Ситуациялық есептер: Есеп №1. 50 –жастағы науқас, диагнозы: Омыртқаның мойын бөлігінің остеохондрозы. Мойын аймағына классикалық массаж тағайындалған. Массаж кабинетінде мейірбике мойын аймағын қарағандабелгісіз себептен пайда болған бөртпені байқады.
Сұрақтар:
1. Массажды бастауға болады ма?
2. Мейірбикенің іс-әрекеті?
Есеп №2. Дәрігер қабылдауында 40 – жастағы науқас, диагнозы: Бел – сегізкөз аймағының остеохондрозы. Қарау кезінде қатты ауырсыну жойылған, омыртқада қимылдың шектелуі мазалайды.
Сұрақтар:
1. Осы кезеңде классикалық қол массажын тағайындауға бола ма?
2. Классикалық қол массажын жүргізгеннен кейін қандай емдік қасиеттер күтіледі?
3. Классикалық қол массажын мөлшерлеу принциптары.
3 – сабақ
3. Тапсырмалар - студент қалыпты жұтынуды білу керек
- жұтынудың бұзылуы және симптомдар
- жұтынуы бұзылған науқастарды күтү бойынша дағдыларды көрсету;
- Студенттің өз бетінше атқаратын жұмыс тақырыбы бойынша әдебиеттерді жинақтау (каталогпен, журналмен, монографиялармен, анықтама кітаппен, оқу әдебиетімен, бұйрықтармен, интернетпен жұмыс жасау);
- Сабақ тақырыбы бойынша конспект жазу, реферат немесе презентация, сонымен қатар көрнекі құралдар жасау;
- Сабақ тақырыбы бойынша тесттік сұрақтарды шешу және ситуациялық сауалдарды шешу;
4. Орындау түрі (реферат, презентация, есеп құрастыру, тесттер, алгоритмдер құрастыру, сырқатнама жазу, ролдік ойындарға сценарий жазу, пікір жазу т.б.)
реферат
презентация
тақырыпқа байланысты ребустар, кроссвордтар құрастыру
тақырып бойынша өз бетінше ситуациялық есептер және тесттерді құрастыру