121
бойынша бара жатқан жолда, сондай-ақ еңбек міндеттерін орындау
кезінде іссапар уақытында;
3) жұмыс беруші ұсынған көлік құралымен жұмысты орындау
орнына бара жатқанда немесе жұмыстан келе жатқанда;
4) жеке көлік құралын қызмет бабында пайдалану құқығына
жұмыс берушінің жазбаша келісімі болған
кезде өзінің жеке көлік
құралымен;
5) жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша
әрекеттер жасау кезінде;
6) вахталық әдіспен жұмыс істейтіндердің жиналу орнынан
(вахта кезеңінде тұратын жерінен) жұмыс беруші ұсынған көлік
құралымен жұмысқа бара жатқанда немесе келе жатқанда орын алған
болса, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар ретінде есепке
алынады.
3. Тергеп-тексеру барысында
жұмыскерлер денсаулығының
зақымдануы:
1) жұмыскердің функционалдық міндеттеріне кірмейтін және
жұмыс берушінің мүддесімен байланысты емес жұмыстарды немесе
өзге де әрекеттерді зардап шеккен адам өз бастамасы бойынша
орындаған, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде
ауысымаралық демалыс, тынығу мен тамақтануға арналған үзіліс
кезінде орындаған кезде;
2) зардап шеккен адамның алкогольдік масаң күйде болуы, оның
уытқұмарлық және есірткі заттарды (оларға ұқсас заттарды) пайдалану
негізгі себеп болған жағдайда;
3) өз денсаулығына әдейі (қасақана)
зиян келтіру нәтижесінде,
сондай-ақ зардап шеккен адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаған
кезде;
4) медициналық қорытындымен расталған, зардап шеккен адам
денсаулығының өндірістік факторлардың әсерімен байланысты емес
кенеттен нашарлауынан болғаны объективті түрде
анықталса, олар
еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар ретінде есепке
алынуға жатпайды.
4. Кәсіптік аурулар жағдайларын тергеп-тексеруді жұмыс беруші
халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы
саласындағы мемлекеттік органмен бірлесіп жүргізеді.
5. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды
адамдары жұмыскерлердің өндірістік жарақат алуына немесе
денсаулығының еңбек қызметіне байланысты зақымдануына орай
бастапқы жүгінген әрбір жағдай туралы жұмыс берушілерге және еңбек
инспекциясы
жөніндегі жергілікті органға, сондай-ақ кәсіптік қатты
ауру
(улану)
жағдайлары
туралы
халықтың
санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды
екі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.
122
6. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және
өндірістегі кәсіптік ауруларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру және
тіркеу үшін жұмыс беруші жауапты болады.
Достарыңызбен бөлісу: