Курс – 2 Семестр – 3 Кредит саны -3



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата03.03.2017
өлшемі0,83 Mb.
#7335
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 



 

 

                                                                                  

 

 



 

Жаратылыстану - математикалық факультет 

Химия кафедрасы 

5В011200 «Химия» 

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесіндегі сырттай оқитын 

студенттерге арналған 

 

_____________ «Химиялық экология»_________________ 



(пəннің атауы) 

 

ПƏННІҢ ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 



 

 

Курс – 2 

Семестр – 3 

Кредит саны -3 

Дəріс – 30 сағат 

Зертханалық сабақ   – 15  сағат 

Оқытушының жетекшілігімен 

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 45 сағат 

СӨЖ – 45 сағат 

Емтихан –  6 -ші семестрде 

 

Барлығы –  135 сағат 



 

 

 

 

Орал 2011 ж 

 

Пəннің  оқу-əдістемелік  кешені  «Химия»  мамандығы  бойынша  пəндердің 

типтік бағдарламасына негізделген      

 хаттама  

 

Құрастырушы: оқытушы Якупова Ж.Б.  



 

Химия  кафедрасының отырысында қарастырылды. 

15.10.2011 ж. №  3 хаттама. 

Жаратылыстану-математикалық  факультетінің  оқу-əдістемелік  кеңесінің 

отырысында бекітілді. 

17.10.2011  ж.  № 3  хаттама. 

 

1.  Оқу жұмыс бағдарламасы 

 

Бағдарламаның орналасу орнын көрсету 



     (№ 5 оқу ғимараты, Химия кафедрасы, 23 кабинет) 

Қолданушыға нұсқау  

Комплектация  

         Сырттай бөлімнің студенттеріне «Химиялық экология» пəнін  қашықтан 

оқытудың оқу- əдістемелік кешені құрамына келесі материалдар кіреді: 

 

1. «Химиялық экология» курсының жұмыс бағдарламасы; 



     2.  «Химиялық экология» пəні бойынша дəріс материалдары; 

     3.  Білімді  тексеруге  арналған  сұрақтар,  тапсырмаларды  орындауға  жəне 

емтиханға дайындалуға арналған əдістемелік нұсқаулар. 

 


 

Жүйелік талаптар 

Оқу- əдістемелік кешенмен тиімді жұмыс жасу үшін компьютер келесі 

минималь  талаптарды  жауап  беруі  қажет:  MS  Windows  /2000/XP/ 

операциялық  жүйесі,  процессор  166  МГц;  128  Мб  оперативті  жады;  DVD-

дискіні оқу құралы; дыбыстық карта; «тышқан» құрылғысы. Браузер: Internet 

Explorer, Opera. 

Құжат тілі: HTML. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



Курс бағдарламасы (Syllabus) 

 

1.1 Оқытушы туралы мəлімет 

 

  

 



 

 

Офис: 



Химия 

кафедрасы 

Жұмыс  мекен-жайы:  №  5  корпус,

 

Достык-Дружба  даңғылы  123,  2  қабат,  23 



кабинет. 

Якупова  Жамиля  Болатовна  –  М.Өтемісов 

атындағы 

Батыс 


Қазақстан 

мемлекеттік 

университетінің 

химия 


кафедрасының 

оқытушысы, химиялық экология магистрі 

 


 

№ 8 корпус – Студенческая көшесі, 1, 3 қабат, 313 кабинет. 



Жұмыс  телефоны: 50-35-49 

E.mail: 


Datova.7@mail.ru

 

 



1.2 Пəн туралы мəлімет 

 

«Химиялық экология» 

 

Оқу тоқсаны 15 оқу аптасынан жəне 2 сынақ аптасынан тұрады. 

 

Кредиттің аптаға бөліну кестесі: 

 

Сабақтар 

Өткізу уақыты 

сабақтар 

Өткізу уақыты 

Байланыс сағаты 

1 (дəріс 1) 

50 мин 


ОЖСӨЖ, СӨЖ 

50 мин 


Байланыс сағаты 

2 (зертханалық 

жұмыс) 

50 мин 


ОЖСӨЖ, СӨЖ 

50 мин 


 

 

 



Кредит саны 3 

Өту орны: № 5 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша 

 

Оқу жоспарынан көшірме:  

Курс 


Семестр 

Кредит 


саны 

Дəрістер 

Зертханалық 

сабақ 


ОЖСӨЖ 

СӨЖ 


Барлығы 

Бақылау  

түрі 





30 


15 

45 


45 

135 


Емтихан 

 

 



 

Кіріспе  

Қазіргі кездегі шаруашылық іс - əрекеттерінің қоршаған ортамен қарым – қатынасының күрделене түсуі, 

атмосфераның , құрлық , су экожүйелерінің , атмосфераның , құрлық , су экожүйелерінің беткі 

қабаттарының , олардың табиғи сипаттарының  өзгеріске ұшырауы, термиялық қаруланудың күшеюі, 

өндірісте қажетті материалдардың шамадан тыс өндірілуіне байланысты көптеген заттардың қалдық түрінде 

қоршаған ортаға бөлініп шығуы, яғни қатты, сұйық жəне газ тəріздес қалдық заттардың мөлшерінің 

жоғарылап кетуі жəне басқа да айтулы факторлардың əсеріне тікелей байланысты.Бұл аталған 

проблемалардың негізі адамзаттыңшаруашылық іс-əрекеттер кезінде , өндірістік көздерінің түрлі 

салаларының экологиялық процестері кезінде,табиғи ресурстарды үнемі пайдалану қажеттіліктерінен 

туындап отыр. Ал ол болса, өз кезегінде биосфераның ластануын тудырады. Қоршаған ортаға əсер ететін 

түрлі əсер жиынтығы жаңа экологиялық жағдайдың қалыптасуына мүмкіндік алатын кері əсердің алдын 

алуын жəне оны жан-жақты зерттеуге реттейді. 



 

     Адамзат қоғамының табиғи ресурстарды пайдаланудағы үдемелі  іс-əрекеттері студенттермен болатын 



оқу тəрбие жұмыстарында табиғатты қорғау жəне оны үнемдеп, ұқыпты пайдаланудың қажеттіліктеріне 

жоғары мəн беру.  

      Курстың мақсаты:  

студенттері  адамзат  пен  табиғат  арасындағы  қарым  –  қатынастарының  негізгі  ұғымдар  мен  материалдық 

қажеттіліктерді  өтеу  барысындағы  туындайтын  қарама-қайшылықтармен  жəне  табиғи  жүйелердің 

заңдылықтары  ,  қоршаған  орта  ресурстарының  жəне  оларды  пайдалану  ерекшеліктерінен  болатын 

құбылыстарымен таныстыру. 

Курстың міндеті:  

Студенттерді адам мен табиғат арасындағы байланыстың негізгі жолдарын түсіндіріп, оқыту. 

Ғылыми-техникалық прогресстің мəн-мағынасын түсіндіру 

Ғылыми-техникалық прогресстің  жағымды , жағымсыз жақтарын түсіндіру 

  Негізгі өндіріс салаларының негізгі сипаттарымен жəне олардың аралық байланыстарымен таныстыру 

əртүрлі өндіріс көздерінің биосфераның басты компоненттеріне əсер ету бағыттарымен жолдарын жəне одан 

туындайтын зардаптарымен таныстыру 

өндіріске қажетті ресурстар классификациясы мен оларды іске қосқаннан кеін шығатын ластаушы 

заттардың топтамасымен таныстыру 

түрлі өндіріс көздерінің технологиялық процесстерін оңдау жəне экологизациялау жолдарын үйрету 

қоршаған ортаның мониторингісін жүргізудің негізгі əдістерімен жолдарын меңгеру 

қоршаған ортаны қорғау барысындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын түсіндіру 

 

Аталған пəнді оқыту барысында студенттер тиісті: 

Білуге: 

Шаруашылық қызметтермен қоршаған орта ресурстар арлығындағы байланыстар сипатын; 

Жекелеген өндіріс көзімен қоршаған орта ресурстары арлығындағы байланыс сипатын; 

Жекелеген жəне комплекстік өндіріс көздерінің бөліп шығаратын зиянды қалдықтарының топтамасын жəне 

олардың қоршаған ортаға тигізетін əсері ықпалдар сипатын; 

Топтық əсер-ықпалдарын бағалау 

өндіріс көздерінің қоршаған ортаға тигізетін кері əсер ықпалдар деңгейін төмендететін жолдарын, əдіс-

тəсілдерін; 



Істей білуге: 

Биосфераның түрлі компоненттерінде жүріп жатқан процестерді сараптауды; 

өндіріс көздерінен бөлініп шығатын зиянды заттардың кері əсері анықтауды , айқындауды көре білуді; 

өндіріс көздерінің технологиялық процестерін экологизациялаудың əдіс амалдарын жүргізуді; 

оқу барысында алған білімін өзінің тəжірибелік , шаруашылық қызметтерінде пайдалануды. 

Игеруге : 

əртүрлі өндірістік қалдықтардың əсерінен болған биосфера компоненттерінің бұзылуының себеп-

салдарынан алдын алуда , анықтау теориялық жəне іс жүзінде дағдылануды. 

Пререквизиттер: аталған курс төмендегідей пəндердің мазмұнын меңгеру кезіндегі алған фундаменталдық 

біліміне негізделген : экология, топырақ экологиясы, ботаника , зоология, адам анатомиясы, өсімдіктер жəне 

жануарлар , əлеуметтік экология, генетика. 

Аралас пəндер тізімі: химия, физика, əлеуметтану, тарих, экономика, экология жəне математика. 

Постреквизиттер: Өнеркəсіптік экология пəнінен алған білімдерін келесі пəндеде пайдаланылады:  

    -   экологиялық мониторинг 

    -   экологиялық сараптама 

           



 

Сабақ мазмұны мен кестесі 

1 апта   

 

Кредит сағат 3 

№ 1 - дəріс 

Тақырып: Өнеркəсіптік экология 

Өнеркəсіптік экологияның мəселелері мен міндеттері. Өндірістер мен өндірістік кешендердің қызметіне 

табиғат жағдайларының əсер етуі. Өнеркəсіптік ластанулардың  классификациясы жəне  қоршаған ортаның 

ластануларының негізгі көрсеткіштері. Энергетиканың түрлері. Өнеркəсіптің атмосфераны ластауы. Газ 

жəне шаң түріндегі шығарылымдарды тазарту. Санитарлық қорғаныш аймақтары.Жер бетіндегі көліктердің, 

əуе жəне ғарыштық қатынас құралдарының табиғи орталарға əсері.Су пайдаланушылықты 

классификациялау.Жер беті жəне жер асты суларын ластаушы көздер, суларды тазарту тəсілдері. 

Атмосфералық ауаны , су жəне топырақ ресурстарын қорғау шаралары. Қазба байлықтарды 

пайдаланушылардың классификациясы. Қазба байлықтарды өндірудің қоршаған ортаға əсері.Радиоактивтік 


 

ластанулар жəне радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру.Урбоэкология жəне құрылыс.Ілеспе жəне 



қосалқы өнімдерді , қайтара пайдаланылатын материалдарды ұқсату. Өнеркəсіп мекемелеріндегі табиғат 

қорғау қызметі. Өнеркəсіптік мекеменің экологиялық паспорты. Экологиялық қауіпсіздікті жəне 

ресурстарды үнемдеуші технологияларды қамтамасыз етуге арналған процестер мен жабдықтар. 

№ 2 - дəріс 

Адам жəне табиғат. 

Мазмұны: Табиғат адамзаттың материалдық жəне рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ететін бірден – бір 

ошақ көзі. «Адамзат – қоғам – табиғи орта ». Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары жəне олардың  

өндіріс көздерін дамытудағы маңызы.  

Ғылым мен техниканың экологиялық маңызы 

Ғылыми – технологиялық прогресс. Ғылыми – техникалықпрогресстің екі жақты сипаты. 

Табиғатты пайдалану жəне қоршаған ортаны қорғаудағы ғылыми- техникалық прогрестің мəні мен алатын орыны жəне таби

қорғау қызметіне көрсететін ықпалы. 



Əдебиеттер: 

Қ.Ə. Əлімбетов Табиғатты пайдалану жəне оны қорғау негіздері  бет:115 -123 

        Водопьянов Н.А. Экологические последствия научно-технического прогресса.   –Минск.1980. 

СӨЖ 1,2,3 

1.  Суды мысалға алап, табиғаттың   ластану себептері мен жолдарын анықтау. 

2.  Локальды, аймақтық жəне кең көлемде ластануға мысалдар келдіру.( жазбаша) 

ОЖСӨЖ 1,2,3 

1. Ғылым мен техниканың экологиялық маңызы. Ғылыми – техникалықпрогресстің екі жақты сипаты. 

2.Тақырып сұрақтарын талдау. 

3. СӨЖ-ң жазбаша тапсырмасын тексеру. 

 Əдебиеттер:  

1.Қ.Ə. Əлімбетов Табиғатты пайдалану жəне оны қорғау негіздері  бет:115 -123  

2. Иванов И.И., Федин И.М. Инженерная экология и экологический менеджмент. – М. Логос – 2002г. 

3. Проблемы взаимодействия человека и биосферы. –М.,1998. 

        № 1 лабораториякалық сабақ 

Тақырып: Адам мен табиғат арасындағы байланыс. 

Лабораториялық  сабақ мазмұны: 

1.  Адам мен табиғат арасындағы гормониялық байланыс. 

2.   Қоршаған ортаны танып білу гормониясы 

3.   Адамды қоршаған ортаны жасу гормониясы  

4.   Адамның ішкі дүниесінің гормониясы 



2 апта 

Кредит сағат 3 



№3 -4 дəріс 

Тақырып: Табиғи жүйелердің ресурстары. 

Ресурстарды пайдаланудың аумақтылығын анықтайтын негізгі факторлар. Табиғи ресурстардың топтамасы 

(классификациясы) қоршаған орта ресурстарымен болатын қарым-қатынастардың ерекшеліктері. 

Гидросфера (су қабаты), литосфера (жер қабаты) ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері. Атмосфера (ауа 

қабаты) ресурстары  жəне күн сəулелері. 

  Атмосфераның  құрылымы,  химиялық  құрамы;  атмосфераны  ластау  көздері;  атмосфераның  химиялық 

компоненттері  /азот  оксидтері,  күкүрт  оксидтері,  көміртек  оксидтері,  метан/;  атмосфераның  ауа  тозаңы, 

оның химиялық құрамы; атмосферадағы химиялық реакциялар жəне оның қорғаныштық қасиеттері.  

 

СӨЖ 4,5,6, 

 Тапсырма: 

1.  Табиғи ресурстар бойынша Қазақстанның экологиялық жағдайына сипаттама: жер ресурстары, 

орман ресурстары, су ресурстары, атмосфера, ресурсы , минеральды ресурстар жəне т.б. 

(хабарлама) 

2.  Қазақстанда жəне шет елдерде табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жəне қоршаған ортаны 

қорғаудың казіргі этаптары қандай 

ОЖСӨЖ 4,5,6, 

Мазмұны: 

1.  Хабарламаларды тыңдау. 

2.  Тірек  конспектісін  қорғау. 

3.  Тақырып бойынша қорытынды жасау.  

Əдебиет: 1.Иванов И.И., Федин И.М. Инженерная экология и экологический менеджмент. – М. Логос – 

2002г. 


 

 2.  Мазур И.И., Молдаванов О.И. Курс инженерной экологии. М 2001г. 

         3Проблемы взаимодействия общества и природы. –М., 1978. 

               4. Проблемы взаимодействия человека и биосферы. –М.,1998.        



№ 2 Лабораториялық сабақ  

Тақырып: Табиғи жүйелердің ресурстары. 

Талданатын сұрақтар:  

1.  Табиғатты пайдалану жəне қоршаған ортаны қорғау жүйесін  оптимизациялау. 

2.  Табиғи ресурстардың топтамасы . Мысалдар келтіру 

3.  Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін қандай факторлар қажет. 

Əдебиет: .Қ.Ə. Əлімбетов Табиғатты пайдалану жəне оны қорғау негіздері  

 

3 апта 



Кредит сағат 3 

 

№5  дəріс 

Тақырып.  Литосфера (жер қабаты) ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері. 

Дəрістің  мақсаты:  Топырақ  оның  құрамы  жəне  топырақ  жамылғысы  жəне  экологиялық  маңызы, 

тапырақтың табиғи пайда болуының өзгеруімен  таныстыру 



Дəрістің мазмұны:  Топырақ оның құрамы.  

Литосфераның құрылысы жəне  химиялық құрамы. 

1.  Жер қабығының элементтерінің геохимиялық жіктелуі 

2.  Топырақ – литосфераның манызды компоненті 

3.  Топырақтың негізгі компоненті – органикалық зат /гумус/ 

a.  топырақ ресурстарының маңызы. 

b.  жер ресурстары. 

c.  жел жəне су эрозиялары. 

d.  топырақты эрозиядан қорғау.  

e.  Топырақ ерітіндісінің  реакциясы. 



Тірек  сөздер:  лиосфера,  химиялық  құрамы,  құрылымы,  литофильды,  халькофильды,  сидерофильды, 

атмофильды элементтер; топырақ, гумус, гумин қышқылдары, микроорганизмдер 



 

ОЖСӨЖ 7,8  

Мазмұны: Литосфераның құрылысы , құрамы жəне қасиеті 

 

Сұрақтар:   



• 

Топырақ ресурстары. 

• 

Тоаырақтың құнарлылығы. 



• 

Топырақ жамылғысы жəне оның бүлінуі (деградациясы ). 

• 

Топырақтың су мен жел эрозиясы. 



• 

 Топырақты эрозиядан қорғау. 

• 

Топырақты тұздану мен   батпақтанудан қорғау. 



Əдебиет:  

1.Асқарова Ұ. Б. Экология жəне қоршаған ортаны қорғау.Алматы. 2008.  30-38 беттер. 

2.Г.С. Оспанова Экология бет:189-192 

3 .Ə. Бейсенова, А. Саманова Экология  жəне табиғатты тиімді  пайдалану бет:96-102; 114 -120;142-144.                                                                                                                                              

4.А.Ж. Ақбасова, Г.Ə. Сайнова Экология А.; 2003 бет:164- 

СӨЖ 7,8  

мазмұны:  

• 

Топырақтың су мен жел эрозиясы. 



( конспектілеу) 

• 

Зиянды органикалық жəне бей органикалық заттар. ( конспектілеу) 



• 

Топырақ жамылғысы жəне оның бүлінуі (деградациясы ). 

• 

Судың  реакция  ортасын  анықтау(рН)  анықтау.  (Лабораториялық  жұмыс-12(  74  бет)                                                                                                                                                                                                             

конспектілеу) Əдебиет: Асқарова Ұ.Б. Экология жəне қоршаған ортаны анықтау.-Алматы; 2008     



Əдебиет:  

       2.Г.С. Оспанова Экология бет:189-192 

3 .Ə. Бейсенова, А. Саманова Экология  жəне табиғатты тиімді  пайдалану бет:96-102; 114 -120;142-144.                                                                                                                                  

4. А.Ж. Ақбасова, Г.Ə. Сайнова Экология А.; 2003 бет:164- 



№6 дəріс 

Тақырып: Атмосфера (ауа қабаты) ресурстары  жəне күн сəулелері. 

 

Дəрістің мақсаты: атмосфераның химиялық құрамы; атмосфераның химиялық компоненттеріне сипаттама 

беру, ауа тозаңының химиялық құрамымен таныстыру 

Тірек сөздер: атмосфера, тропосфера, стратосфера, мезосфера, ионосфера, экзосфера; азот оксидтері, күкүрт 

оксидтері, көміртек оксидтері, метан, ауа тозаңы 



Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны 

1.  Атмосфераның құрылымы: тропосфера, стратосфер, мезосфера жəне термосфера. 

2.  Атмосфераның химиялық құрамы 

3.  Атмосфераның  химиялық  компоненттері:  азот  оксидтері,  күкүрт  оксидтері,  көміртек  оксидтері, 

метан 

4.  Атмосфераның ауа тозаңы, оның химиялық құрамы 



5.  Атмосферадағы химиялық реакциялар жəне оның қорғаныштық қасиеттері 

ОЖСӨЖ:9 

Тапсырма: 

1.  СӨЖ сұрақтарын талдау.  

2.  Атмосферадағы химиялық реакциялар, оның қорғаныштық қасиеттері. 

3.  Есеп шығару 

Əдебиет: Иванов И.И., Федин И.М. Инженерная экология и экологический менеджмент. – М. Логос – 

2002г.; 109-123 бет 



СӨЖ 9  

мазмұны:  

а). Атмосфераның құрылымы: тропосфера, стратосфер, мезосфера жəне термосфера. 

Атмосфера құрылысын схема түрінде бейнелеу. ( конспектілеу) 

 в) Отын: құрамы , сипаттамасы ( конспектілеуі) 

1.Н.Е. Николайкина, Н.И. Николайкин, А.М. Матягина Промышленная экология –М. ИКЦ Академкнига 

-2006./ с 52-60.( 2.2)/ 

2. Асқарова Ұ. Б. Экология жəне қоршаған ортаны қорғау.Алматы. 2008.  4-6 беттер. 

 

 



№ 3 лабораториялық  сабақ. 

 Тақырып: Судың реакция ортасын анықтау(рН) анықтау. 

Реакция  ортасының  сан  мəні  1-ден  14-  ке  дейінгі  аралықта  болады.  Көптеген  табиғи  сулардың  рН 

ортасы  6,5-8,5  шамасында  болып,  ол  судағы  көмір  қышқылы  мен  бикарбонат-  ионның  концентрациясына 

байланысты  болады.  рН  мөлшерінің  төменгі  шамасы  батпақты  қышқыл  суларда  болса,  жазда  фотосинтез 

процесі қарқынды жүргенде 9,0- ге дейін көтеріледі. 

Суда жүріп жататын химиялық, биологиялық процестер нəтижесінде СО

2

 концентрациясы артып, рН 



мөлшері өзгереді, сондықтан бұл көрсеткішті үлгіні алысымен тез арада анықтау керек. 

Судың  реакция  ортасын  анықтау  үшін  арнаулы  реактивтер-  индикаторлар,  сол  сияқты  шыны 

электродты  рН-метрлер  қолданылады.  Универсал  индикатор  қағазы  арқылы  рН  мөлшерін  0,2-0,4  бірлікке 

дейін анықтауға болады. 

Судың рН көрсеткішін потенциометрлік əдіспен 0,02 дəлдікке дейін анықтауға болады. 

Бұл əдіс бойынша зерттелетін су мен шыны электродтың мембранасының сыртқы беті мен стандарт 

ерітінді  мен  электрод  мембранасының  ішкі  беті  аралығындағы  потенциалдар  айырмасы  арқылы  сұйықтың 

рН мөлшері табылады. 

Шыны  электродтың  ішкі  стандартты  ерітіндісінде  сутек  иондарының  концентрациясы  тұрақты 

болады, сондықтан мембраның ішкі бетінің  потенциалы өзгермейді. Потенциалдар айырмасы электродтың 

сыртқы беті мен зерттелетін ерітінді (су) арасында пайда болған потенциалдар арқылы табылады. 

 

Материалдар мен құрал- жабдықтар: 

1. рН-метр. 

2. эталон-ерітінділер; 

3. дистильденген су; 

4. 200 мл-лік стакандар; 

5. фильтр қағазы; 

6. материалдар: грунт сулары, өзен суы, ағызынды су. 

 

Жұмыстың барысы: 

рН  –  метрдің  инструкциясына  сəйкес  грунт  сулары,  өзен  суы  мен  ағызынды  сулардың  рН  ортасын 

анықтауға болады. 

Əдебиет:  

1.Асқарова Ұ.Б. Экология жəне қоршаған ортаны анықтау.-Алматы; 2008     



 

 Лабораториялық жұмыс-12( 74 бет)                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              



4 апта 

Кредит сағат 3 

 

№7 - дəріс 

Тақырып: Табиғи ортаның сапалылығы. 

  Тибиғи жəне антропогендік ластануға жалпы сипаттама.  

Дəрістің мазмұны:  

1.  Ластанудың жалпы сипаттамалары. Ластану түрлері.  

2.  Бөлінетін зиянды заттардың сипаттамалары жəне жіктелуі.Зиянды заттарды қауіптілік дəрежелеріне қарай  

жіктеу. 


3.  Биосфераны химиялық ластаудың негізгі көздері. 

4.  Ластаушы заттардың биосфераға жəне оның компоненттеріне əсері. 



Тірек  сөздер:  диоксиндер  мен  фурандар,  полихлорланған  дибензодиоксиндер,  полихлорланған 

дибензофурандар 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет