2.3 Баланың жеке басын қалыптастырудағы бастауыш сынып мұғалімнің рөлі.
Бастауыш сынып оқушылары көбіне ойын болып келген, суреттер арқылы берілген мәліметтерді тез қабылдайды. Ал теледидардан, яғни экраннан көрген мәліметтерді жас бүлдіршіндер одан да жақсы қабылдайды. Бұл жерде бір айта кететіні, экраннан көріп қабылдаған мәліметтерді жас бүлдіршіндер қабылдауға жалықпайды, қайта оларда не бір талпыныс, қызығушылық пайда болады. Сондықтан да оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі аса қажетті, ұлағатты ұстаз бен зейінді оқушының арасындағы қарым – қатынасты, өзара түсіністікті, сыйластықты, тіпті тәртіпті де жетілдіруге, нығайтуға, дамытуға, орнатуға және бастауыш сыныптың оқушыларының сабақты меңгерудегі мәнін жақсартуда интерактивті технологияның орны ерекше болмақ.
Интерактивті оқыту – көпқырлы құбылыс. Білім алушы белгілі бір математикалық есепті шешуде өзінің білетінін есіне түсіреді, білімін басқалардың білгенімен толықтырады, жаңа тәсілдерді меңгереді, өзінің қабілетін анықтайды. Бастауыш сынып оқушыларының арасындағы бірдей белсенділік жағдайында өтетін мұндай білім алу процесі бір мезгілде бірнеше міндетті шеше алады: танымдық, коммуникативтік, дамытушылық, интеллектуалдық, сонымен бірге ең бастысы білімді әлеуметтендіру, демократиялау, гумандандыру. Бұл қазір құзырлылық деп аталып жүрген жаңа басымдылықтар. Екінші жағынан егер біз интерактивті технологияны қолдансақ, мұғалімнің де жұмысы жеңілдейді. Мысалы, дербес компьютер мен интерактивті тақтаның мүмкіндіктері – мұғалімге көмекші, оқыту, әрі көрнекі құрал ретінде сабақта жұмыс нәтижелерін кесте немесе сызба түрінде дисплей экранына, қағазға шығарып беруге мүмкіндік туғызады. Сондықтан да интерактивті технология, яғни оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі қолданылатын интерактивті амалдар жиынтығы ( интерактивті тақта, электронды оқулық және т.б.) оқу процесін жеңілдетіп және сапасы мен жылдамдылығын арттырады.
Қазіргі ақпаратты – технологиялардың мүмкіндіктерін және олардың жоғарыда айтылып өткендей ұтымды жолдарын ескере отырып, интерактивті технологияны оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі тиімді қолдану жолдарын ұсынамын. Олар төменгідей болмақ:
1) Оқытудың интерактивті әдістері жеке, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізудің тиімділігін арттырады. Мысалы интерактивті тақта көмегімен дүниетану пәнінен барлық оқушылардың қатысуымен ұжымдық жұмыс жүргізіп, мысалы, әлемдегі ағаш, жәндіктер, балықтар, аңдар және т.б. түрлерін қарап, сол тақырыпты оқушылармен қызыға талқыласақ, онда ешбір оқушы шетте қалмайды. Себебі аңды немесе тірі жәндікті қызықтамайтын, болмаса жақсы көрмейтін оқушы болмайды. Қайта бұл интерактивті әдіс оқушылардың өзара білім алмасуына, көпті білуге талпынысқа жетелейді.
2) Бұл интерактивті әдісте мұғалімнің рөлі: әр оқушының білімін байқау, қарым – қатынас жасау, оқушылардың білмеген жеріне көмектесу, тәртіпті сақтау болмақ. Интерактивті құралдың, яғни тақтаның рөлі: үлкен масштабта көрнекілік көрсету, оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде ғылыми – таным әдіснамасы өте зор маңызға ие. Оқытудың басты сауалы: “Нені оқыту, қалай оқыту” мәселесі күн сайын күрделеніп келеді. Оның бірден – бір себебі білім ауқымы кеңейіп, технология дамып, ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Олай болса, “Мұғалімге жаңа технологияны ғылыми негізде меңгерту және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу” міндеті жүктеледі. “Нені оқыту керек?” деген сауалға мемлекеттік білім стандарты жауап берсе, “Қалай оқыту керек?” сауалына тек мұғалімнің кәсіптік іздеу даярлығынан, жаңа технологияны пайдалана отырып, өзінің нақты мақсатын қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу керек. Жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші мәселе болса, жасыратыны жоқ, бұрын оқыту ісіне біржақты қарап, оқытуды тек сабақты жақсы беру деп санап келдік. Соның салдарынан барлық ауыртпалық мұғалімдерге түсті: сұрайды, түсіндіреді, қосымшамен толықтырады. Бұрынғы дәстүрлі оқыту жүйесінің тозығын да, озығын да қайта қарап, оқытудың жаңа технологиясы енгізілді.
Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда мынадай шарттар орын алулары тиіс: мақсатты нақты белгілеу; мұғалім оқушылардың топпен жасалатын жұмыстарының мәнін, ережесін түсініп, топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық сенімді болу керек. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес.
Мұғалім интерактивті әдістерді қолдануда мына ережелерді есте ұстағаны жөн: жұмысқа оқыту әдістерін түгел қатыстыру. Өйткені бұл әдістің негізгі мәні де оқушыларды танымға жұмылдырады, оқушыларды осы әдіспен жұмыс жасауын психологиялық жағынан дайындайды. Қатысушылар өзін еркін сезіну үшін түрлі жаттығулар жасатып, сабақтағы қандай да болсын жетістіктерін жиі мадақтап отыру дұрыс, оқушылардың саны көп болмағаны жөн. Өйткені әрбір қатысушыға өз пікірін, көзқарасын білдіруге, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалу қажет, жұмыс жасайтын орнының талапқа сай болуы керек. Қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда.
Бір технологияның өзі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Белгілі психолог Выгодский: “Дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесі ғана баланың жеке басының дамуын ілестіре алады”, - дейді. Ұстаздық шығармашылығымды жетілдірген бағдарламамен жұмыс істеуден бастадым.
Осы жұмыстарды ұйымдастыру барысында мұғалім үшін ең бастысы сабаққа лайықты әдіс – тәсілдерді дұрыс таңдау.
Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты – талап ету педагогикасынан қарым – қатынас педагогикасына көшу.
Балаға ізгілік тұрғысынан қарау , оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі.
Ынтымақтастық педагогикасының ерекшеліктері мынадай:
- мұғалім – оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы – оқушы, оқушы да – субъект, мұғалім де – субъект.
- оқушының жеке басына ізгілік қарым – қатынас.
- оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым – қатынас.
Бастауыш сыныптың жаңа жүйеге көшуі әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуді, батыл шығармашылықты талап етеді. Қорытындылай келе, бастауыш мектептің оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі интерактивті технологияны тиімді қолдану қазіргі кездегі бастауыш сыныптың іргесін қалау, білімді жан – жақты меңгеруді талап ету.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан – жақты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Өсіп келе жатқан кейінгі ұрпақты мәдениетті, парасатты, білікті, көргенді, көрегенді етіп тәрбиелеу, олардың дүниетанымын жоғары деңгейге көтеру, қоғамды ілгерілету үдерісінде адами ізгілік қасиеттерін дамытуға үлкен мән беру әр мектептің ақиқаты.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамытады, яғни сөйлеуін, оқуын, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарасын қалыптастырады. Бастауышта білім берудің қазіргі жаңа құрылымы мен оқытудың жаңа мазмұны бастауыш мұғалімдері үшін жаңаша іскерлік пен жаңа технология бойынша жұмыс істеуге үйретеді. Бастауыш мектепте оқушының пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыруда мұғалімнің атқаратын рөлі зор.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, менің де осынау қастерлі мамандықтың иесі атану менің арманым,алға қойған мақсатым. .
Қиындығы мен қызығы, ауыртпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін осы еңбектің жолындағы педагогикалық ұстанымым - үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр тәрбиленушімнің бойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талантты тауып, бұлақтың көзін ашу, биікке жетелеу, сондай ізденістер арқылы биік мақсаттарды орындау.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту еңбекке деген рухани адамгершіліктің қалыптасуына серпін беріп, негіз болады. Бірақ бұл қажеттілік балаға күш салмай іске асуы мүмкін емес, сондықтан оны еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, дербестікке, белсенділікке және өз еңбегімен айналасындағыларға қуаныш сыйлауға талпынуына тәрбиелеу қажет.
Халқымызда «Жас келсе - іске» деген керемет сөз бар. Демек, мен бойымдағы жастық жігерімді, күш-қуатымды, жаңашылдығымды талапты әрі талантты шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек.
Достарыңызбен бөлісу: |