Культурология 1-20 Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну


Мәдениет нысандары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, технология



бет4/32
Дата17.10.2023
өлшемі224,81 Kb.
#117440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Культурология 1-20 Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну-emirsaba.org

5. Мәдениет нысандары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, технология.
Жауабы:
5) Мәдениет - әрбір халықтың ғасырлар бойы қордалап, сұрыптап, електеп өткізіп жинақталған материалдық және рухани қазынасы, игілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, діні, тілі, танымдық айшықтары, көзқарастар жүйесі, халықтың өзіндік ұлттық қабілеті, басқа халықтардан айырмашылығы және өзін әрі қарай өркендететін қайнар бұлағы. Ол адамдардың рухани өмірінің барлық саласын қамтиды және көркемдік, эстетикалық, тағылымдық, танымдық өрнектері арқылы өзін әлемге паш етіп отырады. Мәдениет формаларына: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, технология жатады.
Миф – 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі.
Ежелгі мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік (символдық) мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді. Мұнда поэзия мен алғашқы білімнің, дін мен әдептің, өнер мен өмірлік тәжірибенің ерекше бірлігі орын алды
Миф туралы ғалымдардың зерттеулері
Алғаш рет Миф философиясын Дж.Вико (1668 – 1744) ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғасырдың ортасынан бастап Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады.
Малиновскийдің пікірінше, миф – құбылыстың түсіндірмесі, яғни теория емес, шындық ретінде пайымдалған сенімнің көрінісі. Леви-Стросс жеке мифті емес, олардың жиынтығын таңбалық модельдендіруші жүйе ретінде қарастырады. Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап көрсетеді: а) философиялық немесе түсіндірмелік мифтер; ә) нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер; б) тарихи және аңыз тұлғалар туралы мифтер; в) фантастикалық және метафоралық мифтер; г) әлеуметтік-саяси және тұрмыстық мифтер.
Өнер
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.
Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды.
Өнер түрлері
• көркем әдебиет,
• музыка,
• мүсін,
• кескіндеме,
• театр,
• кино,
• би,
• сәулет өнері, т.б. түрлері бар.
ДІН
Дін адамның рухани шығармашылығының және қоғамның бір саласы болып табылады.Ол адамдар тіршілігінің бір қыры ретінде оның дүниеге, табиғатқа, қоғамға ерекше қатынасын білдіреді және адамның өз-өзінен оқшаулануын жеңіуіне көмектеседі. Дін мәдениеттің маңызды құбылысы.Адамгершілік мәселесі қойылып шешілген, жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі нәр алған әлемдік әдебиеттің шығармалары оның ерекшеліктеріне айналады.Әлемдік әдебиет, бейнелеу өнері, саз бүгінгі күнге дейін діни сюжеттер мен тақырыптарды қамтып келеді.
Дінді мәдени құбылыс ретінде түсінуде оның шығу төркіні мен міндетін түсіндіру маңызды рөл атқарады.Дінді әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде арнайы пән – дінтану зерттейді.Қазіргі дінтану мәдениеттанумен ментальдықты зерттеу әдісіне тоғысады.Ментальдық — әлемнің қабілетін жасайтын мәдени дәстүрлердің бірлігін нығайтатын ақыл-ойдың, сенімнің жиынтығы.
МОРАЛЬ
Мораль (латын мораліс – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт, яғни әлеуметтік сапалар жиынтығы.[1] Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады
Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар:
Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады;
Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып табылады;
Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс қалыптарынан жоғары қойылады.
ФИЛОСОФИЯ
Философия — жалпы және фундаменталды сауалдар туралы зерттеу болып, ол болмысболубілімқұндылықақылзерде және тіл секілді өзекті проблемаларға бағытталады. Мұндай сауалдар көбінесе зерттелуді, немесе шешілуді күткен проблемалар ретінде ортаға қойылады. "Философия" термині алғаш Пифагордан (бзд. 570 - 495 жж) басталған болуы мүмкін. Философиялық әдістерге сауалсыни пікірталасақылды аргумент және жүйелі пайымдау қатарлылар жатады.
Жалпы мағынада, философия даналықпен, интеллектуалды мәдениетпен және білім ізденумен байланысты. Бұл тұрғыда, барлық мәдениеттер мен сауатты қоғамдар "біз қалай өмір сүрудеміз" және "шындықтың табиғаты қандай" секілді философиялық сұрақтар қояды. Демек, барлық әлемдік өркениеттердегі шындықадамгершілік және ғұмыр секілді фундаменталды мәселелердің негізіне сұрау салу философияның кең әрі әділ тұжырымдамасы болмақ.
ҚҰҚЫҚ
Құқық ұғымы. Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
САЯСАТ
Саясат (гр. politika — мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:
1. өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;
2. мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;
3. адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;
4. әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;
5. мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
ҒЫЛЫМ
Ғылым (лат. сціентіа — білім) — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені меңзесе, ал, арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған логикалық білім жүйесін көрсетеді. Яғни, ғылым ғылыми білімдерді ғана емес, сол білімдерге қол жеткізудің барлық жолдары мен әдістерін түгел қамтитын біртұтас кешенді жүйе.
ТЕХНОЛОГИЯ
Технология- әр түрлі салаларда, құрылыста және т.б. жүзеге асырылатын шикізатты, материалдарды, жартылай фабрикаттарды немесе бұйымдарды алу, өңдеу немесе қайта өңдеу әдістері мен әдістерінің жиынтығы; осындай әдістер мен әдістерді жасайтын және жетілдіретін ғылыми пән. Т. (немесе технологиялық процестер) өндіріс процесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын өндіру, өңдеу, өңдеу, тасымалдау, сақтау, сақтау операциялары деп те аталады. Қазіргі Т. құрамына өндірісті техникалық бақылау кіреді. Т. сонымен қатар өндірістік процестердің сипаттамасын, оларды орындау жөніндегі нұсқаулықтарды, технологиялық ережелерді, талаптарды, карталарды, графиктерді және т. Б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет