Факультет: Филология
Курс: 3
Пән: Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
Тақырып:Құрмалас сөйлемдерінің компоненттері арасындағы функционалдық қатынастар.
Орындаған:Алашыбай А.Қ., Ергалиева Э.Б.
Тексерген:Ермекова Т.Н.
1. Құрмалас сөйлемдердің синтаксистік тұлға ретіндегі сипаты,грамматикалық белгілері. Субъект-предикаттық қатынастағы құрмалас сөйлемдер. Субъект-предикаттық қатынас – сөйлемді ұйымдастырушы негізгі синтаксистік амал, ой білдірудің, мазмұнның жəне тема-ремалық мүшеленудің ұйытқысы. Құрмалас сөйлемдер компоненттері арасында мұндай қатынастың көрініс табуын қазақ тіл білімі үшін тосын жаңалық деп тануға болмайды. Кезінде А.Байтұрсынұлы бастауыш бағыныңқылы, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев баяндауыш бағыныңқылы деп таныған құрмалас сөйлемдер бүгінгі тіліміз үшін де жат құбылыс емес. Аталған құрылымның түркі тілдері грамматикаларына (мысалы, өзбек, ұйғыр тілі синтаксисіне арналған зерттеулерде) бастауыш бағыныңқы, баяндауыш бағыныңқы деген атаумен енгендігі белгілі . Аталған қатынастағы сөйлемдер өзінді құрылымдарға ие. 1) Мұндай сөйлемдердің субъектісі не предикаты сұрау есімдіктері- нен жасалады: Кім сүйіспеншілікпен жұмыс істесе, сол кез келген жұмысқа поэзия ендіреді (Н.Г. Чернышевский). Атрибутивтік қатынастағы құрмалас сөйлемдер. Құрмалас сөйлемдер компоненттерінің бірінші компоненті оқиға, құбылысты жалпылау мəнінде хабарлайды да, кейінгі компоненттер оны айқындап, нақтылап, суреттеп хабарлайды, соның нəтижесінде компоненттер арасында атрибутивтік қатынас түзіледі.Синтаксистік қатынастардың ішінде атрибутивтік қатынастағы тіркестердің алғашқы сыңары екінші сыңардағы заттың анықтауышы ыңғайында келеді. Атрибутивтік қатынастың мұндай сипаты құрмалас сөйлем компоненттерінен де көрініс табады. Зат атауы мен оның белгісінің арасындағы байланыстан туындайтын бұл қатынас түрі құрмалас сөйлем компоненттері арасында өзіндік ерекшелікке ие.