Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері


-бап. Тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімі



Pdf көрінісі
бет52/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

66-бап. Тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімі 
1. Осы Кодекстің 65-бабының 4-тармағында және Қазақстан 
Республикасының басқа да заңдарында көзделген жағдайларды 
қоспағанда, тәртіптік жаза жұмыскерге тәртіптік теріс қылық 
анықталған кезде тікелей, бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан 
кешіктірілмей қолданылады. 


94 
Осы Кодекстің 176-бабында көзделген жағдайларда тәртіптік 
жазалар ереуілді заңсыз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне 
енген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады. 
2. Тәртіптік жазаны – тәртіптік теріс қылық жасалған күннен 
бастап алты ай өткеннен кейін, ал Қазақстан Республикасының 
заңдарында белгіленген немесе ревизия немесе жұмыс берушінің 
қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша тәртіптік 
теріс қылық анықталған жағдайларда жұмыскер тәртіптік теріс қылық 
жасаған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін қолдануға болмайды. 
Көрсетілген мерзімдерге қылмыстық іс бойынша іс жүргізу уақыты 
кірмейді. 
3. Жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне, мемлекеттік 
немесе қоғамдық міндеттерді орындау үшін жұмыстан босатылуына
демалыста, іссапарда немесе вахтааралық демалыста болуына 
байланысты жұмыста болмаған уақытында тәртіптік жаза қолдану 
мерзімінің барысы тоқтатыла тұрады. 
4. Осы Кодексте көзделген негіздер бойынша еңбек шартын 
бұзуды қоспағанда, тәртіптік жаза қолдану мерзімі ол қолданылған 
күннен бастап алты айдан аспайды. 
5. Жұмыскерге тәртіптік жаза қолданған жұмыс беруші тәртіптік 
жазаны мерзімінен бұрын жұмыс берушінің актісін шығару арқылы 
алып тастауға құқылы. 
6-тарау. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ 
67-бап. Жұмыс уақыты және оның түрлері 
1. Дайындық-қорытынды жұмысы (наряд-тапсырма, материалдар, 
құралдар алу, техникамен, құжаттамамен танысу, жұмыс орнын 
дайындау және жинау, дайын өнімді тапсыру және басқалар) 
уақытының кезеңдері, еңбек технологиясында, еңбекті ұйымдастыруда; 
еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қағидаларында көзделген 
үзілістер; жұмыскер өзінің уақытына еркін иелік ете алмайтын жұмыс 
орнында болу немесе жұмысты күту уақыты; мереке және демалыс 
күндеріндегі кезекшіліктер; үйдегі кезекшілік, сондай-ақ еңбек, 
ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне немесе Қазақстан 
Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес басқа да 
кезеңдер жұмыс уақытына жатады. 
2. Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес 
жұмыс уақыты болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет