2.2 Түсіндірмелі – иллюстрациялы оқыту
Түсiндiрмелi-иллюстрациялы оқыту дəстүрлi оқыту деп аталатыны тарихта ұзақ уақыт бойы өмiршең болғанына байланысты. Дəстүрлi оқыту жаңадан пайда болған түсiндiру жолдары мен көрнекiлiктердi өзiне кiрiктiрiп отырады. Бұл жүйедегi негiзгi оқыту əдiс-тəсiлдерiне көрнекiлiктердi пайдалана отырып түсiндiру жатады. Оқушылардың негiзгi iс-əрекетi: берiлген бiлiмнiң мазмұнын тыңдау, қабылдау, естерiнде сақтау. Мұндай оқытудың талабы: оқушылар есте сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесiз қайталап айтып беруi.
Түсiндiрмелi-иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы нығайтылған пайдалы жақтары:
- уақытты үнемдейдi;
- мұғалiм мен шəкiрттердiң күш-қайратын жетiлдiредi;
- күрделi бiлiмдердi қабылдауды жеңiлдетедi;
- оқыту процесiн тиiмдi басқаруды қамтамасыз етедi.
Түсiндiрмелi-иллюстрациялы оқытудың кемшiлiктерi:
- оқушылардың дайын бiлiмдi жаттап алуы;
- шəкiрттердiң өз бетiнше ойлауына қажеттi көңiл бөлiнбеуi;
- дара жəне бөлiп оқыту мүмкiндiктерiнiң жетiмсiздiгi.
Достарыңызбен бөлісу: |