Курстық ЖҰмыс білім беруде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар



бет1/11
Дата18.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#83833
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
stud.kz-109918


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Ө.А.БАЙҚОҢЫРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕЗҚАЗҒАН УНИВЕРСИТЕТІ » АҚ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


Физика,информатика және математика кафедрасы


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Білім беруде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша
Тақырып:Робот сұлбасын жасау технологиясы

Орындаған:Қырғызбай А.С


Топ:Инф-17-1
Тексерді:Кульсейтова Л.К

ЖЕЗҚАЗҒАН 2019


Мазмұны


КІРІСПЕ

3

1. Роботты техниканың тарихы 

6

1.1.Роботардың жіктелуі

10

1.2. Әлемдік ең танымал роботты техниканы өндірушілер.

11

2. Роботтардың ең басты бөліктері

18

2.1. Роботтың түрлері

19

2.2. Lego - робот (EV3 ) моделі

26

ҚОРЫТЫНДЫ

30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

32

КІРІСПЕ
Роботты техника - робот және техника, ағылшын тілініен аударғанда robotics–роботика,автоматтандырылған техникалық жүйелерін әзірлейді және өндірістің қарқынды дамуына маңызды техникалық негізі болып табылатын қолданбалы ғылым.


Роботты техника - электроника, механика, қашықтан басқару, информатика, сондай-ақ радио және электротехника сияқты пәндеріне негізделген.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты дәрісінде заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың «Халық пен халықты теңестіретін – білім» деген нақыл сөзін өсиет ете отырып, мемлекетіміздің ұлы мұраты – білімнің кілтін табу екендігін атап көрсетті. Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының бірінде еліміздің алға өрлеуінің, дамыған 30 елдің қатарына қосылуының ең негізгі түп қазығы ғылым мен білімнің әлемдік стандартқа сәйкес дамуы болып табылатынын ұғынамыз.
Сондықтан да әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Барлық дамыған елдер сияқты біздің елімізде де сапалы бірегей білім беру жүйесін құру үшін ауқымды жұмыстар жасалуда.
Мақалада қазіргі заманғы білім беру саласындағы жаңа трендтер қарастырылады – бұл Smart-оқыту, білім берудегі робототехника, сыныптан тыс оқыту, саябақтардағы оқу, әлеуметтік медиа, білім берудегі ойындарға оқыту, жаратылыстану пәндерін оқыту әдістері.
Бүгінгі таңда робототехника – білім беру ісіндегі басты бағыттардың бірі. Азияның кейбір елдерінде робототехника сабағын күн сайын бес миллион оқушы қатысады. Біз үшін де мектептерде робот техникасын үйрету – негізгі міндеттердің бірі. Әлемнің басқа елдерінен қалмауымыз керек. 2016 жылы жергілікті бюджеттің және демеушілік қолдаудың арқасында 400 робототехника сыныбы жабдықталған. Елбасымыз Н.Назарбаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Мемлекет құрудағы бірегей бай тәжірибеміз арқылы, біз жаңа кезеңге енуіміз жайлы айтылған. Шындығанда да біздің басты күшіміз — бірлігімізде. Сондықтан да, қандай қиындықтар кездесседе, біз оларды еңсеретінімізге сенімдімін.Жолдауда «Сандық Қазақстан» жаңа бағдарламасының кезекті қадамын еңсеру Қазақстанның әрбір азаматына жауапкершілікпен жүктеледі. Бұл – маңызды кешенді міндет. Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Елімізде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да салаларды дамыту жолға қойылуда. Осы жылы білім беру жүйесінің жаңа стандартына көшудеміз. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Балаларға автоматтандыру үрдісінмен, яғни робототехникамен қалай жұмыс істейтінін түсіндіру маңызды. Робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, бағдарлама жасап үйренеді және олардың ғылымға қызығушылығын оятып болашақ мамандыққа баулуға жол ашады.
Сондай-ақ,Оксфорд университетінің ғалымдары Карл Бенедикт пен Майкл Осборн жақын жылдары 700 жуық түрлі мамандықтар компьютерлер мен автоматтандырудың ықпалына түсетінін жазады. АҚШ-та алдағы 10-20 жылда (2035 жылға дейін) барлық жұмысшылардың 47%-ның орнын робототехника ауыстыруы мүмкін. Яғни, адамдарды автоматтар ауыстырады. Адамдар өздерінің жұмысын сақтау әрі күшейту үшін кәсіби дағдыларды үнемі күшейтулеріне тура келеді. Демек, адамдардың өздерінің жұмыс орнын жоғалтпау үшін автоматтармен бәсекелесуі тиіс. Адамның жай ғана жұмысқа келіп-кетуі жұмыс берушіге тиімсіз шығынға айналады. Сол үшін адамдар өзін-өзі дамытуға, еңбек құндылықтарын сапалы деңгейге көтеруге мұқтаж болады.
Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі техниканың басым бағыттарына тоқталар болсақ, онда робототехника — электроника базасында автоматтандырылған техникалық жүйелерді әзірлеу үрдісі туралы ғылым, механика және бағдарламалау. Робототехниканың негізінде оқушылар математика, физика, информатика және басқа жаратылыстану-ғылыми бейіндер пәндерінде алған білімдері мен дағдыларын интегралдай отырып, роботты техниканы, инженерлік дағдыларды қалыптастыруға және технологияларды оқып үйренуге мүмкіндігі жоғары. Сол сияқты технология заңдар технологиясы, білім құбылыс түсіну, оқушыға уақыт талаптарын қанағаттандыру және қазіргі өмірдегі өз орнын табуға мүмкіндік береді.
Роботтармен айналысуды көбінесе техникалық мамандар бастайды. Зертханалар өндіретін роботтар тұрмыстық мақсаттарға тез шығарылады. Әлемде мыңға жуық кәсіпорын өндіретін ұқсас құрылғылар, көбінесе адамды жұмыс орнында алмастыратын роботтарды ойлап табуда.
Болашаққа жылжып келе жатқан жоғары технологиялар — ғарыш, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздік, қорғаныста және көптеген салаларда пайдаланылады.
Роботты техника құбылыс ретінде технологияның табиғи логикалық жалғасы болып табылады. Кез келген еңбекті автоматтадыру қарқынын адамдар біртіндеп көптеген қызмет салаларында ығыстырып, фильмдер көруге, дайвингке, компьютерлік ойындарға және т.б. істермен айырбастауға қарқынды күш қолданып жаңа мүмкіндіктер берді. Жалпыға ортақ еңбектің өндіріс құралдарын өндіру үшін адамзаттың жұмсағаны емес, соңғы өнім тұтыну біртіндеп 100%-ға ұмтылып, артып келеді. Қазірдің өзінде,көптеген заманауи ең күшті роботтардың жұмыс күші: машиналар, автомобильдер, компьютерлер және тағы сол сияқты машиналар өндірісіне бағытталған.
Сонымен қатар, робот оператормен байланыс жасай алады және одан бұйрықтар ала алады да, дербес әрекет те ете алады.
Зерттеу жұмыстың мақсаты: роботтардың шығу тарихы, олардың адам өміріндегі рөлін танысу, үлгілік роботтар конструкциясы.
Зерттеу объектісінің қазіргі мақсаты мынадай:
• роботтардың даму тарихын зерттеу;
• роботтар түрлері ;
• роботты бірнеше датчиктермен моделін жасау

1. Роботты техниканың тарихы 


Роботтар құру идеясы сараптамалық зерттеу бойынша өте ертерек заманнан бері пайда болған. Бүкіл адамзат тарихындағы роботтарды қандай да бір тетіктер: жұмысты орындау үшін, көңіл көтеру үшін, ақша табу үшін немесе ғылыми- зерттеуге қызығушылықпен құрылған.
Өздеріңізге белгілі, робот - чех сөзі, оны чех жазушы - сатиригі Карл Чапек ағасы Йозфпен бірлесіп «R.U.R»[5] (Rossum’s Universal Robots, 1917 жыл, 1921 жылы жарыққа шықты) пьессасы үшін ойлап тапқан. Бір қызығы, пьесса адам тәріздес машинаның адамдарға қарсы көтерілісі туралы әңгімелейді. Сюжет бойынша, роботтар бірінші міндетте өз түрін қалыптастыруға арналған өндіріспен айналады. Олар жер шарын тез толтырып және барлық жұмысты өзіне алады, нәтижесінде адамзат түгелдей дерлік нашарлайды. Ақырында роботтар көтерілісті бастайды. Карелдің идеясы замандастарының ақыл-парасатын қозғағаны соншалық, бірінші пьессаның қойылымынан кейін Лондонда жазушы бір мезетте атақты болып шыға келеді.
Робототехника туралы танымал мақалаларда кездесетін екінші нәрсе, ол - жалған қызмет көрсеткен темір Гефеста құдайының қызметшісі, орта ғасырлық гоммуникулист ал химиктер, ежелгі европалық Голема мифі және соңғысы " Франштейин немесе Қазіргі заманғы Прометей" Мери Келли.
Үшінші - ортағасырлық механикалық қуыршақтар туралы көптеген тамаша әңгімелер. Бағдарлама ретінде оларға жұдырықты механизмді немесе қатарласып орналасқан барабанды қолданды.Инженер, математик және музыкант Жак де Вокансо құрған флейттегі механикалық ойын үлгісі (1736) - қуыршақ шын мәнінде ойнайды,саусақтарын қимылдатып және флейтке шығып қаптар ауаны кеңінен қолданды. Вокасон сонымен қатар жүре алатын, қанаттарымен қимылдай алатын, дыбыс шығара алатын, су ішетін, дәндерді шоқитын және оларды ішкі диірменімен ұсақтай алатын, қажетті нәрсені ағзаға жіберетін нақты түтіктермен қапталған үйректі жасап шығарды. Үйрек 400 - ден астам қозғалатын бөлімнен тұрды және шебердің қолынан жасалған «тәжі»- деп танылды.



Утка Жака де Вокансон
Барлық осы кереметтерін құру үшін Вокансонға анатомиядан алған білімдері көмектесті. Алайда, көп ұзамай олар оған қызықсыз болып,1743 жылы Вакансон барлығын сатып жіберді. Болашақ Ұлы француз революциенері болып танылған адамның бірде бір жұмысы біздің күнге бейін жеткен жоқ.Тіпті сол күндері жасанды адам қызметшілерін құру өте онай секілді болып көрінді.
Машина мен механизмнің құрылысның үлкен жетістігі динамканың негізгі заңдарының ашылғаны болды. Тіпті 1743 жылы Жан Лерон Д`Аламбер сәтті статстикада қолданатын, күштер тепе динамикасын идеясын қағиданы пайдаланып ұзартуға болады деген тұжырым жасады. системаны статистикалық тепе теңдікке алып келу үшін (мысалы, бөтелкені құлап кетпейтіндей етіп мойынға орналастырған)барлық объектің дұрыс жағдайда орналасуын табуға тиіс. Динамикалық тепе-теңдік 2-3 ұстанымды немесе жылдамдықты ғана емес, бірден барық қалыптың функцияларын бір уақытта дереу табу керек. Ол үшін Д`Аламбер активті күштерге инерция күшін қосты.
Ал 1829 жылы Карл Фридрих Гаусс шектеуші принцип деп атаған.Ортақ және қолдану барысында ыңғайлы механиканың тағы бір принципін ұсынды.
Гаусс ұсынған принцип, басқа да барлық қоғалыс жүйесін нақты қозғалыс жүйесінен ажыратуға және белгілі бір жағдайда ажыратуға мүмкіндік береді. Сөз жүзінде ол былайша баяндалады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет