Курс – II семестр


Тыныс алу орталығы қызметінің қандағы газдар мөлшеріне тəуелділігі



бет69/142
Дата08.06.2023
өлшемі495,83 Kb.
#99617
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   142
Байланысты:
Адам және жануарлар морфологиясы физиологиясы

Тыныс алу орталығы қызметінің қандағы газдар мөлшеріне тəуелділігі


Тыныс алу орталығының қызметі кандағы газдар мелшеріне байланысты екені көптен белгілі. Қандағы оттегінің мелшері азайса (гипоксия) немесе көмір қышқыл газ деңгейі артса (гипер-капния) тыныс алу жиілейді. Мұны гиперпноэ дейді. Əдетте ере-сек адам минутына 16—20 рет дем алады (эйпноэ).
Егер қанда көмір кышқылды газ азайса (гипокапния) тыныс алу сирейді, тіпті тоқтап та қалады (апноэ). Кеңірдекті қысып, біраз уақыт дем алмай қойса (асфиксия) гиперкапния мен гипо-ксемия процестері удейді де адам жиі-жиі əрі терең дем алады, яғни диспноэ пайда болады.
. Қөпке дейін қандағы СО2 мен О2 тыныс алу орта-лығына қалайша əсер ететіні белгісіз болып келді. Соңғы кезде қандағы газдардын, хеморецепторларды тітіркендіретіні, сөйтіп тыныс алу орталығына рефлекстік жолмен əсер ететіні анықтал-ды. Организмде хеморецепторлардың екі түрі бар: біреуі — арте-рия қабырғасында-орналасқан шеткі хеморецептор (артериялық), екіншісі — сопақша мида орналасқан орталық хеморецептор (медуллярлық).
Шеткі хеморецепторлардың бір тобы жалпы ұйқы артерия-сының екіге бөлінген жерінде — каротидтік рефлексогендік алаң мен қолқа доғасында — қолқалық рефлексогендік алаңда орна-ласқан. Олар əсіресе С02 мен Н+ —иондарының көбеюіне, қанда оттегі деңгейінің төмендеуіне (гипоксемияға)өте сезімтал келеді. Бұлардан шығып тыныс орталығына жететін серпіністердің саны қандағы газдардың мөлшеріне байланысты. Орталық хеморе-цепторлар сопақша мида 0,2 мм тереңдікте М жəне I деп белгі-ленетін екі зонада орналасқан. Бұлар қандағы СО2 мен О2 жəне жұлын сұйықтығындағы Н+ мөлшеріне өте сезімтал. Қандағы көмір қыщқыл газ алдымен жұлын сұйықтығындағы сутегін кө-бейтеді де, орталық хеморецепторлар аркылы тыныс алу орта-лығына əсер етеді. Осығаң байланысты сигналдар орталыққа шеткі хеморецепторлар арқылы тезірек жетеді. Орталықтағы хе-морецепторлардың тыныс орталығына əсері шеткі хеморецептор-ларға қарағанда күштірек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет