Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.
3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013
Қосымша (Қ)
1.Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
Ұйымдастыру кезеңі: 15 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 42 мин (15%)
Дене кызуын өлшеу және тіркеу техникасы
Термометрлерді - сақтау және дезинфекциялау
Қалыпты дене темлературасы
Қызба туралы түсінік
Қызбаның негізгі типтері
Жоспар:
Артериалды тамыр соғу.
Білек артериясынан тамыр соғуын анықтау
Ұйқы артериясынан тамыр соғуын анықтау
Сан артериясынан тамыр соғуын анықтау
Тізе асты артериясында тамыр соғуын анықтау
Тамыр соғудың қасиеттері
Артериальды тамыр соғу. Бұл артериалды жүйеге қанның айдалуы нәтижесінде артерия қабырғаларының ырғақты қозғалуы.
Тамыр соғу сипаттамасы:
Жүректің қанды айдау жылдамдығы мен көлеміне.
Артерия қабырғаның күйіне ( эластикалы) тәуелді.
Білек артериясынан тамыр соғуын анықтау үшін іс – әрекеттер алгоритмы:
Білезік буыны тұсынан оң жақ саусақтарыңызбен ұстаңыз.
Бірінші саусақты білектің сыртынан орналастырыңыз.
2-4 саусақтармен ырғақты соғатын сәулелі артерияны сипап сезіп, оны білек сүйегіне басыңыз.
Тамыр соғу тосқындарының сипаттамасын 1 минут ішінде анықтаңыз.
Оң және сол жақ білек артерияларында пульсті бір уақытта, оларды салыстыра отырып анықтау керек. Қалыпты жағдайда олар біркелкі болуға тиіс.
Пульсті анықтағанда алынған көрсеткіштерді ауру тарихына немесе амбулаториялық картаға жазады. Температуралық парақта күн сайын қызыл қарындашпен «П» (пульс) деп белгілейді. Пульс бағанасында минутына 60-72 рет жиілікпен соғады.
Диагностика мақсатымен пульсты басқа да қан тамырларынан анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |