Организмнің жыныс əрекеттерінің реттелу механизмдері орта-лық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімдерінің гипоталамус арқылы жасайтын күрделі ықпалдарынан тұрады. Гипоталамус бұл ық-палдарды гипофиз арқылы жүзеге асырады. Жыныс мүшелерінін, қызметін шартты жəне шартсыз рефлекстер реттейді. Шартсыз рефлекстін, афференттік жолдары орталық жүйке жүйесіне жы-ныс аппаратының эрогендік рецепторларынан ақпарат жеткізеді, ал оның эфференттік ықпалдары гипоталамус пен гипофизді іске қосады. Эрогендік рецепторлар жыныс мүшелерінде шоғырланады.
Жыныстың шартсыз рефлекс орталықтары жүлын дедгейінде орналасады. Алайда олар мидын, жоғары бөлімдері қатысатын күрделі рефлекстердің құрамына кіреді.
Жұлынның бел жəне сегізкез сегменттерінде жыныс мүшелері-нің ширыру (эрекция) жəне шəует шығару (эякуляция) орталык-тары болады. Жыныс орталықтарының жоғары ҚОЗРЫШТЫҒЫ оргазм (құшырлану) сезімімен аяқталады. Осы орталықтардың қозу толқыны жоғары өрістеп, оргазм тудыратын гипоталамус пен лимбия жүйесін белсендіреді.
Бұл эмоциялық əсерленіс кезінде нақтылы вегетативтік өзге-рістер байқалады: жүректін, систолалық көлемі 130—170%-ке өседі, пульс (кейде минутына 150—180-ге дейін), тыныс (минуты-на 40-қа дейін) жиіленеді, қан қысымы (систолалық қысым қа-лыпты жардайдан с. т. б. 60—100 мм-ге диастолалық қысым
20—50 мм-ге дейін) көтеріледі. Оргазмнан кейін жалпы қажу, босаңсу, байыз табу, ұйқышылдық байқалады. Оргазм ерлер мен əйелдерде əртүрлі болады, жеке ерекшеліктері байқалады жəне кептеген түрткілерден тəуелді келеді. Медициналық тұргыдан алып қарағанда, оргазм орга.низмге ЖЗРЫМДЫ əсер етеді. Жнныс-тық қанарат сезім болмаран жардайда жиі невроз пайда болады. Жыныстық əрекеттердің қалыптасуына шартты рефлекстік əсерленістер қатысады. Шартты рефлекстік жыныстык, (сексу-альды) тітіркендіргіштер талдағыштар арқылы əсер етеді. Шарт-ты рефлекстік əсерленіс көбінесе ер адамдарда аса жетілген. Жалпы шартты рефлекстік жыныс тітіркендіргіштерінің организмнің жыныстық ҚОЗРЫШТЫРЫН күшейтуі немесе темендетуі нейроэндокриндік жүйеніа əсеріне жəне нейропсихикалық сала-ның жардайына байланысты болады.
Нейроэндокриндік реттелу. Жыныс əрекеттік жүйесінің нейро-эндокриді аппараты əрбір жас кезендеріне қолайлы жыныс гор-мондарының деңгейін, организмнің өсу ,даму, жыныс құштарлы-РЫН, өрбу процестерін қамтамасыз етеді.
Жыныс гормондарының организмге жасайтын əсерінін. көлемі зор. Олар клетка геномын (текқорын), белінуін, арзалар мен тканьдердің қайта жадғыруын (регенерациясын), өсу жəне даму, иммундық əсерленісін, зат алмасуынық барлық түрін, мінез-құлығы мен эмоциясын реттейді, ақыры гёнотиптің (тектүрдің) фе-нотипке (белгітүрге) алмасуын жүзеге асырады.
Организмнің үрпақ жаңрырту жəне гормон түзу қасиеті гипо-таламус-гипофиз жəне шеткі сөлініс бездерінен тұратын күрделі құрамалардан тұрады.
Гормондар əсерінің алғашқу жүзеге асатын деңгейі — ағзалар мен тканьдер. Олардың клеткаларының ажыратылыс нəтижесінде көптеген гормондар жиынтығына арнайы рецепторлары болады. Тканьдерде клеткааралық реттеуді əрекетін простогландиндер ұйымдастырады. Бұлардың іс-əрекеті ЦАМФ (циклді аденозин-монофосфат) арқылы іске қосылады. Тканьдерде туатын сигнал-дық ақпараттар орталық жүйке жүйесіне беріледі.
Нейроэндокриндік реттелістің келесі деңгейі шетте орналасқан ішкі сөлініс бездері. Олар түзетін гормондар қанға сіңіп, қашық-
тықтан жəне ұзақ уақыт əсер ете алады. Сөйтіп гормондар əртүр- лі аймақтарда жекеленген ағзалардың биоыррарын лайықтастырып, олардың арнайы іс-əрекетін үйлестіреді.
Гормондар əсеріне ерекше сезімталдығы білінетін ағзаларды нысана-ағза деп атайды. Мəселен, сүт безі мен жатыр жыныс гормондарына өте сезімтал келеді. Олар басқа ағзалар мен тканьдер елемейтін, жыныс гормондарының (эстроген, прогестин, андроген) аз мөлшерінде де арнайы жауап береді.
Шеткі эндокриндік бездер өздігінде гипофиздің бағыттаушы гормондары арқылы реттеледі (үшінші деңгей). Төртінші деңгей гипоталамустьщ «босатушы гормондар» (ризилинг-гормондар) тү-зуші орталықтарынан тұрады. Ең ақырғы, бесінші деңгей, гипота-ламустың нейрогормондарын қадағалайтын ОЖЖ-нің басқа жо- ғары құрылымдары.
Гипофиз жыныс саласын реттейтін фолликулстимуляциялау-шы (ФСГ) жəне лютеиндеуші (ЛГ) гормондар түзеді. Бүларды тұқымбағыттаушы (гонадотропты) гормондар (ТБГ) деп атайды. ТБГ жыныс бездеріндегі тек белгілі процестерді қадағалайды. Мəселен, əйел организмінде ФСГ аналық'бездегі фолликуланың өсуін, дамуын жəне пісіп жетілуін, ал ЛГ оның жарылу (овуля-ция) кезін жүзеге асырады. Гипофиздіқ тағы бір гормоны п^олак-тин сары дене гормоны — прогестеронмен бірігіп, аналык, безде жаңа
фолликуланың дамуын тежейді. Аналық клетка ұрықтанған жағдайда, бүлар оның жатырдың кілегейлі қабықшасына еніп, бекінуін жəне плацентаның қалыптасуын қамтамасыз етеді. Со-нымен бірге ұрпақ жаңғырту (репродукция) ^үшелерін дайын-даура, сүт безінің дамуына жəне сүт бөлу (лактация) процестерін реттеуге осы гормбндар жауапты.
Еркектердің организмінде ФСГ сперматогенезді, ал ЛГ андро-геннің биосинтезін реттейді. Сондықтан ЛГ, басқаша, дəнекер клеткаларды демеуші гормон деп те аталады.
Гипофиз гормондары, оның ішінде ТБГ, гипоталамустың «бо-сатушы гормондарынан» тəуелді келеді. Бүл нейрогормондар сө-лініс нейрондарында түзіліп, жүйке талшықтарыньщ бойымен төмен агады (аксондық тасьшал). Одан гипофиздің қақпа капилля-рының алғащқы ілмектерінде қанра өтеді. Рилизинг- гормондармен қаныққан кан гипофиздің алдыңры бөлігіне (аденогипофизге) жетеді. Сөйтіп гипофиздің сөлінісін қан арқылы гипоталамус жіті бақылап отырады.
Қазір гипоталамустың, 10 рилизинг-гормоны анықталды. Олар-дың кейбіреуі гипофиздегі ішкі сөліністі демейді (либериндер), ал басқалары тежейді (статиндер). Гипофизде ФСГ жəне ЛГ сөлінісі фоллиберин мен люлиберин арқылы сəйкестеліп реттеле-ді. Гипоталамустан гипофиздің екі гормонын да белсендіретін зат бөлініп алынды, кейін ол синтезделіп, клиникада тумайтын əйел-дерді емдеу үшін қолданылып жүр.
Гипофиздің тұқым бағыттаушы гормондары селінісін гипота-ламустық тонусты жəне оралымды (циклды) орталықтары қамта-масыз етеді. Тонусты орталық ФСГ жəне ЛГ синтезделіп бөлініп шыруын қадағалайды., Оралымды орталық жыныс бездерін бақы-лау жүйесіне овуляпия кезеңінде кіріседі. Бүл орталық преопти- калық аймақта орналасқан. Мұнда люлибериннін, мол мелшері байкалады, ол жыныс оралымына жəне гонадотропиннің тəулік-тік ыррагына сəйкес өзгеріп отырады. Гипоталамустың оралымды орталырынын, құрамына супрахиазмалық жəне дора тəрізді ядро-
лар кіреді.
Гипоталамустың жыныс орталықтары тəуелсіз əрекеті болға-нымен, орталық жүйке жүйесінің біраз құрылымының бақылауын-да болады.
Жыныстық əрекеттік жүйенің қызметіне лимбияның құрамына кіретін бадамша тəрізді дене (амигдала) мен гипокамп қатысады. Біріншісі демеуші, екіншісі тежеуші əсерді қамтамасыз етеді.
Гипоталамустың жыныстық (сексуальдық) орталырына эпи-физ зор тежеуші ықпал жасайды. Жыныстық орталықтарды ОЖЖ-ніқ адренергиялық жəне холинергиялық құрылымдары, ве-гетативтік жүйке бөлімдері реттейді. Норадреналин ФСГ мен ЛГ сөлінісін демейді, допамин пролактин түзілуін тежейді.
Жыныс əрекетін реттеуге лимбия жүйесімен қатар ми қыртысы да қатысады. Адамнын, əлеуметтік жардайы, психикасы жəне эмо-циялық əсерленісі жыныстық əрекеттік жүйеніқ қызметін бақылап
отырады.