Курс: 3 Пән: Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі Тақырып


Нысандық қатынастағы құрмалас сөйлемдер



бет2/3
Дата13.07.2023
өлшемі101,29 Kb.
#104308
1   2   3
Нысандық қатынастағы құрмалас сөйлемдер. Нысандық қатынастағы құрмалас сөйлемдердің ішінде салалас түрі қазақ тіл білімінде айтылып жүр. Профессор Р.Əмір салалас құрмаластың аталған түрінің құрылысына назар аударады. Бұларда құрмалас сөйлемнің екінші бөлігі алғашқысында нысан болып табылатын қатынастың қимылын, əрекетін білдіреді. Ғалым нысанды білдіретін компонент постпозициялық күйде болатындығына назар аударады.Мысалы: Бастарын көтеріп алғанда көрді: оң жақтан шалдың қойы құлап келеді екен (А.Нұрманов).
Адвербиалдық қатынасқа құрылатын, негізінен, сабақтас құрмаластар.
Бағыныңқылы сөйлемдер ішінде пысықтауыш бағыныңқылар жай сөйлем ішіндегі етістік пысықтауыштың күрделенуі, кеңеюі арқылы пайда болған деген болжамдар да бар. Пысықтауыштардың бағыныңқыға ауысуы олардың сөйлем басында қолданылып, басқа мүшелер арқылы күрделенуі нəтижесінде пайда болғандығын синтаксистік деривация процесі арқылы түсіндіретін зерттеу жұмыстары бар. Олардың ішінен Б.Қапалбековтің ,,Көсемше бағыныңқылардың дамып қалыптасуы мен мағыналық түрлері» (2000) жəне Т.Жукеевтің «Қазақ тіліндегі пысықтауыш мүшеге қатысты синкретикалық құбылыстар» (2005) жұмыстарын айрықша атап өтуге болады.
Теңдік қатынастағы құрмалас сөйлемдер. Теңдік қатынастағы құрмалас сөйлемдерде, алдымен, компоненттердің мағыналық жақтан теңдігі ескеріледі. Қалыптасқан түсінік бойынша, теңдік қатынасқа тек компоненттердің баяндауыштық тұлғасы назарға алынып келді.Мағыналық теңдік дегенде, екі компоненттің бір-біріне мағыналық тəуелсіздігі ескерілгені жөн. Əдетте шылаулар құрмалас сөйлемнің мағыналық түрін айқындаушы негізгі фактор болса, жалғаулықсыз салаластардың кейбір түрінде оны ажырату оңай емес. Тілімізде тек тұлғалық жағынан бағыныштылығы болмаса, мағыналық жағынан өз дербестігін сақтаған сөйлемдер жеткілікті. Мұны кезінде Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Қ.Есеновтер көрсеткен болатын. Мағыналық тиянақтылығына орай кезінде кейбір ғалымдар мұндай сөйлемдерді салалас деп таныған болса, енді біреулері мағыналық жағынан салалас, тұлғалық жағынан сабақтас деп таниды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет