Курс туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР



бет4/17
Дата27.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#128985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Êóðñ òóðàëû æàëïû ì ë³ìåòòåð Ï í î ûòóøûñû

7.ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:
Оқу сабақтарында (дәріс, семинар сабақтар) қолданылатын әдіс-тәсілдер интерактивті дискуссия, тренинг, ақпараттық-білім беру ресурстары ZOOM, YouTube және т.б. ).


8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:





ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы

Тапсырма түрі

Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты)

Берілген мерзімі

Қабылдау мерзімі




ОСӨЖ тапсырмалары

1

Жаһандану үдерісінің ұлттық руханияттың дамуына әсері

Мәнжазба

2аптадан бастап тапсырмалар беріледі

4 аптадан бастап қабылданады
Жұма сағат 14.30 -15.30

2

Этникалық ой-толғамдарды қалыптастыру тарихындағы ғұламалар идеялары

Материалды кесте түрінде көрсетіңіз




Жұма сағат 14.30 -15.30

3

Қазақ ақын-жазушылары және ұлттық руханият. XVIII-XIX-ғасырлардағы батыс Қазақстан өңірінен шыққан ақын-жыраулар шығармашылығы

Баяндама




Жұма сағат 14.30 -15.30

4

М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы қазақ дәстүрлері мен ырымдары. Олардың танымдық-тәрбиелік мүмкіндіктері

Мәнжазба

10аптада беріледі

12аптада қабылданады
Жұма сағат 14.30 -15.30

5

Бүгінгі жастар тәрбиесіндегі ақын-ағартушы Ш.Құдайбердіұлының «Үш анық», ғалым-педагог М.Арынның «Бес анық» шығармаларының ролі, үндестігі

Кесте құру




Жұма сағат 14.30 -15.30

6

Ұлттық руханият контексінде болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру

Конспект




Жұма сағат 14.30 -15.30

9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

    1. Дәрістер

1.Тақырыбы: Тәрбие кеңістігіндегі ұлттық руханиятты зерттеудің ғылыми негіздері
Сағат саны: 2
Тақырыптың жоспары:
1. Кіріспе. «Руханият», «ұлттық руханият» ұғымдарының тәрбие кеңістігіндегі мәні.
2. Жаһандану дәуірінің ұлттық руханияттың дамуына әсері.
3.Ұлттық руханияттың қоғам дамуымен байланысы мен сабақтастығы.
4. Адам капиталын құрудағы тарихи-қоғамдық, әлеуметтік-педагогикалық, ұлттық сана.
5. Халықтық педагогикалық мәдениет туралы түсінік.
6. Ұлттық руханият мәселесін зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері.
Дәріс тезисі: Адамдарды моральдық азғындықтан, сезімдік жадаулықтан құтқаратын бір күш бар. Оның аты-руханият. Керек десеңіз, руханият қоғамды әлеуметтік-экономикалық құлдыраудан да алып шығады. Руханият-адамның дүниетанымының кеңдігінен, жанының нәзіктігінен, санасының жоғарлығынан, әділеттілік үшін белсенділігінен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен көрініс беретін оның ішкі әлемі. Адамның руханилығы жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтеуінен, игілікті құндылықтарды көздеуінен де көрінеді. Адамгершілік қасиеттерді қастерлейтін адам белгілі бір рухани мұраттар мен құндылықтарды ұстанады. Олардың әрекеттерінен мейірімділік, ар сақтау, ұятқа қалмауға тырысу сезіліп тұрады. Руханият адамға әдебиет, өнер, халық даналығы, салт, мәдени дәстүрлер, ғылым, білім арқылы келеді. Мәдениет әр түрлі құндылықтардың бірлігі ретінде адамды рухани бостандыққа жетектейді. Рухани құндылықтар өмірге мағына береді, болашаққа жол ашады. Руханиятты қадірлейтін қоғамның ғана болашағы бар.Рухани мәдениет адамның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты, қадірі, адамшылығы, ұяттылығы, тәрбиелігі, зиялылығы, қарапайымдылығы арқылы көрінеді. Адамның адамгершілік қасиеттерінің жоғарлығы- руханилықтың негізі. Ал өнер, әдебиет, ғылым мен білім адамға тәрбиелеу мен еңбектену арқасында келеді.
Бекіту сұрақтары:
1.«Руханият», «ұлттық руханият» ұғымдарының тәрбие кеңістігіндегі мәні қандай?.
2. Жаһандану дәуірінің ұлттық руханияттың дамуының себептері қандай? .
3.Ұлттық руханияттың қоғам дамуымен байланысы мен сабақтастығы неде?.
4. Адам капиталын құрудағы тарихи-қоғамдық, әлеуметтік-педагогикалық, ұлттық сана ерекшелігі неде?
5. Халықтық педагогикалық мәдениет туралы түсінік дегеніміз?
6. Ұлттық руханият мәселесін зерттеген ғалымдар?
7. Тұлға әлеуметтенуіндегі ұлттық руханияттың мәні нқандай?
Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. //Егеменді Қазақстан, 2011 жыл.
2. ҚР-да білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. //Нур-Сұлтан, 2020 жыл.
3. Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 32 б.
4. Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы. – Астана, 2017.
5. Хантингтон С. Столкновение цивилизаций. - М., 2014. - 480 с.
6. Тойнби А. Вызовы и ответы. Как гибнут цивилизации. - М., 2016. - 288 с.
7. Общенациональная идея Казахстана: опыт философско-политологического анализа. – Алматы: ИФиП, 2006. - 412 с.
8. Поппер К. В поиске лучшего мира. - М., 2015. – 274 с.
9. Гердер И.Г. Идеи о философии истории человечества. – М., 2012. - 254 с.
10. Жұртбай Т. Өлімші халықты тірілткен Мәңгілік ел нысанасы. //Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер. – Алматы: Ғылым, 2001. – 389 б.
11. Ғабитов Т.Х., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану: Оқулық. – Алматы: Раритет, 2004. – 416 б.
12. Нұрмұратов С. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік-философиялық талдау. – Алматы: ФСИ, 2000. – 180 б.


2.Тақырыбы: Ұлттық руханияттың қалыптасуындағы педагогикалық ой-пікірлер генезисі
Сағат саны: 2
Тақырыптың жоспары:
1. Түркі әлеміне ортақ тарихи санадағы руханият. Ұлттық руханият бастаулары.
2. Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің қалыптасып, дамуы, алғашқы кезеңдері (ежелгі қазақ жеріндегі тәрбие, көне түркі мәдениетіндегі тағылымдық ойлар бастаулары, орта ғасыр ойшылдарының тәлімгерлік ой-пікірлері).
3. Қазақ хандығы кезіндегі дәстүрлі тәрбиенің ұлттық руханияттағы орны (жыршы-жыраулар, ақындар, батырлар шығармашылығындағы тағылымдық ойлар).
4. Ұлттық тәрбиенің қалыптасып, дамуына Ресей және Батыс Еуропа мәдениетінің ықпалы (ХVIII-ХХ ғ.ғ. Қазақстанның Ресейге қосылу кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысы мен ағартушылық-демократиялық бағыттағы тәлім-тәрбие, Кеңестік дәуірдегі ғылыми-педагогиканың дамуы).
5. Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбие. Этнопедагогика, этнопсихология ғылым салаларының қалыптасып, дамуы (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ғаббасов, С.Ұзақбаева, К.Қожахметова, т.б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет