Қазақстан – көп ұлтты егеменді, тәуелсіз мемлекет.
Халқының саны 16 миллион 854 мыңнан асады.
Қазақстан республикасы Еуразия
материгінің ортасында
орналасқан. Қазақстанның жер
беті әр алуан. Онда басын мұз
басқан биік таулар да, биітігі
орташа таулы қыраттар да, кең -
байтақ жазықтар мен ойпаттар
да бар.
Қазақстан жері пайдалы
кендерге өте бай, жер
шарында
кездесетін кен байлықтарының бәрі бар. Олар: темір рудасы,
түсті және асыл металдар (мыс, қорғасын, қалайы, күміс,
алтын және басқалары), көмір , мұнай , фосфориттер.