Курс – 2 Семестр – 3 Кредит саны -3



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата03.03.2017
өлшемі0,83 Mb.
#7335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

химиялық экология. 

Табиғат  анамен  жылдар  бойы  қалыптасқан  тепе-теңдіктің  бұзылуы  21  ғасырда  бұрын-сонды 

юолмаған  деңгейіне  жетті.  Ғаламат  жаңалықтармен  бірге  өнідрістің  жедел  дамуы,  зауыттардың  еселеніп 

салынуы,  жер  құнарының  тас-  талқаның  шығарған  1953-1962  жылдардағы  тың  игеру,  қазақ  жерлерінлегі 

сынақ аландары күнделікті тіршілікке араласып, жетістігімен қатар апатын да əкелді. 

Қазақстанның  қазіргі  экологиялық  жағдайы  ғаламдық  шеңберде  проблема  тудыратын  мəселеге 

айналып  отыр.  Кеңес  дəуірінде  ірі  өндіріс  орындарының  қауырт  дамуына  байланысты  табиғат  байлығын 

игеру  мəселелерінде  қоршаған  ортаның  бұзылуы  мəселелері  ескерілмей,  тек  қана  мол  өнім  алуға  көңіл 

бөліп, ал табиғаттың ерекшелігін ескермей, көптеген зиян əкелгенің енді біліп отырмыз. 

 Жалпы ірі өндіріс орындарын дамыту 3 факторға байланысты: 

1. Шикізат көзі. 

2. Адам күші. 

3. Су ресурстары. 

Осы үш фактордың арақатынасын сақтамай рі өнеркəсіп орындарын дамыту мүмкін емес. 

Біздің ірі өндіріс орындарының барлығында жоғарыда аталған экологиялық шарттар ескерілмеген. Ірі 

өндіріс  орындарынан  шығатын  улы  газдар,  ауыр  металдар,  өндіріс  орындарынан  шыққан  лас  су  көздері, 

өндіріс  орындарының  айналасындағы  халықтың  денсаулығына,  топырақтың,  ауаның  құрамының  өзгеруіне 

үлкен əсер етуде. 

Батыс  Қазақстан  өнеркəсіптік  экологиялық  аймағына-  Каспий  маңы,  мұнай  өндіру  мен  өндеу, 

металлургия,  құрылыс  материалдары  жəне  т.б.  салаларға  маманданған  Атырау,  Маңғыстау,  Орал,  Ақтөбе 

облыстары  кіреді.  Бұл  аймақтағы  негізгі  мəселелер-  табиғи  ортаның  мұнаймен  ластануы,  радиоактивті 

қалдықтармен  ластануы  адаммның  денсаулығына  жəне  экожүйелерге  əсер  етіп,  шөлдену  процестерінің 

жүруіне , биокөптүрліліктің жойылуына əкелуде.  

Батыс аймақта Маңғыстау облысы экологиясы ауыр аймақтардың алдынғы қатарына жатады. Қауіпті 

нүктелердің  топырақ  қабаттарын  тексергенде  бұл  өңірді  Семей,  Аралдан  кейінгі  үшінші  орынға  қоюға 

болады. 


Шығыс  Қазақстан  өнеркəсіптік  аймаққа  –  Шығыс  Қазақстан  облысының  аудандары  жатады. 

Қазақстан  өнеркəсібі  жоғары  дамыған,  түсті  жəне  қара  металлургия,  энергетикалық  кешені,  полиметалл 

кендері  шоғырланған  аймақ.  Бұл  аймақтағы  экологиялық  мəселелер  –  қоршаған  ортада  өндірістік 

қалдықтардың  жиналуы,  атмосфералық  ауаның  ластануы,  ормандардың  деградацияға    ұшырауы  айқын 

көрінуде. 


22 

 

Шығыс Қазақстан облысында орман отау, бас- көзге қарамай кесу фактілері орын алып отыр. Соңын 



кесірінен жасыл желекпен көмкерілген жер көлемі одлыс бойынша 150 мың га кеміп кетті. 

Байқоңырдан ұшырылған ғарыштық аппараттардың зиянды əсерін шетелдік  жəне отандық ғалымдар 

зерттей  келіп,  атмосфера  тізбегі  тропосфера,  стратосфера-  ионосфера  қабаттарына  əсер  етін  ,  нəтижесінде 

озон қабатының жұқаруына, парниктік эффектінің пайда болуына үлкен үлесін қосатындығын байқалды.  

Ал,  Балқаш  көлінің  ластануны  мыс  пен  энергетика  өнеркəсібі  бі  рден-бір  себепші  болып  отыр. 

Қарағанды облысы бойынша ауаға шығарған зиянды қалддықтардың жыл сайынғы мөлшері 140 мың тонна 

болса, оның 98 мың тоннасы кəсіпорындардан, 43 мың тоннасы авттокөліктерден шығады екен. 

Оңтүстік  Қазақстан  өнеркəсіптік  экологиялық  аймаққа  –  Алматы,  Жамбыл;  Оңтүстік  Қазақстан, 

Қызылорда оюлыстары жатады. Оңтүстік аудандардағы негізгі экологиялық мəселелер – су ресурстарының 

жетіспеуі,  жайылымдардың  деградациясы,  атмосферасының  ластануы,  жер  ресурстарының  химиялық 

тыңайтқыштармен ластануы. 

Жамбыл,  Шымкент  қалаларына  минералдық  тыңайтқыштар  өндіретін  кəсіпорындарды  шамадан  тыс 

шоғырландыру да айнала қоршаған ортаға бірқатар салмақ салуда.  

Алматы  қаласының  ауасының  ластану  жолдарының    бірі-  бұл  автокөліктерден  шығатын  зиянды 

заттар  болып  есептелінеді.    Қаламыздағы  жанармаймен  жүретін    автокөліктерді  табиғи  газға  ауыстыру 

тиімді.   



Адам жəне табиғат. 

Табиғат адамзаттың материалдық жəне рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ететін бірден – бір ошақ көзі. 

«Адамзат – қоғам – табиғи орта ». Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары жəне олардың  өндіріс 

көздерін дамытудағы маңызы.  

 

№2 

Тақырып: Ғылым мен техниканың экологиялық маңызы 

Дəрістің мазмұны:  

Ғылыми – технологиялық прогресс. Ғылыми – техникалықпрогресстің екі жақты сипаты. 

Табиғатты пайдалану жəне қоршаған ортаны қорғаудағы ғылыми- техникалық прогрестің мəні мен алатын орыны жəне таби

қорғау қызметіне көрсететін ықпалы. 



Экологиялық қауіпсіздікті ғылыми қамтамасыз ету. 

экологиялық  қауіпсіздікті  ғылыми  қамтамасыз  ету  тұрақты  дамуға  көшудің  теориялық  жəне 

технологиялық  негіздерін  қалыптастыруды  көздейді,  ол  іргелі  жəне  қолданбалы  ғылыми  зерттеулердің 

мынадай кешенің қамтиды: 

табиғи жүйелердің экологиялық сыйымдылығы мен олардың тұрақтылық шектерін айқындау; 

экологиялық  таза  жəне  ресурс  үнемдейтін  технологияларды,  өндірістерді,  шикізаттың  түрлерін, 

материалдарды, өнім мен жабдықты, оның ішінде ауыл шаруашылығында əзірлеу; 

Биологиялық əртүрлілікті, биоқауіпсіздіктің ғылыми негіздерін сақтау проблемасын зерделеу

климаттың ықтимал жаһандық жəне өңірлік өзгерістерін, табиғи орта үшін оның салдарларын зерттеу; 

экологиялық  қатерлерді  айқындаудың  ғылыми  негіздерін  əзірлеу,  ластанулардың  алдын  алу  мен 

жоюдың,  қоршаған  ортаны  оңалту  жəне  қауіпті  қалдықтарды  кəдеге  жаратудың  құралдары  мен  əдістерін 

əзірлеу; 

адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерістерінің арасындағы байланысты зерделеу; 

қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  жинақталған  білімді  жүйелеу  жəне  ғылыми  зерттеулерді 

үйлестіру. 

Экологиялық  қауіпсіздік  саласындағы  ғылыми  зерттеулерді  бюджеттік  бағдарламалар  жəне 

халықаралық граннтар арқылы мемлекеттік тапсырыс бойынша ғылыми мекемелер жүргізеді. 

№3 -4дəріс 

Тақырып: Табиғи жүйелердің ресурстары. 

Табиғи ресурстар – бұл адам өз тіршіліген қамтамасыз ету үшін пайдаланатын табиғи  это  объектілер мен 

құбылыстар.(күн сəулесі, су, ауа, топырақ, өсімдіктер, жануарлар, пайдалы қазбалар,  адам қалымен жасалмаған 

жəне адам онсыз тіршілік ете алмайтанның барлығы). 

 

Ресурстарды пайдаланудың аумақтылығын анықтайтын негізгі факторлар. Табиғи ресурстардың топтамасы 

(классификациясы) қоршаған орта ресурстарымен болатын қарым-қатынастардың ерекшеліктері.  

Табиғи ресурстар өңдеу жəне қайта өңдеук техникаы мен технологиялық процестерді жетілдіру, 

экономикалық тиімділігі, шикі заттардың көлемдік мəніне қарай бөлінеді.  Ресурстар сарқылу белгілеріне 

қарай сарқылатын жəне сарқылмайтын болып бөлінеді. 

 Сарқылмайтын ресурстар: ғарыш, күн энергиясы, климат ресурстары. 

 Сарқылатын рсурстар қалпына келетін, салыстырмалы қалпына келетін жəне қалпына келейтін болып 

бөлінеді. 

Шаруашылыққа пайдалану түріне байланысты жіктелуі: өндірістік жəне ауыл шаруашылық өнеркəсіптік. 



23 

 

          Энергетикалық ресурстар: жанғыш пайдалы қазбалар, су энерпгоресурстар, ядролық энергия т.б. 



Энергетикалық ресурстардың қоршаған ортаға тигізетін əсері. 

Энергетикалық  ресурстарға  барлық  механикалық,  химиялық  жəне  физикалық  энергия  көздерін 

жатқызуға болады. энергетикалық ресурстар олардың табиғатына, алу жолдарына жəне басқа да нышанына 

байланысты топтастырылады.(1-ші кесте) 

 

 

1-ші кесте. Энергетикалық ресурстардың жіктелуі. 



Бастапқы қоры 

Екінші қоры 

Сарқылатын( көмір, мұнай, тақтатас, табиғи газ, 

жанғыш заттар) 

 

 

 



 

 

Сарқылмайтын немесе қайтадан орнына 



келетін(ағаш, гидроэнергия, жел жəне күн 

энергиясы, геотермальдық энергия, жертезек, 

термоядерлық энергия) 

Көмірді іріктегенде жəне байытқанда шыққан 

қосымша өнімдер, гудрон, мазут жəне мұнай 

өндегенде шыққан қалдық өнімдер, ағаш 

дайындағанда шыққан жаңқалар, тамырлар бұталар. 

 

 



Жаңғыш газдар, тастанды газдардың жылуы, 

салқындату жүйесінен шыққан ыстық су, күш 

беретін өнеркəсіп құрылысының тастанды буы. 

 

 



Жер  қойнауындағы  отын  қоры  болып  көмір,  мұнай,  газ  жəне  уран  рудалары  болып  саналады. 

Көмірдің  дүниежүзілік  қоры  9-11  трлн.  Тонна,  оның  ішінде  50%  ТМД  елдерінің  жерінде  шоғыпланған. 

Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2 млрд. тонна. 

Дүниежүзілік  мұнай  қоры  840  млрд.  тонна  шартты  отын  көлемінде  бағаланады,  оның  10%- 

анықталған, ал 90% болжамдық қорлар. Дүниежүзілік табиғи газ қоры 300-500 трлн. м

3



Жоғарыда  көрсетілген  отын  түрлерін  жер  қойнауынан  алған  кезде  жер  беті  келбетінің  өзгеруі, 

топырақтың құнарлы қабатының бұзылуы, атмосфера мен сулардың ластануы орын алады. (2-ші кесте) 

 

 

2-ші кесте. Əртүрлі отын түрлерін қолданғанда атмосфераға тасталатын зиянды заттардың 



мөлшері, г/ кВт*сағ. 

Отын түрі 

Ластаушы компонент 

Тас көмір 

Қоңыр көмір 

мазут 


Табиғи газ 

Күкіртті газ 

Азот оксидтері 

Қатты бөлшектер 

Фтор қосылыстары 

6,0 


21,0 

1,4 


0,05 

7,7 


3,4 

2,7 


1,11 

7,4 


2,4 

0,7 


0,004 

0,02 


1,9 



 

 

Отынның  химиялық  құрамында  қандай  элементтердің  қосылыстары  болса,  жаққанда  солардың 



оксидтері  басқа  да  қосылыстары    қоршаған  ртаға  таралады.  Отын  жаққанда  табиғи  ортаның  ластануын 

азайту үшн шаң-газ ұстайтың қондырғыларды қолданған орынды. Осындай қондырғылар зиянды заттардың 

90-95%  ауаға  жібермеуге  мүмкіндік  туғызады.  Оттықтан  шыққан  күл  мен  шлактардың  үйінділерін  сақтау 

біраз жер көлемін қажет етумен қатар желмен ұшып литосфераның аумақты көлемін ластайды. 

 

             Энергиялық емес ресурстар: металургия, химия,  орман шаруашылығы, т.б. ресурстар. 



             Халық шаруашылығындағы энергияны сақтаудың негізгі бағыттары: 

-  техника –экономикалық кешеніндегі ресурстарды сақтауды одан əрі дамыту. 

-  тұтынушыларда энергетикалық ресурстарды  барынша үнемдеу. 

 

Гидросфера (су қабаты), ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері.  



Дəрістің мазмұны: гидросфера туралы түсінік; мұхит суының химиялық құрамы; əлемдік мұхиттың 

ресурстары; жерүсті суларының химиялық құрамы; гидросфераның ластануы; əлемдік мұхиттың 

ластануы; жерүсті суларының ластануы.   

Судың  сапасы. Тұщы суды пайдалану. Пайдалану бағытына қарай тұщы суды классификациялау. 

Судың негізгі қасиеттері. Судың экожүйе биосфералық процестер үшін маңызы, су қоры , оның 

таралуы. 



24 

 

Су ресурстары туралы түсінік . Судың маңызы. Суды пайдалану адамның  қандай іс-əрекеттерімен 



байланысты. Өнеркəсіптің су сиымдылығы Трансрационалды коэффициент түсінігі жəне əр түрлі өнімдер 

алудағы  маңызы 

Қайтымсыз суды пайдалану.  

 

5- дəріс 

Тақырып: Литосфера (жер қабаты) ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері. 

Дəрістің мақсаты: литосфераның химиялық экологиясымен; литосфераның манызды компоненті – топырақ 

жəне оның ластану сұрақтарымен таныстыру 

Тірек  сөздер:  лиосфера,  химиялық  құрамы,  құрылымы,  литофильды,  халькофильды,  сидерофильды, 

атмофильды элементтер; топырақ, гумус, гумин қышқылдары, микроорганизмдер 



Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны 

 

4.  Литосфераның құрылысы жəне  химиялық құрамы. 

5.  Жер қабығының элементтерінің геохимиялық жіктелуі 

6.  Топырақ – литосфераның манызды компоненті 

7.  Топырақтың негізгі компоненті – органикалық зат /гумус/ 

a.  топырақ ресурстарының маңызы. 

b.  жер ресурстары. 

c.  жел жəне су эрозиялары. 

d.  топырақты эрозиядан қорғау. жерді рекультивациялау 

Литосфера- (грекше lithos –тас+ sphair шар) –жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км 

болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы.  

Құрлықтағы  литосфераның  бетінде  экожүйе  дамиды.  Жердің  ішкі  құрылысы,  негізінен  үш  бөліктен 

тұрады; оған литосфера, мантия жəне ядро кіреді. Жер қыртысының қалындығы барлық жерде бірдей емес. 

Мұхиттің  астында  жер  қыртысының  төменгі  шегі  5-10  км-ге,  жазықтықтарда  35-45  км-  ге,  тау  сілемдері 

астында 70 км-ге дейін жетеді. Литосфера əр түрлі минералдар мен тау жыныстарынан түзіледі.  

Жер қабықшасы негізінен 8 элементтен құрылған: оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, магний, 

натрий  жəне  калий.  5  топқа  бөледі:  литофильды,  халькофильды,  сидерофильды,  атмофильды  жəне 

биофильды.  

Топырақтану  ғылымының  негізін  көрнекті  орыс  ғалымы  В.В.  Докучаев  қалады.  Ол  бірінші  рет 

“топырақ”  жəне  “топырақ  құрылымы”  ұғымдарының  анықтамасын  берді,  топырақ  түзілу  процесінің  мəнін 

ашты  жəне  басты  ерекше  қасиеттерін  тапты.  Докучаев  анықтаған  топырақ  түзілудің  бес  факторына  – 

бастапқы  жыныстар,  климат,  жер  бедері  жəне  уақыт,  өсімдіктер,  жануарлар  организмдеріне  кейіннен  су 

/топырақ  жəне  грунт/  жəне  адамның  шаруашылық  əрекеті  қосылды.  Топырақ  ерітінділерінің  жоғарыдан 

төмен  қарай  қозғалысы  басым  болатын  топырақ  құрылымында  үш  негізгі  қабат  жиі  бөліп  көрсетіледі  – 

қарашірік  жинақталған  /қарашірінді/  қабат  /А1/;  элювийлік  шайылған  қабат  /А2/;  иллювийлік  /жуылған/ 

қыртыс /В/. Одан төмен бастапқы /топырақ түзетін/ жыныстар орналасады. Биосфераның маңызды құрамды 

бөлігі  –  топырақ  арқылы  тірі  организмдердің  литосферамен,  гидросферамен  жəне  атмосферамен 

экологиялық байланыстары іске асырылады. 

Топыраққа ең алғаш рет М.В. Ломоносов ғылыми анықтама береді,  оның көрсетуінше : топырақ түзілу 

процесі  құнарлық    түзіле  жүретін  өсімдіктер  мен  тау  жыныстарының  арасындағы  ұзақ  өзара  қарым- 

қатынас. 

 Топырық    ресурстары  Жер  бетіндегі  тіршілікке  қажетті  ең  маңызды  алғы  шарттардың  бірі  болып 

табылады.  Топырақ  биосфераның  компоненттерінің  бірі  ретінде  адам,  жануарлар  мен  өсімдіктер  үшін 

биохимиялық орта  болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары,  тоырақ биотасы мен адамдар 

арасындағы тікелей жəне жанама əсерлерді тепе-теғдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің 

механизмдерінің аса маңызды резеріві болып табылады. 

 Топырақ-  сыртқы  орта  жағдайлары  :жылу,  су,  ауа,  өсімдіктер  мен  жануарлар,  микроорганизмдердің 

біріккен  əсерінен  қалыптасқан  жердің  беткі  құнарлы  қабаты.  Топырақ  түзгіш  факторларға  сол  сияқты 

рельеф жəне адамның іс- əрекеті де жатады. 



Топырақтың  құнарлығы  дегеніміз-  оның  өсімдіктерді  оларға  қажетті  қоректік  элементтермен, 

сумен жəне ауамен қамтамасыз ету қабілеті. 



Топырақ-  барлық  элементтердің  аккумуляторы:  ол  оларды  өзінде  жинақтап,  сумен  шайылып  кетуден 

сақтайды.  өзінің  қалыптасқан  зат  алмасу  процесі  бар,  тұрақты  динамикалық  жүйе  болғандықтан  топырақ 

табиғи факторлар су тасқыны, эрозия, құрғақшылық,  т.б. əсеріне қарсы тұра алады.  

Топырақ  –  барлық  материалдық  игіліктер  көзі.  Ол  азық  –түлік,  малға  жем,  киім  үшін  талшық,  құрылыс 

материалдарын береді. 

 Топырақ ешнəрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. 

 Топырақ басқа организмдер сияқты үнемі өсу, даму жəне өзгеру үстінде болады. онда үздіксіз түзілу жəне 

бұзылу процестері жүріп жатады. Су, жел, антропогендік факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, 


25 

 

беткі  құнарлы  қабатының  сумен  шайылуы,  желмен  ұшу  құбылыстары  эрозия  деп  аталады.  Топыратқа 



эрозиялық процестер көбейіп, өздігінен тазару  қабілеті нашарлап, құнарлылығы кемуде. 

Эрозиялық  процестердің  байқалу  сипатына  қарай  қалыпты,  не  геологиялық  жəне  жылдам,  не 



антропогендік эрозия болып бөлінеді. 

Кең  таралған  эрозиялардың  түрлері:  жазықтық,  сызықтық,  дефляция,  ирригациялық,  өндірістік  , 

абразия, жайылымдық. 

Жазықтық  эрозия-    тау  беткейлеріндегі  жоғары  горизонттағы  топырақтардың  жаңбыр,  еріген  қар 

суларымен шайылуы. 



Сызықтық  эрозия-  тау  беткейлері  топырақтарының  жаңбыр,  еріген  қар  суларының  əсерінен  терең 

жыралар мен жылғалар түзіп шайылуы. 



Дефляция- топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерінің  желмен ұшуы. 

Ирригациялық  эрозия-  суармалы  егін  шаруашылығымен  айналысатын  аудандарда  байқалып, 

топыраққа  көп  мөлшердегі  су  массасының  берілуіне  байланысты  болады.  бұл  су  топыраққа  сіңіп 

үлгермейді  де,  топырақ  бетімен  ағады.  Су  жіберілетін  егістік  жер  аз  ғана  болса  да,  тегіс  болмаса 

топырақтың қарашірігі сумен бірге төменге қарай жуылып, ағып кетеді. Ирригациялық эрозия кезінде 

бір уақытта эрозия да, топырақтың сортандауы да жүреді. 

Өндірістік  эрозия-  пайдалы  қазбаларды  өндіру  кезінде,  əсіресе  ашық  əдіспен  өндіруде  ,  тұрғын  үй  , 

өндіріс орындарының құрылысын, жолдар, газ жəне мұнай трубопроводтарын салу кезінде байқалады. 



 Абразия кезінде жыртылатын жəне мал жайылатын жерлердіңауданы кемиді. 

Механикалық эрозия

Литосфераға күшті техногендік əсер екі бағытта жүреді: 

1. ландшафтың өзгеруі жəне жойылуы. 

 

2.топырақтың ластануы жəне деградациясы. 



 

 

№6 дəріс  

Тақырып: Атмосфераның химиялық экологиясы 

Дəрістің  мазмұны:  атмосфераның  құрылымы,  химиялық  құрамы;  атмосфераны  ластау  көздері; 

атмосфераның  химиялық  компоненттері  /азот  оксидтері,  күкүрт  оксидтері,  көміртек  оксидтері,  метан/; 

атмосфераның  ауа  тозаңы,  оның  химиялық  құрамы;  атмосферадағы  химиялық  реакциялар  жəне  оның 

қорғаныштық қасиеттері  



Жер атмосферасы (грекше:        - бу жəне   - шар) – Жер шарын қоршап тұрған қабыршақ 

Атмосфераның  құрылымы:  тропосфера,  стратосфер,  мезосфера  экзосфера  жəне  ионосфера 

/термосфера/ болып бөлінеді 



Тропосфера- атмосфераның Жерге ең жақын қабаты. 

Биосфераға  жерастылық  ж/е  жерүстілік  тропосфера  кіреді.  Атмосфера  мен  жер  беті  арасында  жылу  мен 

ылғалдың  алмасуы  тұрақты  болады.  Бұл  ауа  массасының  айналысымен  бірге  климат  түзетін  негізгі 

процестерге əсерін тигізеді. Атмосфера планетамыздағы тіршіліктің дамуында маңызды рөл атқарады.    



 Атмосферанфңхимиялық құрамы. 

   Атмосфералық  ауа-  түрлі  газдардың  қоспасы.      Химиялық  құрамына  қарай    томенгі  (100  км  дейін)  – 

гомосфера

 құрамы жер бетіндегі ауамен ұқсас жəне жоғарғы- 

гетеросфера 

деп бөлінеді. (химиялық құрамы 

біртекті емес) .Бұл екі бөлікті бөлетін сфера турбопауза деп аталады.  

Жер бетіндегі атмосфера негізінен, 78,08 % азоттан, 20,29 % оттектен, 0,93 % аргоннан, 0,2-2,6 % су буынан 

ж/е 0,03 % көмірқышқыл газынан  тұрады.     Ал қалған 0,01% басқа неон,  гелий, метан, радон,  ксенон т.б. 

газдардың  үлесіне  тиеді.  Тұрақтылығына  байланысты  атмосфераның  негізгі  құрамы  үшке  бөлінеді:  



тұрақты    (оттегі,  азот  жəнеинертті  газдар),  ауыспалы  (  СО

2, 


  азот  )  жəне    кездейсоқ  (  жергілікті  жағдайға 

байланысты  анықталатын  компоненттер).  Мысалы:  металлургия  заводына  жақын  жер  атмосферасында 

күкірт ангидриді, ал органикалық қалдықтардың ыдырауы жүретін аймақта аммиак т.б. болуы. 

Атмосфераның ауа тозаңы. Аэрозолдар. 

Арозолдердің табиғи фоны зсімдіктер бөлетін химиялық жəне фотохимиялфқ  реакциялардың заттары.  



Аэрозолдар-дисперсионды  орта  газ  ал  фаза  қатты  не  сұйық  болатын  дисперсті  жүйелер.  Олар    үш  топқа 

бөлінеді: шаң- гады ортадағы ұсақталған қатты заттар,  түтін- газ конденсациясынан алынады, тұман- гады 

ортадағы сұйық болшектер.  

Аэрозоль ауаның түссізділігімен сипатталады, ауаның климаттың өзгеруіне əсер етеді.Арозолдардың түзілу 

жолдары: дисперсту- ірі заттарды ұсақтау жəне конденсация- жеке молекулалардың бірігуі. Конденсациялау 

əдісі физикалық жəне химиялық болып бөлінеді.Сонымен қатар гомогенді (спонтанды) жəне гетерогенді деп 

бөлінеді.  

     Атмосфералық аэрозолдердің табиғи көздері- вулкандар, гейзерлер шаңды құйындар( борандар) топырақ 

эрозиясы, орман өрттері. 


26 

 

 Ғалымдардыңбағалау бойынша континенттердегі шаң жəне  мұхит бетінен алынған теңіз тұздары жылына 



10

т құраса , үлкен вулкан атқылаудан атмосфераға 10



т    аэрозолдер шығарылады. 

 Өте  таза  деген  ауаның  өзінде1  см

100  шақты  заттар  болады  олар  да  -аэрозолдер.  Бірақ  олар  айтарлықтай 



экологиялық қауіп төдірген жоқ.  

  Ауа тозаңы атмосфераның химиялық ластануының қауіпті элементі болып табылады. Біздің планетамызды 

қорғайтын негізінен атмосфераның екі жоғарғы қабаты:  мезосфера ж/е стратосфера. 

Негізгі қорғаныштық қызметтері  түрлі химиялық реакцияларымен анықталады. 



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1.  Атмосфераның құрылымы мен химиялық құрамы қандай? 

2.  Атмосфераны ластау көздері айтып берініз 

3.  Атмосфераның негізгі химиялық компоненттеріне сипаттама беріңіз 

4.  Атмосфераның ауа тозаңы деген не? Оның химиялық құрамы қандай? 

5.  Атмосферадағы химиялық реакциялардың қорғаныштық қасиеттері қандай? 



Ұсынылған əдебиеттер тізімі: /1, 2, 4, 8/. 

 

 



№7 - дəріс 

Тақырып:  

Дəрістің мазмұны: Табиғи ортаның сапалылығы. 

Су, жер ресурстары , атмосфералық ауа. Радиоактивті ластану. Шу, тербеліс жəне электромагниттік əсерлер. 

Табиғи ортаның түрлі, өте қауіпті ластаушы заттармен ластануы. Радиоактивті ластану. 

Тірек сөздер: ластану, химиялық ластану, қалдықтар 

Биосфераның  ластануын  локальды,  региональды  ж/е  глобальды  деп  бөледі.  Ластағыштардың  түрлері 

өте  көп:  атмосфераға  əр  түрлі  қосылыстармен  қоспаларды  лақтыру;  сулы  ортаға  əр  түрлі  өнеркəсіптік  ж/е 

өндірістік  қалдықтарының,  мұнай  продуктлерінің  түсуі,  ландшафтардың  мусормен  ластануы,  орман, 

шабындықтар,  даланың,  су  қоймалардың  пестицидтермен,  минеральды  тынайтқыштармен  ластануы; 

радиацияның денгейінің көтерілуі; жылулықтың атмосферадағы жиналуы т.б. Адам мен экожүйелер үшін ең 

зиянды болып химиялық ластану болып келеді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет