Курсовая работа ( проекта) Издание /басылым 03/2018 Стр/бет из



бет4/17
Дата03.05.2023
өлшемі148,38 Kb.
#89491
түріКурсовая
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Меруерт курсовая послед

Зерттеу нысаны: Негізгі мектепте қазақ тілі үрдісіндегі оқушылардың шығармашылық жұмысты орындаудағы іс-әрекеті.
Зерттеу пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу жұмысының негізгі идеясы: Қазақ тілі сабақтарында ұйымдастыруға болатын шығармашылық жұмыстарын жүйелі түрде сабаққа енгізіп, әр сабақта әр оқушының әр түрлі шығармашылық қабілеттерін жан-жақты аша білу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
- шығармашылық жұмыс арқылы оқушылардың өз бетімен жеке жұмыс істеу бағыттылығын қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделді;
- шығармашылық жұмыстар арқылы өздік жұмысын қалыптастырудың мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы анықталды;
- шығармашылық жұмыс арқылы оқушылардың қазақ тілі сабағындағы оқу белсенділіктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалды.

  • қазақ тілі сабағында шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру жолдарының әдістемесі жасалып, тәжірибелік-эксперименттен өткізілді.

Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:
қазақ тілі сабағында шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру жолдарының әдістемесін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, құзыреттілігін дамытудың нәтижесі тәжірибелік-эксперименттен өткізілді.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттер мен бағдарламалық-әдістемелік құжаттарға теориялық талдау жасау, теориялық моделдеу, мектеп құжаттарын зерделеу, диагностикалық әдістер (сауалнама, сұхбат, бақылау, тестілеу), педагогикалық іс-тәжірибені талдау, тұжырымдау, жинақтау, педагогикалық эксперимент, математикалық-статистикалық тұрғыда өңдеу.
Зерттеу жұмысының базасы: Қай жерде практикадан өтесің?????????
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, эксперимент жұмысынан, жұмыс барысында пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Оқушылардың танымдық, шығармашылық құзыреттілігін дамытудың теориялық негіздері
Қазіргі әлемде жүріп жатқан жаһандану процесі мектептегі білім жүйесі мен оқушыны оқытып тәрбиелеуге де өз әсерін тигізе бастады. Жаңартылған білім мазмұны, білім саласындағы сан түрлі өзгерістер осының дәлелі десем қателесе қоймаспын. Тіпті шығармашылыққа, ізденіске көп мән берілуінің өзі, 11-сыныптардың бітіру емтиханына эссені енгізу, мәтінмен жұмыс, оқушының байқағыштығы мен өзге де қабілеттерін ашуға мемлекет тарапынан да, ұстаздар қауымы, тіпті ата-аналар тарапынан да ерекше қолдау табуда. Оқушылар сынып партасына отырып, грамматиканы меңгеріп қана қоймай, өз қабілет-қарымдарын шыңдай алады. Бұл өзекжарды мәселелер қазіргі білім беру үрдісіндегі оқушының шығармашылық жұмысын ұйымдастыруға байланысты орнын дәлелдейді.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша үй тапсырмалары да шығармашылыққа бағыттала отырып берілетін болды:
«Шығармашылық сипаттағы үй тапсырмасын орындау мерзімі (мысалы, модель жасау, жоба дайындау, еліктіргіш тарих, өз ертегісі бойынша киносценарий жазу) бір білім алушыға айына кемінде бір апта және бір тапсырмадан артық емес шегінде беру ескеріледі».
Үй тапсырмасы – білім алушылардың тапсырмаларды мұғалімнің бекітіп беруі бойынша өз бетімен орындауы және оқып-үйренетін материалды терең меңгеруге, сондай-ақ оны іс жүзінде қолдануға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және оқу біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Үй тапсырмасын ұйымдастыру кезінде:
1. орта білім беру ұйымының түрі және білім алушылардың контингенті;
2. сабақ кестесіне сәйкес басқа да пән бойынша берілген үй тапсырмасының көлемі;
3. жоғары сыныптарда әр сабақ бойынша берілетін үй тапсырмасынан оқу тоқсанына берілген тапсырмалар жүйесіне өту мүмкіндігі (немесе бөлімді аяқтағаннан кейін);
4. бірнеше оқу мақсаттарын ұйымдастыру негізінде жекелеген пәндер бойынша үй тапсырмасының оқу жобасының нысаны;
5. шығармашылық сипаттағы үй тапсырмасын орындау мерзімі (мысалы, модель жасау, жоба дайындау, еліктіргіш тарих, өз ертегісі бойынша киносценарий жазу) бір білім алушыға айына кемінде бір апта және бір тапсырмадан артық емес шегінде беру ескеріледі;
6. бейнелеу өнері, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, еңбекке баулу, технология, алғашқы әскери дайындық, алғашқы әскери және технологиялық дайындық және дене шынықтырудан үй тапсырмасын басқа пәндермен кіріктіру ұсынылады;
6. білім алушылар сабақта оқыту мақсаттарына жетсе ("біледі", "түсінеді", "қолданады", "талдайды", "бағалайды" және "жинақтайды") үй тапсырмасын орындау қажеттілігі болмайды.

Оқу процесі заманауи педагогикалық технологиялардың енгізілуі мен технологизациялануын ғана емес, сонымен қатар оқытудың дәстүрлі түріне қарағанда, оқушыны дамытуда басымдыққа ие мектептегі білім беру барысында күрделеніп отыратын және материалды қайта қарауды көздейтін оқытудың шиыршық түрінің дамуын да ескере отырып, мектептің оқу бағдарламаларының мазмұны барлық пәндер бойынша қайта қаралуы керек.
Оқу бағдарламаларына «теориядан тәжірибеге» тәсілін, оқу материалының пәнішілік және пәнаралық сабақтастығын қарастыратын әдіс негізге алынуы қажет. Мұндай әдістің енгізілуі жобалау, зерттеу, тәжірибе және зертханалық жұмыстарды жүргізу нәтижесінде жаңа білімнің меңгерілуі мен функционалдық сауаттылық дағдыларының қалыптасуын қарастырады.
Білім беру процесіне оқытудың белсенді әдістерін енгізу функционалдық сауаттылықты өз бетінше дамытуды, білімді белсенді «игеруді», коммуникативтік дағдыларды дамытуды, тәжірибеде білімді шығармашылықпен қолдануды және мәселені шешуде шығармашылық әдісті қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет