Реферат
Тақырыбы: «Педагогиканы оқыту әдістемесі пәні мен міндеттері»
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Педагогиканы оқыту әдістемесі мен негізгі міндеттері
2. Педагогиканы оқыту әдістемесі пәнін оқытудың мақсаты
Қорытынды
Пайдаланған әдебиетер
К.Д.Ушинскийдiң мынадай сөзiмен бастасақ: «Педагогика үшiн, ол өз мақсатына жету үшiн адам денесi және жаны, табиғаты зерттелетiн және де қиялда емес, ақиқат құбылыста зерттелетiн барлық ғылымдардан сүзiп алынған қажеттi бiлiм, құралдар саналады».
Педагогика – адамды педагогикалық процесте өмір бойы дамытудың құралы және факторы ретінде қарастырыады. Оның мәнін, заңдылықтарын, ағымдарын, даму бағыттарын зерттейтін ғылым саласы болып табылады
Педагогиканың ғылым ретіндегі зерттеу пәні – адам, яғни жеке тұлға, оның дамуы, қалыптасуы, әлеуметтенуі, білім алуы, тәрбиесі. Сондықтан ғылыми тұрғыда адамды, яғни жеке тұлғаны зерттеуде, оның дамуын дұрыс болжауда тұлға дамуының құрылымы мен заңдылықтарын, оның құрылымының жеке бөлімдерінің өмір сүру ерекшелігіне, іс-әрекет түрлеріне, әлеуметтік ортадағы алатын орны және т.б. ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеп меңгеруге мүмкіндік береді. Тұлға – бұл сезімнің, әсердің, ішкі күйініш, сүйініштің бойға жинақталған және жан-жақты психикалық құрылым. Ол шындықтағы адамның әлеуметтік негізін сәулелендіруші. Танымның, ерік жігердің жаңа субъектісі, өмірдің белсеңді қайта құрушысы деп айта алмыз. Адамды, яғни жеке тұлғаны зерттеуде ғылыми танымның, білімнің, ғылыми-зерттеу әдістерінің алатын орны ерекше. Теория мен эмпирика, тарих пен логика, индукция мен дедукция, анализ және синтез өзара бірбірімен тығыз байланыста жүре отырып, осы ғылыми теорияның қалыптасуына негіз болады. Осы әдістердің негізінде белгілі бір қорытындыға келуде абстрактілі пайымдаудан нақты логикалық ойлауға, нәтижеге келеміз.
Педагогика – индивидтің өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгеру процесін, яғни біртұтас педагогикалық процесті зерделейді. И.В.Сластениннің анықтауынша педагогиканың пәні арнайы әлеуметтік институттарда (отбасы, білім беру және мәдени-тәрбиелеу мекемелері) мақсатты түрде ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процестегі білім беру ісі болып табылады.
Педагогиканың нысаны – объективті шындықтағы педагогикалық іс-әрекет. Зерттеушілер педагогиканың нысанын индивидтің дамуына жағдай жасайтын объективті құбылыстағы шынайылық ретінде қарастырады.
Педагогиканы оқыту әдістемесі педагогиканың оқу пәні ретінде қалыптасуынан басталады. Педагогиканы оқытудың бастапқы кезеңінен-ақ тәжірибе жинақталады, ол қорытындыланады және жүйеленеді. Соның негізінде жеке ережелер мен принциптер, әдістемелік нұсқаулар жасалады. Сонымен бірге зерттеулер жүргізіліп, оның деңгейі мен сипаты, әдістемелік негіздемесі және құралдары педагогиканың даму деңгейімен анықталады.
Педагогиканы оқыту әдістемесі – бұл теория мен практиканың жиынтығы ретінде педагогиканы оқыту процесін, оқытудың мазмұнын, формасы мен әдістерін педагог пен білім алушы әрекетінің бірлігі ретінде қарастырады. Педагогиканы оқыту әдістемесі оқыту заңдылықтары мен принциптерін, оның формалары мен әдістерін, болашақ педагогтың кәсіби деңгейін қалыптастыру мақсатын айқындайды. Әдістеме екі бөлімнен тұрады:
Жалпы бөлім-педагогиканы оқыту әдіснамалық және жалпы теориялық мәселелері қарастырылады;
Жеке бөлім - педагогиканы оқыту әдістемесі беріледі.
Оқыту жүйесiнiң қандай түрi болмасын, олар белгiлi бiр әдiстемеге негiзделедi. Әдiстеме жан-жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтiлетiн әрбiр тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, студенттердің меңгеруiне жеңiл тиедi. Бiлiм беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты мiндеттемелердiң бiрi оқытудың әдiс-тәсiлдерiн үнемi жетiлдiру. Жаңашыл оқытушылар дәріс, семинар, практикум, конференция, iскер ойын сияқты әдiстердi дәстүрге енгiзiп отыр.
Педагогиканы оқыту әдістемесінің дамуы екі кезеңнен тұрады:
Түсіндірмелі кезеңде әдістеме педагогиканы оқыту процесінің
ерекшеліктерін анықтайды, педагогиканы оқыту процесінің принциптерін, мазмұнын, әдістерін және ұйымдастыруын негіздейді.
Дамушы кезеңде педагогикалық зерттеулер жүргізіледі.
Педагогиканы оқыту әдістемесінің міндеттері:
Педагогикалық ғылымның даму бағыты – дамушы адамның шығармашылығын жетілдіру мен қалыптастырудың ғылыми негіздері мен нақты жолдарын жасау.
Шығармашылық тұлғаны қалыптастырушы – педагог. Оның кәсіби дайындығының негізі – педагогика. Сондықтан курстың мазмұнын белгілеу ӛте маңызды міндет.
Педагогиканы оқыту әдістемесі болашақ педагогқа білімді меңгеруге, олардың кәсіби бағытталуын белгілеуге, құлықтық,эстетикалық және дене тәрбиесінің деңгейін көтеруге жол ашу.
Педагогиканы оқыту әдістемесі мектепте және басқа да оқу орындарында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру дағдысымен болашақ педагогтарды қаруландыру үшін оларды оқыту әдістерін, формаларын таңдайды және жүйелейді.
Жинақталған тәжірибені жүйелеу, әдістемелік нұсқаулар дайындау.
Педагогтың шығармашылығын жетілдіру, ынталандыру.Кез келген оқу пәнінің мазмұны білім берудің мақсатымен белгіленеді, оның нақты көрінісі болып табылады. Қоғам дами отырып, білім берудің жаңа міндеттерін белгілейді, олар барлық оқу пәндерінің мазмұнында көрініс табады. Педагогика қоғамдық ғылым болғандықтан ол қоғамның талаптарын айқындайды.
Педагогиканы оқыту әдістемесі пәнін оқытудың мақсаты студенттерді жалпыбілімдік, интеллектуалдық дамыту, кәсіби бағдарлау, тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Осы мақсаттар пәннің әдістемесінде жүзеге асырылу үшін оқыту приниптерінің әлеуетін пайдалану қажет. Бұл педагогика пәнінің мазмұнымен, педагогтың әрекеті- оқытумен, студенттің әрекеті –оқумен тығыз байланысты болады. Сонымен қатар оқыту принциптері оқытушыны оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты оқытудың формасын, әдістерін, тәсілдерін, құралдарын таңдауға бағдарлайды. Осы жағдайда оқытудың әрбір принципі оқытушының әдістемелік ойлауына қатысты дидактикалық «бағдарлауышқа» айналады.
Жоғары мектеп дидактикасы туралы, соның ішінде жоғары мектепте оқытудың принциптерін білу оқытушының әдістемелік мәдениетінің негізі болып есептеледі. Оқыту әдістемесінде дидактикалық принциптерді жүзеге асыру бір жағынан ғылым болса, екінші жағынан өнер болып табылады. Педагог дидактикалық принциптердің табиғатын ой елегінен өткізген кезде, оның ойлауы ғылымиға тән, ал оқыту процесінде қандайда бір принциптерді практикалық жүзеге асыру барысында өнер саласына тән қызмет атқарады. Теориялық алғышарттарды оқыту практикасына түрлендіру кәсіби өнер. Сондықтан дидактикалық принциптерді пәндік әдістемеде жетістікпен жүзеге асыру педагогтың жалпы педагогикалық мәдениеті ретінде анықталады.
Жоғарғы оқу орнының педагогикалық процесіндегі педагогиканы оқыту әдістемесінің қызметі дегеніміз – педагогикалық процесті, оқытушы мен студенттің іс-әрекетін белгілі бір дәрежеде құратын формаларды, әдістерді, құралдарды таңдау.
Педагогиканы оқыту әдістемесі оқыту жүйесіндегі әдістердің, технологиялардың, ұйымдастыру формалары мен құралдарының өзара байланысын, яғни білім алушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыруды көрсетеді.
Студенттер педагогикалық үрдісте саналы түрде педагогпен бірлескен, мақсатты бағытталған қызметке ұмтылады. Бұл студенттің сыни тұрғыдан талдау мен ойлау дағдыларының дамуын қамтамасыз ететін, нағыз шығармашылық ынтымақтастыққа алып келуі тиіс. Осындай қызмет үрдісінде оқытушылар мен студенттер қарым-қатынасқа қанағаттана отырып, студенттерге бағытталатын және хабарланатын ақпаратты олар қойылған мақсаттарға толықтай сай келгенде белсенді субъектілер ретінде көрінеді.
Қорыта келгенде, Педагогиканы оқыту әдістемесі негізгі тұжырымдамалық идеяларды жүзеге асыруға және білім беру саласындағы қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Педагог өзінің кәсіби қызметінде оны пайдаланады. Әрбір педагогтың көп жылғы практикасында оқытудың өзіндік тәжірибесі жинақталып және студенттермен қарым-қатынасының өзіндік стилі қалыптасады. Қазіргі жоғары мектептегі дараландыру үдерісіне байланысты оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымында студенттердің өз бетімен жұмысының үлесі артуда.
Қарастырылып жатқан құбылыстың жоғары білім берудің ғылыми әдістемелік қамтылуының даму тенденциясын болжау үшін бірнеше салдары орын алады:
Біріншіден, өз бетімен жұмысты ұйымдастыру үшін «нәтижеге бағдарланған білім беру» моделі өзекті болады, себебі студенттердің тиімді аудиториядан тыс іс әрекетін педагогикалық қамту үшін оқытудың мақсаттары бірмәнді және диагностикалық болу қажет.
Екіншіден, сан түрлі білім беру нәтижелерін бара-бар бағалау мәселесі алдыңғы орынға шығады. Егер студенттік аудиториядағы жұмыс барысында оқытушы оқу бағдарламасының «іс-шаралық» сипатын меңгеру барысы туралы кейбір ақпаратты игерсе, онда оның өз бетімен жұмысын бағалау оңай болмайды.
Үшіншіден, оқу материалының мазмұның дараландырумен байланысты мәселелер ерекше өзектілікке ие болады, себебі әрбір студентте түрлі даярлық деңгейі болады, оқу іс әрекетінің стилі,меңгеру темпі және басқа да тұлғалық параметрлер түрліше болып келеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
Ә. Мұханбетжанова Педагогиканы оқыту әдістемесі. Оқулық. – Алматы: ЖШС РПИК «Дәуір», 2011ж.– 368 бет.
Мұханбетжанова Ә.М., Білімді интеграциялау негізінде оқушыларда дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастыру.монография. - Алматы, 2000. – 248б
Педагогика / Дәріс курсы. Абай ат. ҰПУ.- Алматы: «Нұрлы әлем», 2003
.Бабанский Ю. Педагогика. М., 1988.
Ильина Т. Педагогика. М., 1984.
Достарыңызбен бөлісу: |