2016  жылы  оқу  жы-

лының басында жүргізілді, нәтиже ақпараттық-

білім  технопаркін  құруға  қолайлы  алғышарт 

болды.


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет