Ситуациялық есептер: Есеп №1.Науқас қатерлі ісіктен зардап шегеді, дәрігер сәулелік ем тағайындаған. 3 рет сәулелік ем қабылдаған соң теріде өлі еттену аймағының пайда болмағына, күйікке, қатты ауырсынуға шағымданады.
Сұрақ: 1. Науқастың осы жағдайының туындау себебін түсіндіріңіз.
2. Науқастың жағдайын жақсарту үшін қандай іс – шаралар қолдану қажет?
Есеп №2. Науқас 70 жаста. Өздігінен қозғала алмайды, сол себепті үнемі төсекте жатады, объективті тексеру кезінде сегізкөз, жауырын, үлкен жамбас ұрщығы, шынтақ аймақтарында кішкене жараларды анықтаған.
Сұрақ: 1. Осы науқастың қандай қажеттілігі бұзылған? (
2. Осы науқасқа қандай күтім көрсетілуі қажет?