Курсы: 5 Оқу семестрі: 10



бет1/6
Дата08.10.2023
өлшемі274,5 Kb.
#113403
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
РП-Фарм-логистика-Фарм-каз




ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы

Б044 -40/15-73(697)
11 беттің -беті

«Фармацевтикалық логистика» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы




Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы
«Бекітемін»
ОӘ және ТЖ проректоры
___________Анартаева М.Ұ.
«_____»________20___ ж.


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМА


Пән: «Фармацевтикалық логистика»


Пән коды: Таңдау бойынша компенент


Мамандық: 5В110300 – «Фармация»


Оқу сағатының көлемі /кредиттің/: 90 сағат (2 кредит)


Курсы: 5


Оқу семестрі: 10


Шымкент – 2014
«Фармацевтикалық логистика» пәнінің жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде қаралды.
Хаттама №____ «____» ________ 2013ж.

Каф.мең., фарм.ғ.д., профессор__________________Шертаева К.Д.


Жұмыс бағдарлама химико-фармацевтикалық пәндерінің циклдық және әдістемелік комиссия мәжілісінде қаралды.


Хаттама № ______ «____» _________ 2013 ж.

Төраға,х.ғ.д.,профессор____________________ Патсаев А.К.


Жұмыс бағдарлама ОҚМФА әдістемелік кенес мәжілісінде бекітілді.


Хаттама № ___ «____» _________ 2013 ж.

2. БАҒДАРЛАМА:


2.1 Кіріспе

Фармацевтикалық фирма тұрғындарды және емдеу-сауықтыру мекемесін барлық медициналық мақсаттағы өнімдер ассортиментімен қамтамасыз етуге бейім. Бірақ қазіргі таңда фармацевтикалық фирма қызметі баяулап қиын жағдайға түсуде, олардың көбісінің отандық өнімге байланысты бәсекеге қабілетсіз екендігін байқауға болады, дәрілік препараттардың жеткіліксіздігі, ең маңыздысы фармөнімдерді тұтынатын заңды және физикалық тұлғалардың төмен төлем қабілеттілігі.Мұның барлығы фармацевтикалық фирманың көтерме сауда қызметінің эффективтілігін төмендетеді. Мұндай жағдайдан шығу үшін шаруашылыққа және кәсіпкерлікке қажетті жаңа әдістер, соның ішінде ең маңыздысы логистикалық әдіс болып табылады.


Отандық және шетелдік тәжірибе көрсеткендей логистикалық әдістің өндіріс саласында қолданылуы жоғары эффективті көрсеткішке ие. Логистика жас экономикалық ғылым, қолдану аясы бойынша барлық аймақтарда даму үстінде. Фармацевтикалық қызметте логистика әдісі және қолдану принципі перспективті болып табылады.
Логистика фармацевтикалық өнімдердің нарықтағы тауар қозғалысы үрдісін басқарушы және ұйымның әсер етуші құралы ретінде қызмет атқарады. Көтерме саудамен айналысатын фармацевтикалық фирмалар өздерінің стратегиялық және күнделікті қызметін логистикалық әдіс принципіне сүйене отырып жасауы тиіс. Фармацевтикалық фирмаларда логистикалық әдісті қолдану дәрежесі қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға, сауатты жұмыс жасауға әсер етуі мүмкін.
Демек, фармацевтикалық фирма қызметінің эффективтілігіне қажеттілік логистизация болып табылады, фирма экономикалық басқару легі ретінде қызмет ұсынады, олардың бастапқыдан соңғы нүктеге дейінгі – жеткізушіден тұтынушыға дейінгі қозғалысын бақылайды.

2.2 Пәннің мақсаты: Студенттердің білім жүйесін фармацевтикалық логистиканың концептуальды негізін түсінуге және басқарудың замануи дағдысын және де қазіргі таңдағы басқа да әдістерді үйренуге қалыптастыру.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет