33
Өндірістік жарақаттарды зақымдану сипатына қарай төмендегідей
жіктеуге болады:
– механикалық (жаралану, кесіп алу,
сынықтар, тіндердің
ажырауы және т. б.)
– термиялық (күн өту, күйік, үсу, т. б.)
– химиялық (химиялық күйіктер, жіті уланулар, т.б,
– электрлік (электрлік күйіктер, электрлік соққылар,
терінің
электрометаллизациялану және т. б.)
– сәулелік (тіндердің зақымдануы, қан айналым жүйесінің
қызметін бұзылуы және т. б.).
Кәсіптік аурулар қызметкердің өз еңбек міндетін орындауы
кезінде оның ағзасына зиянды өндірістік
факторлардың әсер етуінен
туындайды.
Кәсіптік аурулар қызметкердің еңбек ету кезінде зиянды
өндірістік факторлардың оның ағзасына бірте бірте әсер етуі салдарынан
ұзақ уақыт ішінде денсаулығының бұзылуына әкеледі (пневмоколлиозы,
суық тию аурулары, ревматизм, миопия және т. б.).
Кәсіби уланулар өндірістік процестер
кезінде бөлінетін улы
заттардың адам ағзасына әсер ету салдарынан туындайды. Улы
заттардың концентрациясына және агрессивтілігіне байланысты кәсіптік
уланулар тез у әрекетімен бір мезгілде туындауы мүмкін немесе
біртіндеп у адам ағзасында физиологиялық өзгерістертерді тудырып
барып әсер етуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: