Қоректендіру клизма (тік ішек арқылы тамақтандыру). Көрсетілімдері: қоректендіру клизмасы организмге резорбтивті әсер етуіне
негізделген. Оларды көп мөлшерде (12 л-ге дейін), дәрілік заттар (0,9% натрий
хлорид ерітіндісін, 5 % глюкоза, аминқышқыл ерітінділері) қолданылады.
Қоректік клизма салмастан 1 сағат бұрын ішекті толық босату үшін тазарту
клизмасын жасайды. Шағын мөлшердегі қоректік клизманы (200-500 мл)
резеңке грушаның көмегімен жасайды. Құятын сұйықтын температурасы 37-38 °С.
Парентеральді тамақтандыру. Көрсетілімдері: асқорыту жолы бітелу белгілері, ісік, өңеш, асқазан, ішек операцияларынан кейін әлсіреген науқастарды операцияға дайындау. Осыған байланысты келесі препараттарды қолданады. Көмірсулар - 10 % глюкоза ерітінділері, белоктар- аминкышқылдар, ыдыраған белок молекулалары күйінде. гидролизин, белокты гидролизат казеин, фибриносол, аниналон, аминопептид, аминокровин, альвизин, левмин, полиамин және т.б. Алғашқыда 30 мин. 10-20 тамшы / мин., майлы эмульсия күйінде: липофундин, интралипид. Парентеральді тамақтандыру тамыр ішіне енгізіледі. Жібермес бүрын ерітіндіні 37-38 ° С булы моншада жылытамыз. Алғашқы 10-15 минутта 15-20 там/ мин, кейіннен 60 там/ мин дейін жібереміз. 500 мл препаратты 3-5 сағатта жібереміз.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 93 мин (35%)
тәжірибелік дағдыларды машықтану: манипуляция жасауға арналған құралдар мен материалдарды дайындауды, бастың шашты бөлігін өңдеу, аяқты жуу, тырнақтарын қысқарту, пациентті жуындыру, күтім құралдарын өңдеу.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 27 мин (10%)
Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
Тесттер: 1. Порционник құрамына кіретін мәліметтер:
А) әр түрлі диеталық столдардың саны
Б) науқастар саны
В) палаталар аталуы
Г) тамақтану төртібі
2.Қажет диета жөне оның қолдану ұзақтығын .. анықтайды.
А) диеталық медбике
Б) аға медбике
В) дәрігер
Г) палаталық медбике
3. 1 г көмір су организімге .. ккал береді.
А) 0,3 ккал
Б) 4,1 ккал
В) 5,5 ккал
Г) 7,3 ккал
4. 1 г май организімге .. ккал береді.
А) 4,1 юсал
Б) 3,3 ккал
В) 9,3 ккал
Г) 8,8 ккал
5. Көмір су .. қүрамында болады
А) крахмал
Б)ет
В) қант
Г) жұмыртқа
1. Тамақтану тәртібі бұл – .. .
А) кулинарлық емдеу сипаттамасы
Б) тамақ, ішу уақыты және жиілігі
В) тамақтың сапалық құрамы
Г) тамақтың мөлшерлік құрамы
2. Сау адамның тамақтану рационына .. кіреді.
А) 80-100 г белок
Б) 400-500 г көмірсу
В) 200 г май
Г) витаминдер, микроэлементтер
3. Порционник талаптарын ас блогына жеткізеді:
А) палаталық медбике
Б) аға медбике
В) бөлімше меңгерушісі
Г) диеталык медбике
4. Науқастардың тамақтану рационында белок, май, көмірсу ара қатынастары .. болуы керек.
А) белок ара қатынасы жоғары
Б) белок, май, көмір су ара қатынасы ауру түрімен байланысты
В) 1:1:4 белок, май, көмірсуға сәйкес
Г) май ара қатынасы жоғары
5. Тамақты .. үлестіреді.
А) кіші мед. қызметкері
Б) буфетші
В) палаталық медбике
Г) диеталық дөрігер