Курс – II семестр


Биологиялық ырғақмеханизмі



бет94/142
Дата08.06.2023
өлшемі495,83 Kb.
#99617
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   142

Биологиялық ырғақмеханизмі


Биологиялық ырғақтын, шығу тегі ішкі мерзімді құбылыстарға байланысты. Организмнің ырғақты құрылымы тұқым қуалайды. Сондықтан ол көптеген физиологиялық əрекеттердің ездігінен туатын оралымдық көріністерін жүзеге асырады. Алайда, сонымен катар өздігінен ағатын тербелісті құбылыстарға сыртқы түрткі-лердің немесе фотопериодизм, температура, ауа қысымының тер-белістері т. б. ықпалын ескермеуге болмайды.
Организмдегі көптеген əрекеттердің (өрбу, жылу реттеу, зат жəне энергия алмасуы) жағдайын қадағалайтьш негізгі сыртқы түрткілердің бірі фотопериодизм. Тəуліктін, жарық жəне қарацғы мезгілдері брінеше физиологиялык əрекеттердің ырғақтарын қа-лыптастырады. Мұны маусымдық ұйқыға кететін жануарлардан, адамдардың «əлеуметтік уакыт жүргізгіштерінен» байқауға бо-лады.
Организмнің «биолоіиялық сағотының» ішкі гендік механизм-дерін түсіндіру үшін бірнеше болжамдар ұсынылды. Соның бі-рі — «хронон болжамы» (хронос — уақыт, мерзім). Ырғақты ба-қылаушы-субстрат ретінде ДНҚ қатысады деп есентейді. Өйткені РНҚ-ның түзілуі белгілі бір мезгіліне тураланған жəне жануар-лардьщ тіршілік қалаын керсетеді. Сөйтіп клетканың . генетика-лық қасиеті биологиялық ырғақтарды жүзеге асыруға қатыса-тындығы дəлелденді.
Кейбір зерттеушілер «биологиялық сағаттың» шығу тегін клетка мембранасының жағдайымен байланыстырады. Осы мем-браналық қағида бойынша, байқалатын ырғақты құбылыстардың оралымдығьш мембрананың күйі жəне оның калий иондарын ет-кізгіш қасиеті реттейді деп санайды. Мембраналық құрылымдар өзінің қабылдағыш қасиеті арқылы температура мен фотоперио-дизмнен туатын биологиялық ырғақтарды бақылайды.
Ал еиді, көптеген зерттеушілер қолдайтын үшінші қағида бойынша, биологиялық ырғақтардың мультиосцилляциялық (көп-тербелісті) өрнектері болады. Қүрделі организмде өз ырқына көн-діретін басты орталық ырғақ жүргізуші (пейсмекер) болады деп санайды. Оған бірнеше езіндік тербеліс кезеңдері бар қосымша болмашы ырғақ жүргізушілер бағынады. Соңғылары өзара топта-сып, бір-бірімен тəуелсіз қызмет атқаруы да ықтимал.
Көптеген ғылыми еңбектерде орталық ырғақ жүргізуші ретін-де мидың эпифиз (домалақ) безін атайды. Кейбір зерттеушілер-дің"пікірі бойынша, эпифиздің өзіндік биологиялық сағаты сырт-кы түрткілердің, əсіресе күн мен түн алмасуынан тəуелді. Алайда бұл без тек құрстардың тəуліктік ыррақтарын реттейтшдігі акық-.талды.
. I
Сүтқоректілерде орталық ырғақтың лайықтағыш əрекетін ги-поталамус атқарады, дəл айтқанда, оның супрахиазмалық ядро-сы. Ол гипоталамус пен торлы қүрылым жүйесі арқылы ақпарат қабылдап, оны симпатикалық жүйке талшықтарымен ағзаларда, тканьде орналасқан осцилляторларға жеткізеді. Мұны супрахиаз-малық ядро мен мойынның жоғарғы симпатикалық түйіндері ней-рондарының серпініс белсенділігінің өзара байланысынан байқау-ға болады.
Сонымен қатар ми қыртысының, əсіресе оның көру аймақта-рыньің биологиялық ырғақтар қалыптастыруға қатысатындығы дəлелденді. Орталық жүйке жүйесінің əртүрлі бөлімдерінде (жұ-лын, торлы құрылым, төмпешік таламус), мишық, ми қыртысын-да өздігінен ырғақ белсенділігін түзетін көптеген нейрондар табылды. Олар күрделі нейрондар жүйесінің ырғақты іс-əрекетін кұрайды. Нейрондардың ырғақты биоэлектрлік белсенділігі олар-дың мембранасының күйіне, потенциалына, натрий, калий жəне калыіий иондарының каналдары жағдайына байланысты екендігі • ' анықталды.
Сонымен бірге күрделі ұйымдастырылған организмде барлық оралымды əрекеттердің лайықталысы вегетативтік жүйке жəне гуморальдық жүйелер арқылы қамтамасыз етіледі. Мұны жыл маусымының жəне тəуліктің белгілі бір мерзіміне сəйкес келетін вегетативтік жүйкенің белсенділігінен жəне гормондардьщ сөлініс кезенд,ерінен байқауға болады. Мəселен, ұйқы-сергектік оралымы вегетативтік жүйкенің тəуліктік ырғағымен тығыз байланысты. Ұйқы кезінде, əсіресе оның баяу толқынды сатысьшда, парасим-патикалық жүйкенің тонусы жоғарылайды. Ал сергектік кезінде, керісінше, адрено-симпатикалық жүйкенің əрекеттік белсенділігі басым келеді. Сондықтан түлгі мезгілде катехоламиндер несеп арқылы сыртқа аз шығарылады, ал күндіз (8—-12 сағ.) адамның сезім жəне қрзғалыс əрекеттеріне байланысты ол көп шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет