Тесттер: 1. Интоксикация кезінде ... жиі кездеседі.
1) гипертония
2) тәбеттің күшеюі
3) дене температурасының қалыпқа келуі
4) жүрек айнуы, құсу
5) науқастың жалпы жағдайының жақсаруы
2. Ісік ыдыруы салдарынан ағзаның улануы ... алып келеді.
1) интоксикацияға
2) гипертонияға
3) дене салмағының артуына
4) гипергалактияға
5) жұмысқа қабілеттіліктің жоғарылауына
3. Ылғалды жөтел ... сипатталады.
1)құрғақ сырылдармен
2)анемиямен
3) қақырық бөлінуімен
4)дене салмағының артуымен
5)қақырықтың болмаумен
4. Тамақты жұту кезінде жөтелдің пайда болуы ... жыланкөздің барын сипаттайды.
1) бронх және терінің арасында
2) тоқ ішек пен аш ішектің арасында
3) асқазан және он екі елі ішектің арасында
4) ірі және майда бронхтар арасында
5) өңеш және трахея арасында
5. Қақырықтың шығуын жеңілдеті үшін қабылдайтын ... дәрі дәрмек.
1) ішті жүргізетін
2) утеротониктер
3) қалқанша безінің гормондары
4) қыша қағаздары
5) диуретиктери
6. Ісіктің ыдырауынан келіп шығатын сыртқы қан кетуді тоқтату үшін ... қолданады.
1) гемостатикалық губка
2) жылы жылытқыш
3) қызыл бұрыш жапсырғышы
4) қыша қағаздары
5) тромболитиктер
7.Онкологиялық науқастардағы қан кетулердің негізгі себептеріне ... жатады.
1) лейкоцитоз
2) тромбоцитоз
3) ісіктің ыдырауы
4) тамыр ішілік шашыранды қан ұйысысиндромы
5) нервтің зақымдануы
8. Сәулелік терапияны сыртқа қолдану кезіндегі жағымсыз әсерне ... жатада.
1) ісік жасушаларының регрессиясы
2) сәулелі күйік
3) жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромы
4) ішкі қан кету
5) дене салмағының артуы
9. Зәрді ұстай алмау – ... .
1) 2 тәулік бойы зәрдің болмауы
2) зәрдің мөлдір болмауы
3) еріксіз зәр шығару
4) зәр шығару
5) энурез
10. Ісінуі бар науқастарда ... болады.
1) тромбоэмболия
2) ойық жаралар
3) жүдеу
4) диурездің күшеюі
5) терінің қорғаныс қасиетінің күшеюі