Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері


-бап. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы



Pdf көрінісі
бет53/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

68-бап. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы 
1. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан 
аспауға тиіс. 


95 
2. Еңбек шартында жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін 
төленетіндей төлемақымен ұзақтығы азырақ жұмыс уақыты көзделуі 
мүмкін. 
3. Негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы 
бойынша күнделікті жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстің 71-
бабының 4-тармағында белгіленген күнделікті жұмыс ұзақтығының 
нормасынан 4 сағаттан артық аспауға тиіс. 
69-бап. Жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс 
уақытының қысқартылған ұзақтығы 
1. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер үшін: 
1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – 
аптасына 24 сағаттан аспайтын; 
2) он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – 
аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған 
ұзақтығы белгіленеді. 
2. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) 
қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлер үшін өндірістердің
цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, 
еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне 
сәйкес аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының 
қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. 
Осы тармақта белгіленген жұмыс уақытының қысқартылған 
ұзақтығы ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлардағы еңбегі 
өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау 
нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге қолданылады. 
Жұмыс беруші өндірістік объктілерді еңбек жағдайлары 
бойынша, сондай-ақ аттестаттауға жатпайтын жұмыс орындары 
бойынша аттестаттауды өткізбеген жағдайда, жұмыс уақытының 
қысқартылған ұзақтығы өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен 
лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды 
және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес толық көлемде 
беріледі. 
3. Бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлерге 
аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған 
ұзақтығы белгіленеді. 
Бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлердің 
күнделікті жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан 
аспайды. 
4. Жұмыскерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы 
белгіленген кезде олардың еңбегіне ақы төлеу осы Кодекске сәйкес 
жүргізіледі. 


96 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет