1.Ежелгі Грек мәдениетінің ерекшеліктері. Ежелгі Грек мәдениетінің
дамуының негізгі кезеңдері.
2. Эллинизм дәуірінің көркем мәдениеті.
3. Ежелгі Римнің көркем мәдениеті.
Ежелгі Грек мәдениеті
. Антикалық мәдениет (латын - көне, ежелгі) – ежелгі Грек және Рим
мәдениеттерінің дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі. Антикалық мәдениет, архаикалық Грекиядан бастау алады.
Архаикалық мәдениет ежелгі грек мәдениетінің б.з.д. 7-6 ғғ. қамтитын кезеңін бейнелеуге қатысты қолданылады.
Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарың мекендеген тайпалардың өркениеті ерекше тарихта орын алды. Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы Пелопоннес түбіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп аталынды. Крит-найзағай тәңірі Зевстің туған жері, аңыз бойнша Гректің ең басты құдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы асқан сұлу Еуропаны алады, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туылған. Атақты Геракл жайлы да аңыз осы аралмен байланысты.

Архаикалық грек мәдениеті, ең алдымен мифологиялық сипатта болды
және Гомер есімімен байланысты.
Атақты грек мифтері осы кезде
қалыптасты.
Мифологиялық грек мәдениетінің ең негізгі ерекшелігі – оның
синкреттік тұтастығы (әлі ажырамаған бірлік)
«Гомер кезеңі»
Грекия мәдениетінің келесі кезеңі ұлы Гомердің атымен «Гомер кезеңі» деп аталынады.
Қазба дүниелерден талдау жасағанда Гомерлік кезеңнің IX-XIII ғ. рулық құрылыстың орнына біртіндеп таптық қоғам қалыптаса бастаған. Өмір үшін күрестің яғни күрес бар жерде өлім бар, күрес бар жерде жеңіс бар –деген өмірлік қағидаларға грек философы Протогор былай деген «Адам - бар дүниенің өлшемі». Дегенмен адамнан гөрі құдiретті құдайлар бейнелерінің көптен берілуі – грек мифологиясына тән қасиет болып саналады.
Гомер дәуірінен келіп жеткен - аю өрнектер, құмыралар, қоладан жасалынған құмыралар, мүсіндер жатады. Құмыраны әшекейлер үшін геометриялық стильді қалыптастырды.
Мәдени күштер б.з.д. II ғасырда Римге шоғырлана бастады. Өзінің алдындағы дәуірлердің жетістіктерін бойына сіңіре алған Рим өнері жаңа жоғары сатыға өрледі. Бұл ежелгі мәдениет дамуының соңғы дәуірі болатын. Ежелгі Грекия тәріздес көне Рим де Еуропа тарихында да, әлемдік мәдениетте де шешуші рөл атқарды.