Культурология 1-20 Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну


Мінез туралы түсінік. Мінезді зерттеудің теориялық тәсілдері



бет24/32
Дата17.10.2023
өлшемі224,81 Kb.
#117440
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
Байланысты:
Культурология 1-20 Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну-emirsaba.org

. Мінез туралы түсінік. Мінезді зерттеудің теориялық тәсілдері.

Адамның ісі мен қылығынан кӛрінетін, оның айналасындағыларға қатынасын бейнелейтін кісінің тұрақты және тұрлаулы жеке ӛзгешелігі мінез деп аталады. Мінез туа біткен қасиет емес, ол біртіндеп ӛмір сатысында дамып, қалыптасып отырады. Мінезі мүлде бірдей болып келетін адам болмайды, бірақ ӛмір сүрген ортасына, қоғамына қарай типтік мінезі болады. Күнбе-күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не кӛпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дӛрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ер жүрек не байбаламшыл болып сипатталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моральдық-еріктік қасиеттері жатады. Мінез туыстан пайда болмаса да, нерв жүйесінің, адамның табиғи жағының ерекшелігі мінез кӛріністерінде, оның жекеленген бітімінің қалыптасуында байқалып отырады. Нерв процестерінің тең не тең еместігі, шапшаңдығы не баяулығы, күштілігі мен әлсіздігі - бұлардың бәрі адамның ісәрекетіне, мінез-құлқына, оның реакцияларына түрліше рең береді. Мәселен, екі адамның наным-сенімі бірдей болғанмен, оның бірі - қызба, шапшаң және албырт, ал екіншісі - байсалды, парасатты болуы ықтимал. Нерв жүйесінің типінен басқа мінезге организмнің басқа да ерекшеліктері: жүрек, қан тамырлары, ас қорыту, эндокрин жүйелері де әсер етеді. Осы айтылған жүйелер қызметінін бұзылуы адам мінезінің күрт ӛзгеруіне әсер етеді. Мінез сапаларының бірі - оның бірқалыптылығы мен байсалдылығы. Мұндай адамдар қарым-қатынаста ұстамды және құйындай ұйтқып тұрмайды. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын бітістері. Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның ӛзінің белгілі кӛзқарасы, принципі, ӛзіндік мінез-құлқы болады, ол қауіпқатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық кӛрсете біледі. Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде кӛрінетін адам ұстамдылығының мӛлшері жатады






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет