Массив дегеніміз – біртипті элементтердің реттелген жиынтығы.
Ерекшелігі :
Барлық элементтері бір типті болады
Массив бір атауға ие
барлық элементтер жад жанында орналасқан
Массивті жариялау
Не үшін жариялаймыз?
Массив атауын анықтаймыз
Массив типін анықтаймыз
Массив элементтерінің санын анықтаймыз
Жадыдан орын бөлеміз
Жиым деп бір атпен аталатын, саны алдын-ала анықталған бір типті элементтер жиынын атайды. Жиымның C++ тілінде сипатталу форматы:
элементтер_ типі жиым_ аты [элементтер_ саны]
Мысалы: int a[10];
float X[20], Y[20];
long int Z[3][4];
Паскаль тілінен айырмашылығы C++ - те индекске кез келген аралық енгізуге болмайды. Жиым элементтерінің ең төменгі индексі 0- ге тең, сондықтан, сипаттауда көрсетілген жиым өлшемі индекстің ең үлкен мәнінен 1- ге артық.
Мысалы: int a[10] түрінде сипатталған жиым элементтері төмендегідей:
a[0], a[1], a[2],… a[9];
Жиым элементтері сипаттаған кезде енгізілсе, онда оның өлшемін көрсетпеуге болады.
Мысалы: int Х[]={3, 8, 9, 1,-5};
яғни, X[0]=3, X[1]=8,...X[4]=-5
Жиымның бір және екі өлшемді түрлері бағдарламалауда жиі қолданылады.
Бір өлшемді жиымды түрлендіруді қарастырайық.
Бір өлшемді int a[10] жиымын жадыға енгізу былайша жүзеге асады:
for (i=0; i<10; i++)
{cout<<”a[“<>a[i];} // немесе cin>> a[i];
Берілген жиым элементтерін экранға шығару түрі:
for (i=0; i<10; i++)
cout<<”\n a[“<
Массив элементтерін енгізу және шығару үшін циклдік операторларды қолданамыз.
Жоғары математикада таблицалық шамаларды вектор және матрица деп анықтайды. Ал программалау курсында таблица түрінде берілген шамаларды массив деп атайды.
Индекс ретінде тұрақтыларды, айнымалыларды сондай-ақ индексті өрнек деп аталатын арифметикалық өрнектерді (мысалы, аk+1,cі-2 ) қолдануға болады. Бір ескере кететін жағдай, айнымалылар мен арифметикалық өрнектің құрамындағы айнымалылар алдын ала айқындалған болуы тиіс.
Индекс элементтің массивтегі орнын анықтайды, ал индекстердің саны массивтің өлшемін анықтайды: бір өлшемді, екі өлшемді т.б. Бір өлшемді массив-сызықты таблица.
Достарыңызбен бөлісу: |