32
(шебердің кітапшасына) жазылады, мерзімдер белгіленеді және олардың
сақталуы үшін жауаптылар шеберлерге журналда көрсетілген еңбек
қорғау бойынша кемшіліктерді жоюда көмектеседі, әрбір қайғылы
оқиғаға және еңбекке қабілеттілікті уақытша айырылумен ауруға жұмыс
жиналыстарында осындай жағдайларды келешекте болдыртпау үшін
талқылау жүргізеді.
3. Шебер (ауысым бастығы) еңбек қорғау жөніндегі уәкілетті
инспекторымен бірлесе отырып ауысымның басталуына дейін жұмыс
орындарын тексереді, жабдықтың және инструменттің жөнділігін
тексеріп, қауіпсіздік техникасы ережелерінен ауытқуды анықтайды.
Бірден жойылмайтын кемшіліктер туралы шебер цех, учаске (ауысым)
бастығына баяндайды. Жұмыс күні ішінде шебер технологиялық
тәртіптің сақталуы мен жабдық пен қондырғылардың техникалық
жөнділігін тексереді, тұрақты түрде жұмысшылардың еңбектің қауіпсіз
тәсілдерін орындалуына, сондай-ақ жұмыс барысында жұмысшылардың
арнайы киім мен қорғану құралдарын (каска, қорғану көзілдіріктерінің,
шуға қарсы құлақшындарды және т.с.с) қолдануына қадағалау жүргізеді.
Жұмыс барысында
шебер қауіпсіздіктің
техника
ережелерін
бұзушыларына нұсқаулық жүргізеді, ал еңбектің қауіпсіз тәсілдерін
жүйелі түрде бұзатын адамдарға ішкі еңбек тәртібі ережелерінде және
қауіпсіздік техникасы ережелерінде қарастырылған ықпал ету
шараларын (жазбаша ескертпелер, жазалаулар, төмендеу төленетін
жұмысқа ауыстыру) қолданады. Жазбаша ескертпелерді арнайы
журналдарға (шебер кітапшасына) енгізеді және бұзушылардың
қолхатымен оларды таныстырады. Қайғылы оқиғалардың күн сайынғы
есепке алынуы көрінетін жерде арнайы кестелерде жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: