МІНЕЗДЕМЕ 5«Ә» сынып оқушыларының арасында ерекше болып көзге түскен- Сапарғали Мейірім. Ол өзіне тапсырылған жұмысты бірден орындай білетін, жылдам әрекет ететін оқушылардың бірі. Сабақты жақсы оқиды, әр сабаққа белсене қатысып отырады. Сыныбында үздік оқитын оқушының бірі. Түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады. Тәртібі жақсы. Мейірімнің мінезі ашык жарқын, білімге құштар, жайдарлы, көпшл, сыныптастарының арасында сыйлы. Сонымен қатар, сабақ кезінде өтілген тақырыптарды тез түсініп, оқушылармен өз ойын бөліскенді жақсы көреді. Сабақтан себепсіз қалмайды және кешікпейді. Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады.
Сынып ішінде туындаған қиндықтарды тез шеше біліп, қолдау көрсетуге дайын тұрады. Әр сабақта қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзінің үздік оқушы екенін көрсете алады. Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындай біледі. Өте белсенді. Болашақта Мейрімнің үлкен белестерден көрінетініне сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя білетін, жауапкершілігі мол окушы.
Мен, Мейірім келешекте биік белестерден көрініп, өз ісінің шебері болатынына сенемін және сенім білдіремін!