Қазіргі тіл білімінің лингвомәдени аспектілері
Оқытушы: Мұратбек Бағила Құрманбекқызы
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, (қауымдастырылған профессор)
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қ.Жұбанов атындағы АӨУ
«Қазақ филологиясы» кафедрасы
7M01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы (2 курс, магистратура)
Ақтөбе - 2021
Тақырып: Коммуникация теориясының негізгі ұғымдық-терминологиялық аппараты, басқа ғылым салаларымен, тіл білімінің басқа бағыт-бағдарларымен байланысы
Жоспар:
1) Қарым-қатынас: моделі, қызметі және түрі.
- Тілді зерттеудің рухани-танымдық бағыты
3) Мәдени-тілдік деректерді антропоөзектік бағытта зерттеудің теориялық-танымдық негіздері
4) Қазақ тілінің ұлт тұтастырушылық қызметі
5) Тілдің таңбалық сипаты мен мұрагерлік (кумулятивтік) қызметінің сабақтастығы
- Қарым-қатынас: моделі, қызметі және түрі
Адамаралық қарыс-қатынас (ағылш. Interpersonal relationship) – саналы адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс: екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоцоиналды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Адамаралық қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты.
Адамаралық қарым қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі , бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо,макро, микро, рухани, іскер т.б. деңгейлері болады.
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру)
3)аффектифті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты)
Достарыңызбен бөлісу: |