Курс: 3 курс, 301-топ Қабылдаған: Медеуова Галия Джумакановна Алматы, 2023 жыл Жоспары



бет8/8
Дата24.05.2023
өлшемі0,66 Mb.
#96648
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Уәлихан Кәусар БӨЖ3 Растение

Кесінділеп көбейту үшін өсімдік кесінділері пайдаланылады. Кесінді дегеніміз — бойында бүршіктері бар өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінің бір бөлігі. Мұны қалемше деп, көбейтудің бұл жолын қалемшелеп көбейту деп атайды. Өсімдіктердің түріне қарай олардың біреуін сабағының, екіншісін жапырағының, ал қайсыбірін тамырының кесіндісінен көбейтуге болады. Сабақ қалемшелері жасыл (жаздық) және қыстық деп бөлінеді. Жасыл қалемшелер арқылы негізінен бөлме өсімдіктерін көбейтеді. Ол үшін аналық өсімдіктен киғаш етіп кесілген 3-5 жапырағы бар (бүршікті) қалемшелер дайындап, оны ылғалды құмға отырғызып қояды. Қалемшелер түптенген (қосалқы тамырлар шығарып) кезде бүршік өсе бастайды. Сүректі өсімдіктердің басым көпшілігі қыстық қалемшелер арқылы кебейтіледі. Қыстық қалемшелерді бір-екі немесе үш-төрт жылдық өркендерін (ұзындығы 20-25 см) дайындайды. Бұларды күзде ылғалды құмға отырғызады да, көктемде питомникке көшіреді, онда күш алып, ұлғайып өскеннен кейін тұрақты орынға отырғызады. Сабақ кесіндісінен жүзім, тұшала, тобылғы, жыңғыл, ақгүл ырғай, терек, тал, т.б. өсіріледі. Тамыр қалемшені жуандығы 0,5 — 2 см, ұзындығы 16-20 см күзде дайындап, сабақ қалемшелері сияқты өсіреді. Жапырақ қаламшелері арқылы бегония, глоксиния, лалагүл, қазтамақ сияқты өсімдіктер тобының түрлері ғана көбейе алады. Бегония жапырағынан дайындалған қаламшелерде қосалқы тамырлар жапырақ тақтасының астыңғы бетінің ірі жүйкелерінде, ал бүршіктер мен өркендер жапырақтың үстіңгі бетінде жетіледі.
Сұлатпа шыбықтан көбейту. Сұлатпа шыбық дегеніміз — өсімдіктің вегетативтік жолмен көбейтуге арналған өркендерін өсімдіктің өзінде тамырландырып алу. Сұлатпа шыбығы арқылы өсімдіктерді үш түрлі жолмен көбейтеді. Олар: жатқыза сұлату, иілдіре сұлату, тік сұлату. Түбін ажыратып көбейту — түптеніп өсетін өсімдіктердің тамырлары бар сабақтарын бір-бірінен ажыратып өсіру. Түбін ажыратып көбейтудің селекция жұмысында мәні зор. Жеке-жеке тамырлы сабақтарды көбейту арқылы бағалы сорттардың тұқымын алуға брлады. Тамыр атпаларынан көбейту - тамырдағы қосалқы бүршіктерден жер бетіне өсіп шыққан өркендерді аналық өсімдіктерден бөліп алып өсіру. Бұл түбін ажыратып көбейтуге ұқсас, айырмашылығы өз тамырында өсіп тұрған аналық өсімдікті орнынан қозғамай тамыр атпаларынан өсіп шыққан жас өркенді бөліп алып өсіреді. Таңқурай, алхоры, шие, қара бүлдірген, мойыл, терек т.б. өсімдіктерді осы жолмен көбейтуге болады.
Қорытынды:
Құрлық бетінде өсімдіктер жамылғысы бірдей емес. Олар жерге түсетін ылғалдың мөлшеріне және осы ылғалдың маусымға байланысты қаншалықты жауатыңдығына қарай мәңгі жасыл (жаңбырлы) ормандар, ылғалдығы құбылмалы болып келетін, жапырақтары түсіп отыратын ормандар, ксерофильді сирек ағашты ормандар мен бұталарды, саванналарды, ал суы тасып отыратын теңіздің жағалауларында — мангр ағаштарынан тұратын ормаңдар түзеді. Экватордан солтүстікке қарай жасыл өсімдіктердің жолағынан кейін, аса үлкен ормансыз кеңістіктер — шөл, шөлейт, приерии орналасады. Біршама биік ендікте қайтадан мәңгі жасыл ормаңдардың жолағы кездеседі. Бірақ олар тропиктердегі секілді жапырақты ормандар емес қылқан жапырақты (тайга) ормаңдар болып келеді. Тайгадан солтүстікке қарай, полюстың айналасында (цикумполярно), тундра мен солтүстік мұзды мұхиттың салқын суы созылып жатады. Экватордан оңтүстікке қарай құрлық біршама аз болады. Полюстерге жақын жерлерде және биік таулардың басында мәңгі мұздар мен қарлар жатады. Мұңдай түрлі-түсті өсімдіктер жылдың әртүрлі кезеңдеріне қарай, әсіресе қыста, құрлықтың (континенттің) үлкен кеңістігін, шамамен 40° с.е. және одан жоғары қарай қар басқан кезде, көп өзгеріске ұшырайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:
“Өсімдіктер физиологиясы” Ж.Қалекенұлы;
“Өсімдіктер физиологиясы” лекция;

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет