Курс бойынша жұмыс бағдарламасы Математикалық талдау



бет10/10
Дата06.01.2022
өлшемі106 Kb.
#15916
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
дағдысын қалыптастырады:

  • математика сабағында ЭӘЖ қолданумен оқудың тиімділігін көтеру;

  • ақпараттық-оқыту ортасын қолдану мен іс жүзінде дұрыс пайдалану

құзыретті:

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануда, ақпаратты іздеу, сақтау және тасымалдаудан;

  • ақпараттық-оқыту ортасының әр саладағы қолданылатын әдістерімен жұмыстанудан.

3. Пәннің тақырыптық жоспары мен мазмұны

3.1 Тақырыптық жоспар



Тақырыптар мен бөлімдер атауы

Барлық сағат саны

Теория

Практика

1

1 бөлім Анализге кіріспе

21

6

15

2

1.1 тақырып Нақты сандар

4

2

2

3

1.2 тақырып Функциялар

6

3

3

4

1.3 тақырып Көрсеткіштік, логарифмдік және дәрежелік функциялар

5




5

5

1.4 тақырып Шек

4

1

3

6

1.5 тақырып Үздіксіздік

2




2

7

2 бөлім Бір айнымалысы бар функцияны дифференциалдық есептеу

22

7

15

8

2.1 тақырып Туынды және дифференциал

12

7

5

9

2.2 тақырып Дифференциалды есептеудің негізгі теоремалары және қолданылуы

10




10

10

3 бөлім Бір айнымалы функцияны интегралдық есептеу

20

8

12

11

3.1 тақырып Анықталмаған интеграл

6

2

4

12

3.2 тақырып Анықталған интеграл

6




6

13

3.3 тақырып Анықталған интегралды қолдану

4

2

2

14

3.4 тақырып Меншіксіз интеграл

4

4




15

4 бөлім Қатарлар

12

3

9

16

4.1 тақырып Сандық қатар

4

2

2

17

4.2 тақырып Функционалдық қатарлар

4

1

3

18

4.3 тақырып Дәрежелік қатарлар

4




4

19

Бақылау жұмысы

2










Барлығы

77

24

53

3.2 Пәннің оқу бағдарламасының мазмұны

1 бөлім Анализге кіріспе



    1. тақырып Нақты сандар

Нақты сандар жиыны және оның қасиеттері. Нақты сандарды түзуде геометриялық кескіндеу. Санның модулі. Шектелген және шектелмеген жиындар. Аралықтар. Математикалық индукция тәсілі. Ньютон биномы формуласы.

Тәжірибелік сабақтар

Математикалық индукция тәсілі. Ньютон биномы формуласы және қосылуы.


    1. тақырып Функциялар

Нақты айнымалының нақты функциясы оның анықталу облысы мен мәндерінің жиыны. Функцияның графигі. Функцияның берілу тәсілдері. Кері функция.

Тәжірибелік сабақтар

Функция, анықталу облысы мен мәндерінің жиыны.


    1. тақырып Көрсеткіштік, логарифмдік және дәрежелік функциялар

Көрсеткіштік, логарифмдік және дәрежелік функциялардың анықтамасы және қасиеттері. Бүтін көрсеткішті түбірдің бар болуы. Көрсеткіші рационал сан дәрежелік функция және олардың қасиеттері. Көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың алгебралық қасиеттері. Кері тригонометриялық функциялар.

Тәжірибелік сабақтар

Дәрежелік, көрсеткіштік, логарифмдік, кері тригонометриялық функциялар қасиеттері.


    1. тақырып Шек

Сандық жиынның шегі. Жиынның ішкі, шектік және шекаралық нүктелері. Шек және функция шектері туралы ұғым. Екі тамаша шек. Шексыз аз және шексіз үлкен функциялар. Функцияның шегін есептеу.

Тәжірибелік сабақтар

Шек және функция шектері


    1. тақырып Үздіксіздік

Функция үздіксіздігінің ұғымы. Кейбір элементарлық функциялардың үздіксіздігі. Үзіліс нүктелері, анықтамасы және түрлері. Күрделі функция үзілісіздігі туралы теорема. Үзілісіз функцияның негізгі қасиеттері. Кесіндідегі үздіксіз функцияның шектік нүктесі, бірқалыпты , үздіксіз функция ұғымы.

Тәжірибелік сабақтар

Функцияның үздіксіздігі. Күрделі функция үздіксіздігі.


  1. бөлім Бір айнымалысы бар функцияны дифференциалдық есептеу

    1. тақырып Туынды және дифференциал

Туынды туралы ұғым. Функцияның дифференциалдану туралы түсінік. Қосындыны , көбейтіндіні , бөлшекті және негізгі элементар функцияларды дифференциалдау. Туындының геометриялық және физикалық мағынасы. Күрделі, кері функцияның дифференциалдау ережесі. Жоғарғы ретті туынды мен дифференциал. Параметрлік түрде берілген функциялар және оларды дифференциалдау.

Тәжірибелік сабақтар

Қосындыны, көбейтіндіні және бөлшекті дифференциалдау.

Күрделі , кері функцияларды дифференциалдау

Жоғары ретті туынды мен дифференциалдау


    1. тақырып Дифференциалды есептеудің негізгі теоремалары және қолданылуы

Дифференциалды есептеудің негізгі теоремалары және қолданылуы. Ролля , Лагранж және Коши теоремалары. Лопиталь ережесі. Тейлор формуласы. Функцияны зерттеу. Функцияның монотондық белгілері. Функцияның экстремумын табу шарты. Дөңес және ойыстығына бағыттайтын иілу нүктелері. Асимптоталар. Функция графигінің зерттеу схемасы.

Тәжірибелік сабақтар

Функция графигін зерттеу.


  1. бөлім Бір айнымалы функцияны интегралдық есептеу

    1. тақырып Анықталмаған интеграл

Алғашқы функция және анықталмаған интеграл. Анықталмаған интегралдың негізгі қасиеттері. Айнымалыны ауыстыру әдісімен интегралдау. Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру арқылы интегралдау. Бүтін бөлігін бөліп алу арқылы интегралдау. Бөлшектеп интегралдау. Рационал функцияларды интегралдау. Тригонометриялық функцияларды интегралдау.

Тәжірибелік сабақтар

Алғашқы функция және анықталмаған интеграл

Анықталмаған интеграл есептеудің әр түрлі тәсілдері.



    1. тақырып Анықталған интеграл

Анықталған интеграл ұғымы. Функцияның интегралдануы және анықталған интеграл. Анықталған интегралдың негізгі қасиеттері. Жоғары шегі айнымалы анықталған интеграл. Ньютон-Лейбниц формуласы. Айнымалыны ауыстыру арқылы интегралдау. Бөлшектеп интегралдау әдісі.

Тәжірибелік сабақтар

Ньютон-Лейбниц формуласы, интегралды есептеу тәсілдері.


    1. тақырып Анықталған интегралды қолдану

Анықталған интегралдың физикалық және геометриялық мағыналары. Қасиеттері. Сызықтармен шектелген дененің ауданын есептеу. Айналу денелері және олардың көлемін, айналу бетінің ауданын есептеу.

Тәжірибелік сабақтар

Сызықтармен шектелген дененің ауданын есептеу

Айналу денелерінің ауданы.



    1. тақырып Меншіксіз интеграл

Меншіксіз интеграл ұғымын. Бірінші текті меншіксіз интегралдар. Меншіксіз интегралдың жинақтылық белгілері.

Тәжірибелік сабақтар

Меншіксіз интегралдың жинақталу белгілері.

4 бөлім Қатарлар

4.1 тақырып Сандық қатарлар

Қатар ұғымы. Сандық қатарлар. Сандық қатардың жинақталуы. Жинақты қатарлар. Сандар қатарлардың жинақталу және жинақталмау белгісі.

Тәжірибелік сабақтар

Сандық қатардың жинақталуы. Жинақты қатарлар. Сандық қатарлардың жинақталу және жинақталмау белігіс.

4.2 тақырып Функционалдық қатарлар

Функционалдық қатарлар. Функционалдық қатарлардың жинақталуының жеткілікті белгісі. Үздіксіз функциялардың қосындысы.

Тәжірибелік сабақтар

Қатарларды қосу және көбейту.

4.3 тақырып Дәрежелік қатарлар

Дәрежелік қатарлар. Абель теоремасы. Дәрежелік қатарлар қасиеті. Коши – Адам формуласы. Тейлор қатарлары.

Тәжірибелік сабақтар

Дәрежелік қатарлар қасиеті. Тейлор формуласы.

4. Оқытудың жоспаранған нәтижені бақылау

Пән бойынша бақылау аралық аттестация: бақылау жұмыс, тестілеу, емтихан өткізуді қарастырады.

Пән бойынша бақылау жұмыстарының түрін және өткізу уақытын білім ұйымдарын анықайды.

6 семестр -сынақ



6 семестр -бақылау жұмысын алу жоспарланған.

5 Әдебиеттер және оқу құралдары

Негізгі

1.берман Г.Н. Сборник задач по курсу математического анализа –санк Петербург Наука 2004

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет