Курстық жұмыс Пән: Балалар өмірін қорғау және сақтау Тақырыбы: бала қҰҚЫҒын қамтамасыз ету мамандық : «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»



бет2/7
Дата19.06.2023
өлшемі41,43 Kb.
#102441
1   2   3   4   5   6   7
2. Негізгі бөлім.
2.1.Бала құқықтары туралы конвенцияның маңыздылығы

Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы конвенциясы Нью-Йоркте 20 қараша 1989 жылы қабылданды. Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы конвенциясы - балалардың құқықтарын қорғауға өзіне міндеттеме алған елдерде ратификацияланған маңызды келісім.


Бала құқығы туралы конвенцияда балалардың кім екендігі түсіндіріледі, сондай-ақ олардың барлық құқықтары мен үкіметтің міндеттемелері тізіліп көрсетіледі. Барлық құқықтар өзара байланысты, олардың барлығы да бірдей маңызды және де оларды балалардан бөлек қарастыру мүмкін емес.
1. Бала жайлы анықтама
Өз елінің заңына сай 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып табылады, және ол осы Конвенцияда бекітілген құқықтарға ие.
2. Кемсітушілікті болдырмау
Әрбір бала нәсіліне, терінің түсіне, жынысына, тіліне, дініне, әл-ауқаты мен әлеуметтік шығу тегіне қарамастан, осы Конвенцияда көрсетілген барлық құқықтарға ие. Ешкімді кемсітуге болмайды.
3. Баланың мүдделерін қорғау
Шешімдерді қабылдау барысында үкімет балалардың мүдделерін барынша қамтамасыз етіп, оларға ерекше қорғау мен күтімді көрсетуі тиіс.
4. Құқықтарды іске асыру
Үкіметтер елдегі әрбір баланың Конвенцияда бекітілген құқықтарды пайдалана алуы үшін барлық жағдайды жасаулары қажет.
5. Жанұяда баланы өсіру мен баланың қабілеттерін дамыту
Үкімет баланың даму ерекшеліктерін ескере отырып, ата-аналардың баланы тәрбиелеудегі құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін құрметтеуі тиіс.
6. Өмір сүру, аман болу және даму құқығы
Әрбір баланың өмір сүруге құқығы бар, және үкімет баланың психикалық, эмоциялық, ақыл-ой, әлеуметтік және мәдени деңгейін қолдай отырып, оның аман-есен, сау болып дамуын қамтамасыз етуге міндетті.
7. Аты-жөні мен азаматтығы
Әрбір бала туылғанда аты-жөні мен азаматтығын алуға құқылы, сондай-ақ өз ата-аналарын білуге және олардың қамқорлығына сүйенуге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет