Ситуациялық есептер: Есеп №1.Науқас қатерлі ісіктен зардап шегеді, дәрігер сәулелік ем тағайындаған. 3 рет сәулелік ем қабылдаған соң теріде өлі еттенуі , күйік, пайда болғағына, қатты ауырсынуға шағымданады.
Сұрақ: 1. Науқастың осы жағдайының туындау себебін түсіндіріңіз.
2. Науқастың жағдайын жақсарту үшін қандай іс – шаралар қолдану қажет?
Есеп №2. Науқас 70 жаста. Өздігінен қозғала алмайды, сол себепті үнемі төсекте жатады, объективті тексеру кезінде сегізкөз, жауырын, үлкен жамбас ұрщығы, шынтақ аймақтарында кішкене жараларды анықтаған.
Сұрақ: 1. Осы науқастың қандай қажеттілігі бұзылған?
2. Осы науқасқа қандай күтім көрсетілуі қажет?
2-сабақ
1.Тақырыбы: Өкпе резекциясынан кейінгі қалпына келтіруші терапия және күтім.
2. Мақсаты:мейірбикелік диагнозды тұжырымдауда оңалту әдістерінде жүргізілетін басым мәселелерді анықтау, тыныс алу жүйесінің ісік ауруы бар науқастарды оңалтуды, емдік шынықтыруды білу қажет.
3. Оқыту мақсаты: - Өкпе резекциясынан кейінгі негізгі емдік физикалық жаттығулар
- ЕДШ кезіндегі тыныс алу жүйесі қызметінің өзгеруі
- Отадан кейінгі өкпедегі асқынулар
- Өкпе ісігі себебіне байланысты отадан кейін науқастармен жұмысты ұйымдастыру
- ЕДШ кабинетіндегі мейірбикенің жұмысын ұйымдастыру
- Науқас мұқтаждығын анықтау
4. Орындау түрі (реферат, презентация, есеп құрастыру, тесттер, алгоритмдер құрастыру, сырқатнама жазу, ролдік ойындарға сценарий жазу, пікір жазу т.б.)
реферат
презентация
тақырыпқа байланысты ребустар, кроссвордтар құрастыру
тақырып бойынша өз бетінше ситуациялық есептер және тесттерді құру