Педагогикалық білім беру-бұл бала тәрбиесінің көкейкесті мәселелерімен ата-аналарды таныстырады және оларды негізгі педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.
Дәрістер-бұл бала тәрбиесінің мәні мен маңызына жан жақты терең талдау жасау. Дәрістегі ең басты көңіл бөлетін мәселе-ол белгіленген жағдайға немесе құбылысқа талдау жасау болып табылады.
Конференция-бұл бала тәрбиесі туралы терең жан-жақты қарастыру және оны бекіту.
Ата-аналарға арналған конференциялар-балабақшаның тәрбиелеу мен білім беру жүйесніде ерекше маңызды орын алады. Ата-аналарға арналған конференцияларда орын алады. Ата-аналарға арналған конференцияларда болашақ қоғамның азаматтарын тәрбиелеуді өзекті мәселелері қозғалып, оны тәжірибеде жүзеге асырудың жолдары нақты қарастырылады. Ата-ананың рөлі, бала тәрбиесіндегі қиындықтар, отбасы тәрбиесінің маңызы, т.б. тақырыптар болуы мүмкін.
Ата-аналар конференцияларына өте мұқият дайындық қажет. Мұнда белгілі ғалымдар, психологтар мен педагогтар, әлеуметтік педагог, дәрігер, т.б. міндетті түрде қатысалы. Мұндай конференцияларға ата-аналар белсенді түрде қатысулар қажет. Олар өз іс-тәжірибелері тұрғысынан мәселеге талдау жасайды. Конференцияның ерешелігі – белгілі бір мәселенің жай-жапсарын шешудің нақты жолдары қарастырылуда.
Практикумдар – ата-аналардың бала тәрбиесі жайында, педагогикалық жағдаяттардан шығуда олрды педагогикалық ойлауларын жаттықтыру.
Ашық сабақтар – ата-аналарды бағдарлама бойынша қол жеткен жетістіктермен таныстыру, тәрбиешінің талаптарына ден қоюға бағыт беру. Мұндай сабақтарға ата-аналардың қатысуға балбақшадағы оқу-тәрбие жұмыстары жайында ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттырады, баламен қарым-қатынас жасадың жолдарын үйренеді.
Жеке тақырыптық кеңестер-бұл ата-аналар мен өзінің баласы жайында, балабақша тыныс-тіршілігі туралы ақпараттармен қамтамасыз етуде, пікір алысуда маңызды. Жеке кеңестердің тәрбиешінің отбасымен тығыз байланыс орнықтыруында маңызы зор. Әсіресе, топты жаңадан жинақтағанда, мерекелік іс-шаралар қарсаңында жиі өткізіледі. Оған тәрбиеші алдын ала дайындалғаны абзал, ол үшін ата-анаға алдымен қандай сұрақтар қою керектігін ойланып, жоспарлап алғаны дұрыс. Жеке кеңестер таныстыру сипатында және ата-ана мен тәрбиешінің арасында тығыз байланыс орнықтыратындай бағытта болуы шарт. Тәрбиеші ата-аналарды өзінің кәсіби жұмысындағы төмендегідей маңызды мәліметтермен таныстыру мүмкін:
Үйге бару – мұнда тәрбиешінің ата-аналармен жеке жұмысы және баланың отбасындағы жағдаймен танысу.
Ата –аналар жиналысы- тәрбиелеу мен білім беру жұмыстарына талдау жасау және тәжірибені педагогика ғылыми негізінде ой елегінен өткізу.
Жалпы ата-аналар жиналыс-жылына екі рет өткізіледі. Жалпы жиналыстың тақырыбы негізінен жаңа оқу жылының барысы мен қортынды есебі сипатында болады. Онда балабақша меңгерушісі, әдіскер, тәрбиешілер, дәрігер және ата-аналар комитеті төрағасы сөз сөйлейді, есебі тыңдалады. Еңбек нәтижелері мен жетістіктері, кемшіліктері айтылып, оны жоюдың жолдары қарастырылады.
Ата-аналар оқулары – бұл бала тәрбиесі жайында ата-аналармен өткізілетін өте қызықты жұмыс түрінің бірі. Мұнда олар тек қана педагог, психологтарды тыңдап қана қоймайды, өздері алуан түрлі әдебиеттермен танысып, оқып-үйреніп, оны талдауға қатысады. Оны ұйымдастырудың жолдары: біріншіден, оқу жылының басында, алғашқы ата-аналар жиналысында оларды толғандыратын педагогикалық-психологиялық проблемаларды анықтап алады. Ол туралы тәрбиеші арнайы ақпараттар жинайды және оған талдау жасайды. Әдіскердің көмегімен әдебиеттер таңдап, оны ата-аналарға оқу ұсынылады. Олар пайдаланған әдебиеттері бойынша алға қойған мәселелердің шешу жолдарын айтып баяндайды, пікір бөліседі. Ата-аналар кештері-мұндай кештер ата-аналар ұжымын біріктіруге, береке-бірлікке шақырады. Ол жылына бір-екі рет өткізілуі мүмкін, мұнда балалар қатыспайды. Ата-аналар кештерінің маңызы – ең бастысы, пікірлеседі, балаларының өмірлік маңызды мәселелерін талқылайды. Ата-аналар ең негізгі мәселе ретінде бір-бірін тыңдауға, өз тыңдай білуге ішкі жан-дүниесімен бөлісе білуге үйренеді.