Курс: 3 Пән: Қазақ тілін оқыту әдістемесі Тақырыбы



Дата24.04.2023
өлшемі117,75 Kb.
#86125

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті





Факультет: Филология
Курс: 3
Пән: Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы: алғашқы кезеңі. А.Байтұрсынұлының әдістемелік мақалаларын талдау.

Орындаған: Ергалиева.Э.Б.
Қабылдаған: Сулейменова Ж.Н.


Алматы-2023
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы: алғашқы кезеңі. А.Байтұрсынұлының әдістемелік мақалаларын талдау.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымы - кеш зерттеле бастаған ғылымның бірі. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және әдістерге көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннен басталады. Ал оның бүгінгі күнгі жету жолында бірқатар ғалымдар елеулі үлес қосты.
А.Байтұрсынов-қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш салған. Ол ең алғаш қазақша оқу құралын 1912 жылы тұңғыш әліппе құралы ретінде жазып шығарды. Ал, ғалымның «Баяншы» атты еңбегі-бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі үлгісі. Бұл еңбегі екі бөлімнен: 1-бөлімінде «Қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазу белгілері», 2-бөлімі «Дыбыспен жаттығу» мәселесін қарастырған. Ұстаз қазақ тілінің дыбыстық құрамын, олардың жіктелуін, сөз ішінде айтылуын талдай келе, қазақ тілінің заңдылықтарына лайықтап 24 әріптен тұратын алфавит жазған. Оның бес дыбысы дауысты дыбыстарды құраған. Келесі екінші бөлімінде дыбыспен жаттығудың ең негізгі жолдарын, балаларға ең алдымен әртүрлі дыбыстардың бар екенін білдіру, оларға таныс сөздерді айтып, олардың ішіндегі дыбыстарды таныстыру, бөлек дыбыстарды тізе отырып сөз айтуды білдіру деп саралап көрсеткен. Ғалымның бұл еңбегі қазақ тіліндегі әріптер, олардың емлесіне алғаш рет сипаттама бере білген тұңғыш әдістемелік құрал болып табылады. А.Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты шығарған келесі мақаласы «Баулу мектеп» және «қай әдіс жақсы» деген мақалаларының маңызы зор. «Баулу мектеп» атты мақаласында балаларды сөз үйретуге баулу деген мағынада айтады. «Баулу мектеп» үйым түрінде іс қылып, іс жүзәнде білім алып, еңбекті сүйетін, алған білімін болашақта қолдана білуге баулитын жастар шығаратын орын деп қорытындылайды.
«Жаңа мектеп» атты журналда жарияланған «Қай әдіс жақсы?» мақаласында қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты оқытудың әдіс-тәсілін сөз етеді. Ол мақалада «әр әдіс өзінше жақсы, әдіс-керекшіліктен шығатын нәрсе» деген ой айтады. Ол мақалада ең алғаш сауаттау әдісін ұсынған. «Сауаттау әдісі- соны білдіруге жұмсалатын түрлі әдістердің шумағы болады. Жазу-әріптердің суретін сала отырып тізу, ал оқу дегеніміз- әріптердің дыбыстарын айта отырып тізу»,- деп түсіндіреді. Сонымен қатар ғалым «Жалқылау» әдісі деген мақаласын жариялаған. Ол мақалада: «жалқылау әдісі- жалпылау әдісіне қарсы әдіс. Жалқылаудың негізі- іріден ұсақтату. Сабақ үстіндегі ең тиімді талдау, жинақтау әдістерінің негізін салған. Дәл осы әдіс тәсіліне байланысты «Ана тілінің әдісі» атты мақала жазады. Онда ана тілін үйретудің ең тиімді әдісі әліпби үйретуден бастау деп көрсетеді. Байтұрсынұлы қазақ ұлтының табиғи қалпын сақтау мақсатында, кемшіліктерді болдыртпау үшін өзінің білім беру жүйесінде ана тілімен оқыту тәсілін ұсынған.
Тіл білімінен ойып тұрып орын алар келесі еңбегі «Тіл құрал» деп аталады. Бұл оқулық негізінен үш жылдыққа арналып, әр жылға, әр сыныптарға жеке-жеке жазылған құрал. Бірінші кітабы: Дыбыс жүйесі мен түрлері (1914), екінші кітап: Сөздің жүйесі мен түрлері (1914-1915), үшіншісі: сөйлем жүйесі мен оның түрлері (1923). Бұл кітаптың үшеуі де Орынборда жарық көрген.
Одан бөлек ғалымның әліппе оқулықтары, «Тіл құрал», «Баяншы» атты еңбектері мен мақалалары қазақ тілін оқыту әдістемесі мен тіл ғылымына қосқан үлкен үлесі болып саналады.
Ахмет Байтұрсынұлы жайлы, тіл саласындағы еңбектері жайлы көптеген зерттеу еңбектер бар. Мысалы, Ө.Айтбаев «Қоғамдық ғылымдар терминологиялық лексикасының қазақ тілінде қалыптасуы мен дамуы», Н.Машқанова «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ жазуының реформаторы», А.Қыдыршаев «Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы» атты кандидаттық зерттеу жұмыстарын жазды.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. А.Әбілқаев, З.Бейсенбайқызы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» Алматы, 2014
2. tilalemi.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет