Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері


Жазатайым оқиғалардың статистикасы және талдау



Pdf көрінісі
бет22/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

7.4.3 Жазатайым оқиғалардың статистикасы және талдау. 
 
1. Н-1 нысанындағы актiмен ресiмделген әрбiр жазатайым оқиға 
жазатайым оқиғалар мен өндiрiстегi өзге де денсаулық жарақаттарын 
тiркеу журналына жазылады (6-қосымша) және өндiрiстегi уақытша 
еңбекке жарамсыздық пен жарақат алу туралы статистикалық есепке 
енгiзiледi, оған жұмыс берушi қолын қояды және белгiленген тәртiппен 
статистика органдарына ұсынады. 
2. Жұмыс берушi Н-1 нысанындағы актiге сәйкес еңбек жөнiндегi 
орталық уәкiлеттi органның аумақтық органына тиiстi мерзiм iшiнде 
ұйымда болған жазатайым оқиғалардың өсу қарқынының үдемелi 
қорытындысын белгiленген нысанға сәйкес мәлiметтер беруге мiндеттi. 
3. Егер жазатайым оқиға салдарынан болған уақытша еңбекке 
жарамсыздық кезеңiнде зардап шегушi қайтыс болса, жұмыс берушi ол 
туралы еңбек меминспекторына хабарлауға және тиiстi кезеңдегi 
статистикалық есепке қажеттi өзгерiстер енгiзуге мiндеттi. 
4. Жұмыс берушiлер жыл сайын жазатайым оқиғалардың 
себептерiне жан-жақты талдаулар жүргiзуге, қажеттi шаралар 
қабылдауға және оның нәтижелерi туралы қызметкерлерге хабарлауға 
мiндеттi. 
5. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар өндiрiстiк 
жарақаттану себептерiн талдайды, жазатайым оқиғалардың алдын алу 
жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiн зерттейдi және қорытындылайды, осы 
негiзде тиiстi ұсынымдар әзiрлейдi және оларды жұмыс берушiлерге
қызметкерлер мен олардың өкiлдерiне дүркiн-дүркiн хабар бередi. 
6. Аймақтар және республика бойынша жазатайым оқиғалар 
туралы статистикалық мәлiметтер жыл сайын жариялануға жатады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


47 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет