Курс – II семестр



бет66/142
Дата08.06.2023
өлшемі495,83 Kb.
#99617
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   142
Байланысты:
Адам және жануарлар морфологиясы физиологиясы

Кернеу куші деп бір молекула газдың ерітіндіден сыртқа шы-ғуға жұмсайтын кушін айтады. Газдың еруі ерітіндінің кұрамына, сұйықтықтың үстіндегі газ калпында сақталған газдардың көлемі мен мөлшеріне, ерітіндінің температурасына жəне газдың табиғатына байланысты болады. Газдың ерітіндіге көшуі мен ерітінді устіндегі газдар катарына шығуы арасында тепе-теңдік болады. Газ молекуласының ерітін-діден бос газдар арасына шығаратын күшін газдың сұйықтықта-ғы кернеуі деп атайды.

2 Газ алмасуға əсер ететін факторлар


Бір жағынан газдың альвеола ауасындағы меншікті қысымын, екінші жағынан сол газдьщ артерия мен венадағы, сондай-ақ тканьдегі кернеу кушін өзара салыстыра отырып, газ диффузия-сының бағытын анықтайды
Сонымен қандағы (тканьдегі) газдардың диффузия аркылы бір жерден екінші жерге өтуі, негізінен əрбір газдың мембрана-ньщ екі бетіндегі меншікті қысымына мұндағы айырмашылыққа байланысты. Оттегі т. б.газдар, сөзсіз қысымы жоғары жақтан қысымы төмен жаққа карай ойысады. Мұнымен бірге газ диф- фузиясьша басқа да факторлар əсер етеді. Оларды газ алмасуы-на жалпы жəне арнайы əсер ететін факторлар деп екі топқа бе-луге болады.

Жалпы эсер ететін факторлар:


  1. Газ атаулының диффузиялык қасиеті. Мəселен, көмір қыш-кыл газдың бұл қасиеті оттегінікіней 24 есе жоғары. Сондықтан көмір қышқыл газдың меншікті қысымы аз болса да мембрана арқылы өте алады.

  2. Мембрананьщ өткізгіштік қасиеті. Бұл қасиет неғұрлым жо-ғары болса, газ диффузиясы да соғұрлым шапшаң болады.

  3. Минут сайын қанға өтетін газ мөлшері қан айналысының жылдамдығына байланысты.

  4. Артерия мен вена арасындағы көпіршелер қан айналысына катысады да капиллярдағы қанның ағысын, оның шапшаңдығын езгертеді, демек бұл да газ диффузиясына əсер етеді.

Өкпеде газ алмасуына арнайы эсер ететін факторлар:


  1. Өкпедегі ауаның келемі. Бір минут ішінде өкпеге кірііі шы-ғатын ауаның көлемі өсіп қан ағысына сəйкес келсе, өкпе мен кан арасында газ алмасуы шапшаңдайды.

  2. Өкпе капиллярындағы қан мен альвеоладағы ауаның ор-тасындағы бөгет эндотелий мен альвеола эпителиінің жұқалығы (4 мкм), қандағы газдар мен альвеоладағы ауаның езара жанасу дəрежесі. Егер адамның екі өкпесіндегі альвеолаларды жазып жіберсе, олар 100 м2 орын алар еді. Газдардың осындай аудан арқылы альвеолалармен беттесуі нəтижесінде диффузия да же-ңілдейді. Ал ауру адамда екпенің газдармен беттесу көлемі аза-йып кетеді, бұл газ алмасуына кедергі жасайды.

  3. Оксигемоглобиннің ткань капиллярында ыдырау дəрежесі мен қанда еріген газ келемінің өсуі — бұлар жоғары болса, ткань-де газ алмасу жеңілдей түседі.

  4. Белгілі бір тканьнің оттегіне мұктаждығы — мембрана ар-қылы тек еріген газ ғана өте алады, оксигемоглобин тез ыдырап, оттегі неғұрлым көп бөлінсе, оттегі тканьге соғұрлым тез өтеді де-дік. Осы жағдайда ткань оттегіне нерұрлым мұқтаж болса, ол от-тегін соғүрлым тез сіңіреді.

Денеде газ алмасуы негізінен физикалық заңға бағынады, бірақ оған кептеген биологиялык, процестер əсер ете алады. Мə-селен, орталық жүйке жүйесі биологиялық процестерді (жоға-рыда көрсетілген мембрана өтімділігі, қан айналысыныд жыл-аамдығы) езгерте отырьш физиқалық процестерді де реттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет