Әдістемелік нүсқау № 2 1.Тақырыбы: Бұлшықет және жүйке талшықтары, синапстың физиологиялық қасиеттері.
2. Мақсаты: түрлі жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері және құрылысын оқып үйрену, бұлшықет жиырылуының ерекшеліктері.
3. Оқыту мақсаты:
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары 1. Нейрондардың морфофункционалды жіктелуі және кұрылысы.
2.Миелинді жүйке талшығының қасиеттері және қурылысы.
3.Жүйке талшықтардың тітіркендіру өту механизімі.
4.Аралас жүйке бойымен қозудың өту ерекшеліктері.
5. Бұлшықет жиырылу түрлері.
6. Бұлшықет жиырылуының механизмі.
7. Бұлшықеттердің жұмысы мен күші.
8. Бұлшықеттердің қажуы.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: зерттеу нәтижелерін талқылау, хаттамаларды дайындау
№ 1. Зертханалық жұмыс.
Динамометрия Бұлшықет күші қаңқа мускулатурасының функционалды жағдайының негізгі көрсеткіші болып табылады. Динамометрия ортопедиялық және неврологиялық клиникада, емдік дене шынықтыру бөлімдеоінде, спорттық мекемелерде, ғылыми-зерттеу медициналық және спорттық лабораторияларда қолданылады.
Зерттеудің мақсаты. Адамда бұлшықеттік күштің жиырылуын өлшеуді үйрену.
Зерттеу 1. Динамометрияның қолмен жасалуы. Зерттеудің мақсаты. Қол ұшының йілгіш-бұлшықеттерінің физиологиялық мүмкіндіктерін және функционалды жағдайын осы бұлшықеттердің жиырылу күшін өлшеу арқылы анықтау.
Жабдықталуы: қолмен жасалатын динамометр. Зерттеу адамға жасалады.
Жұмыс мазмұны
Тексеріліп жатқан студент әр қолды кезекпен қол динамометрді алып және оны қысады. Құралдың көрсеткіштері қолдың йілгіштік бұлшықет күшін сипаттайды.
Хаттаманың толтырылуы 1. Тексерілушінің бұлшықеттік күшін салыстырып, оның оң немесе сол қолының күштілік деңгейін анықтау.
2. Тексерушілер тобындағы орташа нәтижемен зерттеу нәтижесін салыстыру және қызмет атқарут жағдайы мен тексерілушінің бұлшықетінің физикалық мүмкіндіктері туралы қорытынды жасау.