1. Студенттің өзіндік жұмысы- тест, бақылау жұмыстары, коллоквиум, реферат, баяндама және есеп түрінде бақыланатын, оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулармен қамтамасыз етілген, өз бетінше оқуға арналған тақырыптардың белгілі тізімі бойынша жасалатын жұмыс.
2. СӨЖ орындау талаптары:студенттің алған тапсырмасы белгіленген уақытта және толық көлемде орындалуы керек. СӨЖ аудиториядан тыс жұмыс ретінде қарастырылады, тексеру жұмыстары семинар, тәжірибелік және ОЖСӨЖ барысында жүзеге асуы мүмкін.
Тапсырманы орындау барысында:
тақырыпты өз бетінше оқу қажет болған жағдайда оқытушымен кеңесуі;
студенттер негізгі және қосымша әдебиеттерді, статистикалық мәліметтерді меңгеруі, оларды жағдайлар мен керекті стратегияларды шешу үшін сараптай алуы керек;
тапсырма жеке немесе топпен дайындалады.
3. СӨЖ тапсыру түрлері:
Реферат
Презентация
Тест сұрағы
Жағдайлық есептер
Студенттердің өзіндік жұмысы электронды түрде қабылданады.
Реферат жазу:студенттердің таңдауы бойынша дайындалады. Топпен орындауға болады, топтың әр мүшесі бір бөлімді дайындайды. Реферат тақырып сұрағының мәнін ашуы тиіс, толық мағлұматты және өзіндік қорытындысы болуы тиіс. Реферат
ұқыптылықпен, өз бетінше 5 әдебиет көздерін қолдана отырып жазылуы тиіс. Реферат
Презентация: өз бетінше дайындайды. Дайындауда 5 кес емес әдебиет көздері пайдаланылады. Слайдтар мазмұнды және орамды болуы керек. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша өзінің терең білімін көрсетуі қажет, сұраққа жауап беруде, талқылау барысында қате жібермеуі тиіс.
Тест сұрағын құрастыру: 20 тест сұрағы болуы керек. Белгіленген күнде тапсырылуы тиіс. Тест негізі мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, анық, дұрыс құрастырылған. Жауап нұсқалары бір текті және адекватты. Жауаптың алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары нақты белгіленген.