Курс туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет5/17
Дата27.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#128985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Êóðñ òóðàëû æàëïû ì ë³ìåòòåð Ï í î ûòóøûñû

Дәріс тезисі: Түркі тілдес халықтардың XI ғасырдагы аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл шығыс елдеріне мәлім болған данышпан ойшыл, белгілі қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұн ұлтты кемелдендіру үшін ең әуелі отбасындағы әдептілік қарым-қатынасты қалыптастыру керек дейді. «Әкені сыйламаған ұлдан без, ананы сыйламаған қыздан без», – дейді ол. Әдеп - отбасындағы тәрбиенің алтын арқауы екенін айта келіп: «Кісілік - қымбат емес, кішілік – қымбат», «Ұлық болсаң, кішік бол», - деп түйіндейді. Ел-жұртты басқарып, кемелдендіретін – ақыл-парасатты, ниеті түзу, сөзі қисынды, өнер мен білімге жетік, қолы ашық, пейілі кең, кек сақтамайтын, иманды да, инабатты, әдепті де әділетті азамат болуы керек деген ойын ғұлама ғалым Ахмет Иүгінеки «Ақиқат сыйы» деген дастанында жырмен жеткізеді. XI - XII ғасырда өмір сүрген, есімі ислам әлеміне мәлім болған ойшыл қайраткер Ахмет Яссауи мәдениеттіліктің тірегі - әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, рухани өмірдің таза болуы, жан тазалығы мен тән тазалығы деп көрсетеді. Ахмет Яссауи ұлтты мәдениеттілікке тәрбиелеудің басты құралы - дін деп көрсетеді, «Имандылық - мәдениеттілік екенін дәлелдеп, бір алланы сүю - шынайы махаббат», - деп атап көрсетеді. Ұлы тәлімгер Мұхаммед Хайдар Дулати (1499 - 1551) "Тарихи и Рашиди" атты тарихи және көркем шығармасында ұлттық мәдениеттің негіздерін ел басшысы қастерлеп, елге өзі үлгі көрсетуі керек деп түсіндіреді. Ел басшысы қарапайым, қамқоршы, жаны мен тәні таза, кішіпейіл көреген, көпшіл, адал, шыншыл, талап қойғыш, аңғарымпаз болу керек дейді. Ұлттық сана - ұлт руханиятының негізі. Ұрпақтан ұрпаққа тарихтың білімі, тұлғалар тағылымы, ұлттық тәрбие арқылы беріліп отырады. Ұлттық сананы ұлт руханиятының өзегі дейтін себебіміз, тарихта қазақты ұлт ретінде сақтап қалған дүние - ұлттық сана, ұлттық сананың рухы. Ұлттық сана ұлттың рухани әлемінде сақталып, ұрпаққа рухани дүниелер арқылы беріліп отырғандықтан да тарихтың қиын кезеңдерінің өзінде елдің бірлігі жоғалмаған.
Бекіту сұрақтары:
1. Түркі әлеміне ортақ тарихи санадағы руханият. Ұлттық руханият бастаулары қандай?
2. Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің қалыптасып, дамуы, алғашқы кезеңдері (ежелгі қазақ жеріндегі тәрбие, көне түркі мәдениетіндегі тағылымдық ойлар бастаулары, орта ғасыр ойшылдарының тәлімгерлік ой-пікірлері) мәні неде?
3. Қазақ хандығы кезіндегі дәстүрлі тәрбиенің ұлттық руханияттағы орны (жыршы-жыраулар, ақындар, батырлар шығармашылығындағы тағылымдық ойлардың) қазіргі кезде қолданылуы қандай?
4. Ұлттық тәрбиенің қалыптасып, дамуына Ресей және Батыс Еуропа мәдениетінің ықпалы (ХVIII-ХХ ғ.ғ. Қазақстанның Ресейге қосылу кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысы мен ағартушылық-демократиялық бағыттағы тәлім-тәрбие, Кеңестік дәуірдегі ғылыми-педагогиканың даму) себептері?
5. Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбие. Этнопедагогика, этнопсихология ғылым салаларының қалыптасып, дамуына үлес қосқан ғалымдардың қандай екбектерін білесіздер?
Әдебиет:
1. Мәдени мұра: Қазақтың тарих айту, сақтау дәстүрі және оны жаңғырту жолдары //Қошқар ата конференциясының материалдары. – 2005. – 26-27 мамыр.
2. Кул-Мухаммед М. Основы национального бытия // Казахстанская правда. 20.08.2004г.
3. Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1986. – 616 б.
4. Құдайбердиев Ш. Үш анық. Алматы, 1996.
5. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы.Алматы:Мектеп баспасы, 2017. - 396б.
6. Жүсіпбек Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. 3-т. А., «Ғылым, 1997. - 240 б.
7. Ахмет Байтұрсынұлы. Маса. Өлеңдер мен көсемсөздер. А., «Раритет», 2005. - 208 б.
8. Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. «Арыс», 2004.
9. Момынова Б. Шәкарім поэзиясының тілі. «Арыс», 2008.
10. Жанпейісов Е. М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының тілі. Алматы, 1976.
11. Нуржанов Б.Г. О национальной идее. К постановке проблемы. //Журнал «Вестник», №31. - 2008.
12. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Білім, 1995.
13. Бахтиярова Г.Р. Халық тағылымы – тәрбие қайнары. – Алматы: Ғылым, 2002.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет