Курсы, тобы: 2 курс, 202 Психолог-әдіскер: Бекжанова Сания Жаркынбековна



бет1/2
Дата01.04.2023
өлшемі27,62 Kb.
#78221
  1   2
Байланысты:
7 апта


ОҚУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
1.Студенттің аты-жөні: Тағаберген Жанна Қайратқызы
2. Институт, мамандығы, курсы: Филология және көптілді білім беру институты, Шетел тілі: Екі шетел тілі, 2 курс
3. Әдіскер психологтың аты-жөні: Бекжанова СанияЖаркынбековна
4. Мектеп, сынып (практика өтетін жері)____________________________
5. Практиканың өтілу мерзімдері: 23.01.23ж- 06.05.23ж
6. Кезең бойынша барлық тапсырма түрлерінің орындалумерзімі:
1) Оқу практикасының жеке жұмыс жоспарын жасау_________________
2) Күнделік жүргізу және толтыру________________________________
3) Оқушы тұлғасын зерттеу (бақылау, психодиагностика, әңгімелесу),
бір оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме жазу _________
4) Оқу практикасы бойынша есеп жазу және тапсыру________________________________________________________
Студент-практиканттың аты-жөні: Тағаберген Жанна Қайратқызы
Оқу орнының атауы: Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Институты: Филология және көптілді білім беру институты
Мамандығы: Шетел тілі: Екі шетел тілі
Курсы, тобы: 2 курс, 202

Психолог-әдіскер: Бекжанова Сания Жаркынбековна



7- апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 06.03. – 11.03.2023ж.
1.Қиялды диагностикалауға арналған әдістемелер.
Қиял дегеніміз - тек адамға тән, меншікті психикалық процесс. Жануарлар дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял – адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Ол басқа да психикалық процестердің түрлері сияқты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әрқилы психикалық әрекеттерінде бір ғана процестің дараланып жеке кездесуі мүмкін емес. Осындай процестер бір бағытпен, арнамен өзара ұштасып, араласып жатады. Солардың ішінен адам әрекетінде бір-екеуі жетекшілік қызмет атқарады. Сонымен, қиял дегеніміз – бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың образдарын жаңартып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, тек адамға ғана тән психикалық процесс.
Психологиялық энциклопедиялық сөздікте қиялға екі түрлі анықтама берген, біріншісі: қиял – психикалық үрдіс: а) мәселелі жағдай белгісіз болғанда мінез – құлық бағдарламасын жасайды; ә) іс – әрекетті бағдарламайды, бірақ оның орнын ауыстыратын бейнелерді жасайды; б) объекттің суреттелуіне сәйкес бейнелерді жасайды. Қиялдың маңызды мәні – іс – әрекет басталғанға дейін нәтижесін көруге мүмкіндік беріп, адамды сол арқылы іс – әрекет үрдісіне бағдарлайды. Екінші анықтамасы: қиял – психологияда сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективті бейнелерін қайтадан өңдеп бейнелеуде көрінетін тек адамға ғана тән психикалық үрдіс. Адамның миында қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі өзгерістерге түседі де, жаңа заттар мен құбылыстардың бейнесі туып отырады. Әрбір адамның қиял ерекшеліктері сол адамның құмартып қызығуына, жекелік ерекшелітеріне, алдына қойған мақсатына байланысты .
Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып, еш уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мәселен, өткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалды оқып отырғанда, не өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда, не кітап оқығанда (мәселен, алыстағы Африка, Австралия, Индия т. б.) бізде түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бұл қиял процесінің жемісі болып саналады. Л.С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады.. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі».



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет