Ситуациялық есептер: Есеп №1. Науқас П. 45 жаста. Келесі диагнозбен стационарда ем қабылдап жатыр: тізе буындарының остеоартрозы. Жүрген кезде және физикалық жүктеме болғанда тізесінде ауырсыну болады. Объективті қарағанда синовиит (буындарының қызаруы және ісінуі) белгілері көрініп тұр. Науқас қажетті медикаментозды ем қабылдап жатыр.
Сұрақ: 1. Науқасқа дәл қазір ЕДШ тағайындауға болады ма?
2. Синовиитты жеңілдету үшін мейірбике ЕДШ-ның қай әдістерін ұсынады?
3. Стационардан шыққаннан кейін оңалтудың қай түрін қолдануға болады?
Есеп №2. Науқас К. 50-те. Келесі диагнозбен стационарда ем қабылдап жатыр: омыртқаның бел аймағында остеохондрозы. Шағымдар: бел және аяқтарының ауыруы. Науқас қажетті медикаментозды ем қабылдап жатыр (анальгетиктер, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер).
Сұрақ: 1. Науқасқа дәл қазір ЕДШ тағайындауға болады ма?
2. Синовиитты жеңілдету үшін мейірбике ЕДШ-ның қай әдістерін ұсынады?
3. Стационардан шыққаннан кейін оңалтудың қай түрін қолдануға болады?
3-сабақ
1. Тақырыбы: . Ірі қантамырларына операция жасалған науқастарды оңалту және мейірбикелік күтім(стационарлық,амбулаторлық,санаторлық кезеңінде).
2. Мақсаты: Қазіргі уақытта оперативті емдеу жүрек-қантамырлық жүйе ауруларын емдеудің нәтижелі әдісінің бірі болып табылады, сондықтан студенттер жүрекке және ірі қантамырлаға операция жасалғаннан кейінгі оңалту принциптерін білуі тиіс.
3. Тапсырма: - Емдік дене шынықтыру түрлерін манекенде немесе волонтерде көрсету;
- жаяу жүріс, жеңіл жүріс, түрлі тренажерларды, суда жүзуді тағайындау мерзімі;
- емдік дене шынықтыруды тағайындаудың негізгі көрсеткіштерін нақты білу;
- емдік дене шынықтыруды тағайындаудың негізгі кері көрсеткіштерін нақты білу;
- жүрекке жасалган операциядан кейін санаторлық – курорттық ем;
- СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиеттер іздеу (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, анықтамалықтармен, оқу әдебиеттерімен, интернетпен жұмыс жасау);
- Сабақ тақырыбы бойынша конспект, көрнекі құралдары бар реферат дайындау;
- Берілген тест тапсырмаларына және ситуациялық есептерге дурыс жауап беру;