Культурология 1-20 Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну


Тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктері туралы түсінік. Мотивтердің түрлері



бет26/32
Дата17.10.2023
өлшемі224,81 Kb.
#117440
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
Байланысты:
Культурология 1-20 Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну-emirsaba.org

Тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктері туралы түсінік. Мотивтердің түрлері.

Мотив латын тілінен қозғаушы, итермелеуші дегенді білдіреді. Ол адамды белгілі бір іс-әрекетке бастайтын ішкі субъективті себеп, оның қажеттіліктері мен мүдделерін білдіруге бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет. Ынта, мақсат ұғымдарымен үндес. Мотивт жүзеге асыру тұлғалық әрекетке бағыт береді. Табиғи және қоғамдық ортаның талаптары адамның мотивтерін жүзеге асыру кезінде ерік-жігер жұмылдыруды қажет етеді. Мотив адамды айқын әрекеттерге шақырады. Адам өз мотивіне ықпал ете алады. Мотивация ұғымы басқарушылық әрекет мәселесімен тығыз байланысты. Мотивация - бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалынан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұйымның мақсатына жету үрдісі. Қажеттіліктер - бұл, адам ішінде пайда болып және сонда болады, әрбір адамда дара көрінеді.




  1. жағдайлық мотивтер,адам болатын нақты ортаға байланысты;


  2. мақсаттардың мотивтері,қажеттіліктер тақырыбын және соның нәтижесінде жеке тұлғаның ұмтылыстарының бағытын білдіретін жеке тұлғаның қызметімен байланысты;


  3. мақсатқа жетудің құралдары мен тәсілдерін таңдау мотивтері,дайындық дәрежесіне байланысты, берілген шарттарда қойылған мақсаттарды жүзеге асыра отырып, сәтті әрекет етудің басқа тәсілдерін көру.

.

33, Құндылықтардың түрлері. Тұлғаның психологиялық ресурстары туралы түсінік.


Құндылық -жеке тұлғаның белгiлi бір әлеуметтiк құндылықтарды мақсат етiп ұстауы, адамның қоршаған ортаға, құндылықтар тобына деген карым–қатынасы. Жеке тұлғаның таңдаулары құндылық бағдарлар жүйесiне бiрiгедi.
Адамның даму үдерісі өмір бойы тоқтамайды. Тұлғаның құндылық бағдар жүйесi «адамның өмiрлiк әлемi», «әлемнiң бейнесi», әлеуметтiк ортаның iшкi нұсқаулары, нормалары, уәждемелік қажеттiлiк өрiсi, адам белсендiлiгiнiң негiзгi реттеушiсi болып табылады. Құндылықтар құрамына күнделікті қалыптасқан нормалармен бірге, ерекше жоғары мәнге ие болған талаптар да енеді және олар әрбір мемлекет үшін маңызды. Себебі, құндылықтар әлемі – адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлық өлшемін білдіріп, оның адамгершілік санасын, басымдылықтарын анықтайды.Құндылық бағдардегенiмiз – бұл қазiргi уақытта жеке тұлғаның құндылыққа бағдарланған ой-санасы, пікірі, көзқарасы, сенімі, iскерлiгi, iшкi мүмкiндiгi. Құндылық бағдар тіл үйренушінің оқу-танымдық әрекетiне түрткi болып, тіл үйренуіне ықпал етедi, ол оқу әрекетінiң құрамдас бөлiктерiне тiкелей байланысты, мақсаттың орындалуын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет